?ліппеден саба? жоспары. Та?ырыбы: И дыбысы мен ?рпі.


Пәні: Әліппе
Сыныбы: 1 « А » сынып
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.
2. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту.
3. Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік, үйрету, тіл жаттықтыру.
Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, текшелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
-Бүгін қандай күн?
-Біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Тәуелсіз елімізге қанша жыл толады? Еліміздің үлкен мерей тойын бізде жақсы оқуымызбен,үлгілі тәртібімізбен қарсы алайық.
Жаңа сабақ.
Суретпен жұмыс.Сурет арқылы ой-тұжырым жасау .
Суретте не көріп тұрмыз?
Ит, кит, шие.
Иә, осы ит, кит, шие сөздерінде қайсы дыбыс көп қайталанады?
И дыбысы дауысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
И дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Ойын «Кім зейінді?»
Мұғалім өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдап отырады. Өлең аяқталғаннан соң и дыбысы кездескен сөзді балалар кезекпен айтады.
Ұшып кетті инелік,
Бізден қорқып именіп,
Тікұшаққа ұқсайтын,
Инелікке тимелік,
Мен көп оқып үйренем,
Білім сырын игерем.
Бейне құдық қазғандай
Болса да білім инемен.
Инелік, именіп, тимелік, игерем , инемен.
«И» дыбысы мен «й» дыбысының айырмашылығын айту.
Балаларға қол шапалақтату арқылы дыбыстату.
И-не,и-не-лік,ти-ме-лік,и-тел-гі.
Буынға бөлінбейтін «и»дыбысы бар сөздер:ит,кит.
Мазмұнды сурет бойынша жұмыс.
Мәтін құрау.Тақырыбы «Шие»
Болат пен Ислам шие екті.Оны суарды,баптады. Шие жақсы өсті.
Ребус шешу. Шешуі : Инелік.
Сергіту сәті
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін.
Дәптермен жұмыс. Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстарын жүргізу. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.
А) ауада жазу;
Ә) қиғаштап жазу;
Б) әріп биіктіктерін сақтап жазу;
В) үзбей жазу;
Г) әріптер, сөздер арасындағы интервалды сақтап жазу.
Ойын: Сөзді есіне сақта.
Ойын мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту,ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты: жаңа өтілген дыбысқа байланысты сөздерді ретімен айту,сөздерді шатастырмау.Егер шатастырса қолындағы жұлдызшасын ойын бастаушыға береді. Қолындағы жұлдызшасын сақтап көп жинауға тырысу.
и не лік
кәм пит
ки ік
ит
ки ме шек, - сөзерді буынға бөліп, буын түрлерін ажырату.
Исатайдай батыр болам,
Иса атамдай ақын болам.
Игі істе батыл болам,
Игілікке жақын болам.
Осы өлең жолдар арқылы сабақты қорытындылау.