Дайын бутербродтарды? сапасына ?ойылатын талаптар: • бутерброд жеу алдында ?ана дайындалуы тиіс • бутерброд ??рамында?ы азы?тар жаса? болуы тиіс • нан ?зімдеріні? ?алы?ды?ы 0,51 см болуы ?ажет • нан азы?тармен т?гел жабыл?ан болуы ?ажет • бутербродтар


5 «а» сынып
Пәні: технология
Мұғалімі: Койбагарова Айнаш
Бутербродтардың негізгі түрлері:
ашық (азық көрініп тұрады);
жабық (сэндвичтер);
тіске басар басытқы (3х3см мөлшерлі канапе), оның түйірлері көкөністен жасалған.
Кесте. Бутерброд түрлері.
Бутерброд дайындау түрлері
мен әдістері Дайындау ерекшеліктері
Салқын
Ыстық
Ашық (қарапайым)
Ашық (күрделі)
Жабық
Тіске ілерлік канапе немесе тартинкалар Жылусыз өңдеу
Жылумен өңдеу
Бір азық түрімен
Екіден артық азықпен
Салынды екі тілім нан ортасына орналастырылады.
Нан жабық пеште (духовка), тостерде пісіріледі.Уақтап кесіліп, екі жағы кептірілген нан қолданылады.
Салындыны кептірілген нанға салады.
IV. Сарамандық жұмыс. Керекті құралдар: тақтай, пышақ, тәрелкелер,
азық-түліктер. Оқушылар өз қалаулары бойынша бутерброд жасаулары қажет.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз
пышақты, шанышқыны ұсынғанда сабын ілгері қаратып беру керек.
көкөністерді арнайы тақтайшаларда турау қажет.
азықты турағанда пышақты тақтадан тым жоғары көтермеу керек, пышақ жүзінен сол қолдың саусақтары бүгіліп, қашық түруы тиіс.
көкөністерді үккіштен өткізгенде оны қатты ұстау қажет және тым майдалап жіберуге болмайды.
Оқушылар өздері дайындаған бутерброд түрлерін көрсетіп, таныстырады.
V. Сөзжұмбақ шешу.
Жердің астында – қызыл, жер бетінде – жасыл. (Қызылша)
Түймесі жоқ, қабат-қабат тон киген көкөніс. (Қырыққабат)
Қарапайым «бұйрашашты» жасылша. (Аскөк)
Барлық ауру қашатын көкөніс. (Пияз)
95% судан тұратын көкөніс. (Қияр)
Ол көкөністі «екінші нан» деп атайды. (Картоп)
VI. Дайын бутербродтардың сапасына қойылатын талаптар:
бутерброд жеу алдында ғана дайындалуы тиіс;
бутерброд құрамындағы азықтар жасаң болуы тиіс;
нан үзімдерінің қалыңдығы 0,51 см болуы қажет;
нан азықтармен түгел жабылған болуы қажет;
бутербродтардың дәмі, түсі, және иісі қолданылған азықтарға сәйкес болуы тиіс;
бутербродтардың тоңазытқышта сақталу мерзімі 4-80 мөшерінде 3сағаттан аспаған жөн;
көкөністерді турамастан бұрын алғашқы өңдеуден өткізу қажет;
нан, көкөністер турау кезінде әрқайсысына арнайы тақтайшалар пайдаланылады.
VII. Қорытынды.
Міне балалар бүгін біз сендермен әртүрлі бутерброд түрлерінің қалай жасалатынымен танысып, кейбіреулерін жасап көрдік.
Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?
Жаңа материал бойынша сүрақтарға жауап беру.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Басқа да бутерброд түрлерін жасау.