Ашы? саба? «Металдарды? адам ?міріндегі ма?ызы» 9-сынып.


Бекітемін: Келісілді:
Мектеп директоры О.і.м
Уалиева А.О. Абилкасымова А.Т

Ашық сабақМеталдардың адам өміріндегі маңызы
Химия пәні
9 - сынып


Махаббат П
2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Металдардың адам өміріндегі маңызы»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға халық арасында ежелден пайдаланып келе жатқан металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
В) Тәрбиелік: Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «білімдарлар» ойыны, ой қозғау, жигсо-1, автор орындығы,
Пәнаралақ байланыс: тарих, биология,
Сабақ көрнекілігі: Слайд, даналық сөздер. Менделеев кестесі, плакат, маркер. магнит
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 1- мин.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Психолгиялық дайындық
Балалар бүгінгі күннің ауа райы қандай ?
Сендердің де көңіл- күйлерің жақсы деп ойлаймын . Бүгінгі қонақтарымызға өз білімімізді көрсетіп, жақсы көңіл- күй сыйлайық.
Үй жұмысы :
«Білімдарлар» ойыны. 10-12 мин.
Оқушылар екі топ бөліп отырғызу. Мен қазір сендерге сұрақтар қоямын . Сөйтіп араларыңнан «білімдарларды» анықтап алайық. Сендерге сұрақ қоямын:
Металдардың маңызды физикаълық қасиеттерін атаңадар?
Сынап, мыс, темір тұрмыста қайда қолданылады.
Электрохимиялық кернеу қатарын ұсынған ғалым
Құймалар дегеніміз не ?
Жауап берген оқушылар «білімдарлар» ортаға шықсын.
Орында отырған оқушылар сұрақтар қояды. Олар жауап береді.
Оқушыларға өздерің сұрақтар дайындап қойыңдар.
Жаңа сабақ : Ой қозғау 5-мин.
Адам баласы қай металды сонау заманда бірінші қолданды?
Мыс
Қалай қолданды. Одан кейін қандай металды білді?
Мыс+қалайыны қосып қола алған. Темір дәуірінде еңбек құралдарын жасаған.
Тас ғасыры
Қола
Темір
Слайд. Кесте көрсету. 2- мин
Адам өмірінде металдар қажеті болады ма?Оны қалай дәлелдей қалай білетіндеріңді байқау үшін тапсырмалар беремін.
Жигсо-1. 15 мин.
Оқушыларды бір екіге санап үй тобынан жұмыс тобына бөлемін. Жұмыс тобында екі топқа мәтін беремін. Олар оқып, топта талқылайсындар.
Үй тобына келеміз. 1-ші сөйлейді, 2-ші сөйлейді.
Плакат берем оған суретпен, сызбамен түсіреді.
Әр топтан бір оқушы шығып сурет бойынша әңгімелейді.
Кім тез? Көп айтады Құрамында металдар бар тағамдар туралы 3 мин. мәлімет.(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т. б). Йод-теңіз капустасы, теңіз балдырлары мен балық өнімдері құрамында кездеседі.
Темір-етте, алмада, апельсинде т.б кездеседі.
Калий, магний-жаңғақтардың құрамында.
Кальций-сүт өнімдерінде: сүзбеде, айранда т.б кездеседіТағамдағы элементтер
Сабақты қорытындылау: 3-мин
1.Автор орындығы (бір оқушы ортаға шығып, автор орындығына отырады)
2. Даналық сөз. 2- мин
«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ. Сәтпаев
«Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәржеге жетуінің және одан әрі дамуының бірден – бір кепілі»
Үйге тапсырма: 2- мин
Проблемалық сұрақ: Ұшақ жасауға неге таза алюминийді қолданбайды. Ойланып келесіңдер
№3,4, 5 3-4 - оқып беру
Бағалау: 3-мин
Үй жұмысында, ой қозғауда, жаңа сабақта, белсене қатысқан оқушыларды бағалау.