7 — сынып. Орта ?асырларда?ы ?аза?стан тарихы: Алтын Орда (ХІІІ — ХІ?)


7 - сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихыБҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Ескалиева З.М
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ - ХІҮ)Сабақтың мақсаты:*Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;*Алтын Орда мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен салыстыра отырып, оңушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, ізденіске баулау.*Оқушыларды өз Отанының тарихына құрметпен қарауға және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақӘдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, өз бетімен жұмыс, ауызша тест, сызба құру, оқулықпен жұмыс, т. б.Көрнекілігі: суреттер, карта, "Алтын Орда" энциклопедиясының иллюстрациялары мен карталары, Батый ханның суретіСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеуОқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Тест сұрақтары:1. XII ғасырдың соңында монғол далаларында билік құрған кімдер?А) қыпшақ ханыә) хорезмахб) қытай боғдыханыв) Темүжін2. Монғол - татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстан да билік кімнің қолында болды?а) хорезшахә) қыпшақ ханыб) қытай боғдыханыв) Арслан хан3. Шыңғысханның билік құрған жылдарын табыңдар?а) 1200 - 1227 жж.ә) 1213 - 1237 жж.б) 1155 - 1206жж.в) 1206 - 1227ж. ж.4. Шыңғысхан әскери Жетісуға қашан барып кірді?а) 1206ж.ә) 1208ж.б) 1219ж.в) 1213 ж.3. 1219 жылы Монғол әскерлері қайда аттанды?а) Қытайғаә) сібіргеб) Дешті қыпшаққав) Мауараннахға6. Жетісуды монғолдар қалай бағындырды?а) бейбіт жолменә) зорлық әдісіменб) дұрыс жауап жоқв) барлық жауабы дұрыс7. Монғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?а) зорлық әдісіменә) өз еркімен қосылдыб) дұрыс жауап жоқв) барлық жауабы дұрыс8. Отырар апаты қашан болды?а) 1219 - 1220жж.ә) 1218ж.б) 1216 - 1217жж.в) 1219ж.9. Монғолдардың орталық азияны жаулап алуы қай жылы аяқталды?а) 1224 ж.ә) 1216ж.б) 1219ж.в) 1237ж.10. Қай ұлысқа Қазақстанның аймақтары кірген жоқ?а) Үгедей ұлысыә) Шағадай ұлысыб) Төле ұлысыв) Жошы ұлысыІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:1. Алтын Орданың құрылуы..2. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы,3. Алтын Орданың әлсіреуі.Бұл тақырыптағы орасан зор аймақты бағындырған монғолдар құрған мемлекеттің атауы, жер аумағы, билеушілері оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Алдымен «Алтын Орда» атауының шығуын деректерге сүйеніп түсіндіремін.Жазба деректерде:«Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған - Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы" деп аталды.Еуропа саяхатшысы Плано Карпини:«Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.«Шыңғыснама шежіресінде»:Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т. б.Алтын Орда - Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет.І тапсырма: "Алтын Орда" хандары мен оларға байланысты маңызды оқиғаларды теріп жазу:Батый хан «Сайын хан» атанған - - 1227 - 1255 ж. ж. Алтын Орданы билеген.- 1236 - 1242 ж. ж. батысқа жорықБерке хан - 1257 - 1266 ж. ж. саяси, экономикалық жағынан жақсы дамыды. Египет сұлтаны Бейбарыспен достық қатынас.- ислам дінін қабылдайды.- тәуелсіз мемлекет б.- 1266 ж. Кавказға жорықта қаза табады.Меңгу - Темір:- 1266 - 1280 ж. ж. хан тағына отырады.- 1271 ж. Византияға жорық жасайды, онымен бейбітКелісімге келеді- Жерорта теңізі елдерімен сауда байланысын жасайды.- түркі халықтарымен байланыс нығайды.- Ноғай сияқты қолбасшылардың беделі көтерілді.Тоқты хан - 1290 - 1312 ж. ж. елдің саяси беделінің өсуіне зор үлес қосты.- Иран, Кавказ, Египет елдерімен сауда байланысын жақсартты.Өзбек хан - 1312 - 1342 ж. ж. елдің гүлденіп, күшеюі кезі..- қалалық өмірдің дамуына көңіл бөлді.- Сарай - Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейтті.- медресе салдырды, ислам дінінің дамуына үлес қосты.- Ислам - мемлекеттік дін б.ІІ тапсырма: Сызба құру:Қоғамдық құрылымыХанӘскери билік Азаматтық билікТүменбасы, мыңбасы уәзірлерБеклер бек мәліктербасқақтар, даруғаларЖазуы - ұйғыр жазуы,Іс - қағаздар жазушы -«білікшілер» деп аталды.ІІІ тапсырма:Алтын Орданың әлсіреу себептерін тауып, атау:- ХІҮ ғ. ІІ жарт. ішкі алауыздық күшейді;- 1357 - 1380 ж. ж. 20 - дан астам адам хан болды;- Тақ үшін таласта бірін - бірі өлтірген;- Мамай хан Куликово даласында орыс әскерінен жеңіледі- Осыны пайдаланған Жошы ханның ұрпағы Тоқтамыс Алтын Орда билігін өз қолына алады.- 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп, өртеп жібереді.- Мауереннахр мен кавказ жеріне бірнеше шабуыл жасайды.- Әмір Темірдің бірнеше рет жорығы салдарынан қатты әлсіреді..- ХҮ ғ. орт. бірнеше хандыққа ыдырап кетті.- ХҮІ ғ. басында құлады.ІҮ. Сабақтың бекіту: Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді? Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректерден білеміз? «Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді? Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды? Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?Ү. Бағалау:ҮІ. Үйге тапсырма: 22 - параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауа беру. Қосымша әдебиеттерді оқу - «Алтын Орда» Энциклопедиясы.