Орта??ы топ?а мемлекеттік тілді о?ыту бойынша та?ырыпты? жоспар


4-5 жастағы балаларды мемлекеттік тілде оқыту боынша ұйымдастырылған оқу жұмысының тақырыптық жоспары.
Тема – тақырып Мақсаты
Цель
Лексикалық минимум
Лексический минимум
Өткізілетін күні
Ойыншықтар - игрушки Ойыншық атауларымен, қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру. «Қ», «Ұ» «І» дыбыстарының айтылуын үйрету. Доп , қуыршақ , қоян , қасқыр ,мысық , бар , жоқ , ойыншықтар , ойна кел, отыр , тұр, ал , әкел. 08.09.2016
Менің сүйікті ойыншығым. Сүйікті ойыншықтары туралы қысқа әңгіме құрау. «Қ», «Ы» «Ұ» дыбыстарының айтылуын пысықтау. Машина, аю, бар,үлкен, кішкентай, әдемі,сүйікті. 22.09.2016
Күз- осень Табиғатты жеке құбылыстарын бақылап, айтып беруге үйрету. Тірек сызбамен жұмыс істеп отырып тілді дамыту: « Ғ», «І», «ү» дыбыстарын айтуға үйрету. Күз – осень, келді – наступила, күн – день, салқын – прохладно, жаңбыр – дождь, жауады – идет, жапырақтар – листья, түседі – падают, ауа райы - погода. 06.10.2016
Күзгі құбылыстары Күзгі құбылыстар туралы шағын әңгіме құрастыруға үйрету. « Ғ», «І», «ү» дыбыстарын айтуға пысықтау. Қазір күз. Күн салқын. Жаңбыр жауады. Жел соғады. Жапырақ түседі.Құстар ұшып кетеді. Көкөніс, жеміс піседі. 20.10.2016
Жемістер Жемістер атауымен таныстыру;олардың көлемін, дәмін, түсін, санын ажырата білуін үйрету. Алма, алмұрт, жүзім, анар, тәтті, қышқыл,үлкен,кішентай, сары,қызыл,көк. 03.11.2016
Көкөкністер Жаңа сөздермен таныстыру. Дәмін, көлемін, түсін ажырата білуге үйрету. Сөз тіркестерін жасауға үйрету. Денсаулықты сақтауға тәрбиелеу. Картоп, пияз, сәбіз, қияр,қызанақ, дәмді, үлкен,кішентай, сары,қызыл,көк, ащы, жина. 17.11.2016
Отбасы Отбасы мүшелерімен атауларымен таныстыру. «Кім?», «Қанша?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Санауды бекіту. Отбасы мүшелерін құрметтеуге тәрбиелеу. Отбасы , әже , ата , әке, шеше, ана, аға , әпке , қарындас, ұл бала , қыз бала, отбасы. 15.12.2016
Менің отбасым Өз отбасы туралы қысқаша әңгіме құрауды үйрету; «Кім?», «Қанша?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Санауды бекіту. Отбасы мүшелерін құрметтеуге тәрбиелеу. Мен, менің, тату, бар, жоқ, адам, іні, сіңлі, қарындас. 29.12.2016
Қыс -зима «Қыс» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру. Қысқа сөйлемдер құрастыруға үйрету. «Қ», «Ы» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін сезімдерін ояту. Қыс –зима, кар – снег, суық – холодно, аяз - мороз, жел – ветер, соғады – дует,жауады – идет, күн – день, аққала – снеговик. 12.01.2017
Қысқы ойындар Қысқы ойындар туралы қысқаша сөйлемдер құрап үйрету. «Ң», «Ғ» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін сезімдерін ояту. 26.01.2017
Адам дене мүшелері –части тела человека.
Тазалық-денсаулық кепілі. Адамның дене мүшелерінің атауларымен таныстыру. Сөзднрді анық айтуға жаттықтыру. «Мынау не?» деген сұраққа жауап беруге үйрету. «Ұ», «Қ» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Адамның дене мүшелерінің атауларын пысықтау; «Мынау не?», «Қандай?», «Неше?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Жеке басының тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Бас, қол, аяқ , мойын, көз , мұрын , құлақ, ауыз шаш , саусақтар .
Дене,бет,жу, сүрт,жу,айна,сабын,сүлгі 09.02.2017
23.02.2017
Киімдер- одежда Киімдердің атауларын білдіретін сөдерді меңгерту. Киімдердің түстерін ажырату мақсатында «Қандай?» деген сұраққа жауап бере білу. «Ө» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру. Киім , көйлек , шалбар , тон , күрте , қолғап , етік, бөрік, жылы , қара , көк , ақ , пима,жейде, ки, шеш. 09.03.2017
Ұлттық киімдер Қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру;
«Қандай?», «Неше?», әдемі қамзол , тақия – қалпақ , шапан, киім, ки, шеш. 06.04.2017
Азық – түліктер Азық – түліктердің, ұлттық тағамдардың, атауларын меңгерту. «Мынау не?» «Қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Нанды құрметтеп, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу. Азық – түліктер , нан, сүт , қант , май , шай, баурсақ , қымыз, же, іш. 20.04.2017
Ыдыстар Ыдыстардың атауларын
меңгерту. «Мынау не?» «Қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. кесе , табақ , тәрелке, ыдыс, таба, қасық,шанышқы, пышақ, дастарқан, жаса, жина. 04.05.2017
Үй жанурлары Үй жануарлардың атауларымен таныстыру, олардың адамға келтіретін пайдасын түсіндіру. Сандарды қайталау. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
«Мынау не?», «Неше?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Үй жануарлары , сиыр, ат, ешкі, түйе , қой , қозы, бұзау , бота , құлын , 1-5 дейін сана. 18.05.2017
Аңдар Аңдар атауларымен таныстыру, олардың адамға келтіретін пайдасын түсіндіру. Сандарды қайталау. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
«Мынау не?», «Неше?» деген сұрақтарға жауап беруді қадағалау. Аю,қонжық, түлкі, кірпі,
тиін, орман.