Cаба?ты? та?ырыбы: «?лы жібек жолы. Саба?ты? ма?саты: Жібек жолыны? пайда болуы, тарихи ма?ызы туралы о?ып білу.


Қазақстан тарихы. 10 сынып. Cабақтың тақырыбы: «Ұлы жібек жолы. Сабақтың мақсаты:  Жібек жолының пайда болуы, тарихи маңызы туралы оқып білу. Міндеттері: 1. Ұлы Жібек жолының сауда, мәдениет, халықаралық қатынастар туралы оқып, мазмұнын ашу. 2. Сын тұрғысынан ойланып, нақты тұжырым жасау, бойындағы қабілеттерін дамыту. 3. Топта ынтымақтастықпен жұмыс істей отырып, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: 1. Топта өз ойларын ашық айтуға үйренеді. 2. Оқушылар арасында еркіндік және сенім атмасферасы қалыптасады.
Әдіс –тәсілдер: « ғұндар, қаңлылар» атауына байланысты топқа бөлу. БҮҮ, Джигсо, Сәйкестендіру, алты қалпақ.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Электронды оқулық, Қазақстан картасы, нақыл сөз, постер, маркер. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: Аралас. І. Ұйымдастыру кезеңі. « ғұндар, қаңлылар» атауына байланысты топқа бөлу. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. І-топ. Ғұндарға байланысты сұрақтар. ІІ-топ. Қаңлыларға байланысты сұрақтар. 3. Кім жүйрік?1. Қыпшақ хандығының өмір сүрген кезеңін ата?2. Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлерін картадан көрсет?3. Қыпшақтардың этникалық құрамы қай ғасырда қалыптаса бастады?4. Қыпшақтардың этникалық құрамы қанша бөліктерден тұрады?5. П. Карпини қыпшақтар туралы не айтты?6. Қыпшақ хандығының ордасы қай қалада орналасқан?7. Қыпшақтарда құлды қалай атаған? ІІІ. Қызығушылығын ояту. « Ұлы Жібек жолына» байланысты слайд көрсету. ІҮ. Жаңа сабақ. Электронды оқулық көрсету. І-топ. Ұлы Жібек жолының маңызы. ІІ-топ. Діндер тоғысуы.
Ұлы Жібек жолының саудаға байланысты жарнама. «Сәйгүлік жылқы, жібектен тігілген киімдер, бұйымдар» жарнамалау. Ү. Бекіту бөлімі. БҮҮ кестесі. Алты қалпақ әдісі. Тестік жұмыс. Үйге: Ұлы Жібек жолының қазіргі кездегі маңызы, өркендеуі. Бағалау. Кері байланыс.