Ойынды та?дау?а ?ойылатын талаптар


Тақырыбы: . Ойынды таңдауға қойылатын талаптар
Сабақтың мақсаты: Студенттерге сабақ талдау әдістері туралы жалпы түсінік бере отырып, өз сабағын талдау жолдарымен таныстыру.
Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.
Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар, сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген көзқарасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын бүлдіршіндердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезінде өтеді. Қазіргі таңда Сорос бағдарламасының технологиясымен жұмыс істеп жатқан кезде, оның аты айтып тұрғандай-ақ, сабақтар ойын орталықтары арқылы өтеді. Мұнда балалар тек ойын орталықтарымен шектеліп қалады деген сөз емес, ертеңгілік жиында, не болмаса сабақ соңында ойын түрлері міндетті түрде қолданылады. Тіпті балалардың қызығушылығына қарай олар сабақтан кейін де сол орталықта ойынын жалғастыра береді. Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойын алаңы ретінде ойнай алады. Өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлтымыздың ой салатын ойлы ойындарының бірі – саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап, байсалдыққа, ойын ережесін сақтау мәдениетіне тәрбиелеумен қатар, келешекте мектепке барар бүлдіршіннің саусақтарының бұлшық еттерін желтілдіруге септігі тиеді. Мектепке осындай дайындықпен келген бала сурет салғанда, жазғанда, қолы талмай, қаламы мен қарындашын еш қиындықсыз қиналмай бағындыра алады. Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы көздің көрегендігі мен мергендігін арттырады, жылдамдыққа, ептілікке баулиды.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Соның ішінде саусақ ойынына тоқталайық, саусақ ойыны – қол саусақтарының көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналауға, би қимылдары мен қимыл-әрекет ойындары арқылы да әсерлі нәзік қол қимылдарын көрсетуге болады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген қабілеті дамып, өмірге талпынысы, ынтасы артады және шығармашылық әрекетінде де жол ашады. Осы ойынды ойнай отырып, ата-аналар, тәрбиеші-педагогтар, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстар мен ағаштарды бейнелей алады. Техниканың төрт құбыласы тең дамыған қазіргі таңда, Интернет желісі желдей есіп тұрған заманда небір бейнені бейнелеуге болады.Мәселен, саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттана шапалақтайды, шат-шадыман болады.
Қазақтың ұлттық бала тәрбиесінде де саусақ ойынының алар орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров кезінде: «Балалықтың қанына ойын азық», - деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын кезінде бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады.Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есінде саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине, баланың есте сақтау қабілетін арттырады.
ХІХ ғасырдың басында, жарық көзі елімізге жаңадан ене бастаған тұста жылаған балаларын жұбату үшін ата-аналары шамның жарығына саусақ арқылы әр түрлі жан-жануарлар бейнесін көрсетіп ойын ойнаған және ертегі құрастырып әңгімелеп берген.Мысалы, «Саусақтар сәлемдесуі» ойынын алайық. Бұл ойында бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезек-кезек түйіседі. «Қонақтар келді» оң қолдың саусақтары және сұқ саусағымен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. «Билеген кісі» екі саусағымен билеген бейнені жасауға болады. Тілі шығып, шүлдірлеп сөйлей бастаған сәбилерден байқалатын бір қасиет – ойын өлеңдерге назары ауып, тыңдауға әуестігі артады. Мысалы, «Бесік жыры», «Тілек-арнау», «Уату өлеңдері» нағыз осы кезеңге арналған ұлттың құндылығы. Бұл өлеңдерде, тақпақтарда ата-ананың ұрпағына деген жақсы тілегі, оның жүйкесін жайбарақаттандырып, көңілін көтеру, түйсігін ояту мақсаты көзделеді.
Қазақ халқының арасында кеңінен тараған «Қуырмаш» өлең-ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіреді.Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – әрине, балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын – баланы әдептілікке баулитын да тәрбиелік құрал.
Сабақты  қорытындылау
Үйге  тапсырам  беру
Ұйымдасқан  түрде  студенттерді   тарату