«Диалогтік о?ыту ар?ылы ?алай о?у керектігін ?йрену» коучинг-сессия жоспары



«Диалогтік оқыту арқылы қалай оқу керектігін үйрену»
коучинг-сессия жоспары
ТақырыбыДиалогтік оқыту арқылы қалай оқу керектігін үйренуМақсатыТәжірибені өзгерту арқылы оқытудағы кедергілерді қалай азайтуға болатынын қарастыру.
КүтілетіннәтижелерОқытуда қандай негізгі кедергілер бар және оларды қалай жеңуге болатындығын, мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуге қандай көмек бере алатындығын білу.
Түйінді идея Сыныпта оқытуда қандай негізгі кедергілер бар?
Сілтеме«Мұғалімге арналған нұсқаулық»
РесурстарФлипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қаламдар, суреттер, желім мен қайшы, интербелсенді тақта,слайдтарКоучингбарысыКоучтің іс-әрекетіҚатысушылардың іс-әрекеті(3 мин) Ұйымдастыру бөліміАмандасу. Танысу. Кіріспе сөз.
Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді "Оқыту мен оқу үдерісіндегі диалогтік оқыту әдісінің қолданылуы" тақырыбындағы семинарда көріп отырғаныма қуаныштымын. Қатысушылар өздерін таныстырадыТоптық ереже(5 мин) Ереже дегеніміз не? Ереже — құбылыстардың тұрақты қатынастарын немесе олардың белгілі бір заңдылықтарын көрсететін қағидалар; бір нәрсенің тәртібін анықтайтын жинақтар, белгілі бір қағидалар жиынтығы, нұсқаулар.
Қатысушыларға топтық ереже құрғызуқатысушылар өздері топтық ереже құрайды.
Психологиялық жағымды ахуал орнату (10 мин) 1."Табыс қоржыны" жаттығуы
(5 мин)
Мақсаты: табысқа қол жеткізу уәждемесін қалыптастыру.
Жаттығу барысы. Жүргізушінің сөзі: Әр мақсатқа жету қажет, бірақ жетер жол әрқашан оңай болмайды. Егер сіз мына сиқырлы қоржынға жетсеңіз -тілегіңіз орындалады.
Топ бір-біріне қарама -қарсы екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен-15 см арақашықтықта тұрады.
Топтың мақсаты:
-қол, дене арқылы кедергі тудыру;
-Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалайда өте алатындай болу керек.
Мақсат нақты болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізілетін мөлшерлі мерзім көрсетіледі. Мақсатқа қол жеткізудің критерийлері тұжырымдалған болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу ешкімге зиянын тигізбеуі керек.
Егер өз өміріңізде мақсатты бүгін үйренгендей қойсаңыз, табысқа жетесіз деп ойлаймын.
«мақсат» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)
Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?
Мұғалімдер өздеріңіз сабақ берудегі мақсаттарыңызды айтсаңыздар. Аудиторияда жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.
Сұрақтарға жауап береді.
«Мақсат» сөзіне ассоция құрадыТоптарға бөліну(2 мин) Коучке қатысушыларды пазл арқылы топқа бөлу. Қатысушылар пазл арқылы асық, таудың тасы арқылы екі топқа бөлінеді.
Миға шабуыл
(10 мин)
Жаттығумен жұмыс «Сабақты жаттап айту - зиян» «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша әр топ өз ойларын жеткізеді«Көбелек» сабағыОқытудағы бөгет болатын факторларды айқындап, қалай оқу керектігін үйрену жолдары туралы ой бөлісетін боламыз«Көбелек» сабағы туралы ой бөліседі
Жаттығулар:
(25-30 мин)
Сергіту сәті(5 мин) Оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету үшін тыңдаушыларды топтарға бөліп, әр топқа төмендегі материалдарды бөліп беру
1.Қалай оқу керектігін үйрену 2. Оқушылардың табандылығын дамыту(Білім беру платформасын қараңыз). 3. Оқу бағдарламасындағы драма (Білім беру платформасын қараңыз). 4.Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар (Білім беру платформасын қараңыз). «Тұрақтылық» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз).
Сергіту сәті. «Портрет»
Суреттен қанша сөз табасыз? Қатысушылар жаттығу тапсырмасын орындайдыҚалай оқу керектігін үйрену неге соншалықты маңызды?
Топ жұптасады, қарама-қарсы отырып, бір-бірінің портретін саладыСуретке 1 минут назар аударады, есте қалғандарын жазадыБағалау (1 мин) Топ бір-бірін стикер арқылы бағалайды (6 мин)

«5+5+1» әдісі 5 сөйлем, 5 сөз аласыз, түйінді бір сөз.
Рефлексия «Ойлаудың бес гүлі» стратегиясыТүйінді сөзді оқиды.
Кері байланыс сұрақтарына жауап береді.