Дарынды балалармен ж?мыс ж?ргізу


Дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Мектепте оқу-тәрбие жұмыстарындағы әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы болсын,негізінде оқушылардың сана-сезімі, ақыл-ойын дамытуды мақсат етеді. Олардың дара ерекшеліктерін біліп,санасып отыру-ұстаз парызы. Оқушыларды оқыта отырып,шығармашылық дағдысын қалыптастыру үшін «Тұрыш мектеп-балабақша кешені» КММ-де дарынды балалармен жұмыс жүргізіледі. Дарынды оқушы кез-келген мәтінді,өлеңді мәнерлі оқи білу, түрлі жұмбақ, жаңылтпаштар айтуға үйрету, мәтін немесе өлең,әңгімелер құрастыру,логикалық тапсырма орындауда басқа баладан ерекшеленіп көзге түседі.
Баланың қызығушылығын оятып, оларды дамытып отыру үшін жыл бойы жүргізілетін жұмыстар қолға алынды.Оның нәтижесінде 8- сынып оқушылары: Бисенбиев Мерей,Оспанов Амандық,Қонақбаева Нұртолқын,Көшербаев Маралбек, 9-сынып оқушысы-Балманов Орынбек осы оқу жылында аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алып,онда екінші турға өтіп, аудандық пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы-Қонақбаева Нұртолқын қазақ тілі пәнінен 2-орынды иеленіп қайтты.
Дарынды балаларды тәрбиелеудің бір түрі сыныптан тыс жұмыстар мен ертеңгіліктер, жарыстар,ашық тәрбие сағаттары болып табылады.
Баланың қызығушылығын оятып,оларды дамытып отыру үшін бастауыш сыныптарға арнап оқу жылының жарты жылдық жұмыс жоспары жасақталды.Ақпан айында 2-сынып оқушылары арасында «Мақал- сөздің мәйегі» атты мақал-мәтелдер сайысы өткізілді.Сайыстың мақсаты –мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,сөз маржанын жиып,мемлекеттік тілдің құдіретін сезініп,қадірін білуге үйрету.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін дәл тауып айта білуге ,ұшқырлыққа баулу.
Сонымен қатар «ХХІ ғасырдың жас білімпазы» интеллектуалдық ойынын өткізіп,дарынды балалардың ізденімпаздығын арттырып,шығармашылыққа баулу көзделді.Нәтижесінде оқушылар білуге,үйренуге деген қызығушылықтары артып,ата-ана тарапынын баласына көмек көрсетіліп,мектеппен байланыс нығайды.
Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігін ұғындару мақсатында, шапшаңдыққа,жинақылыққа, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында 4-сыныпта сәуір айында пәндік олимпиада жоспарланды.Сонымен қатар 4-сыныпта «Өлең- сөздің патшасы» сөз сарасы атты Абай оқулары өткізіліп,Абайды тереңірек таныта отырып,сөз маржанын теріп,мағынасын ұғынуға ,жүйелі сөйлеу,ақылды ой айта білуге үйретті.
Бұндай сайыстар жоғары сыныптар жоғары сыныптар үшін баспалдақ болып қана қоймай ,баланың білуге ,үйретуге деген құштарлықтарын арттырады.Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Сондықтан дарынды оқушылармен жұмысты бастауыш сыныптардан бастаған жөн.
Жалпы дарындылықты анықтау ,дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Белгілі педагогикалық –психологиялық әдістерді қолдану арқылы бала табиғатын толық ашатын жұмыстар жүргізу арқылы нәтижеге жетуге болады.
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жүргізілген жұмыстардың бір үлгісі ретінде 2-сыныптағы оқушыларымен өткен төмендегі «Мақал-сөздің мәйегі» атты сайыс түрін көрсетуге болады.
«Мақал-сөздің мәйегі» атты мақал-мәтел сайысын өткізу үшін сыныптардағы алғыр,жақсы оқитын оқушыларға әр тақырып бойынша мақал-мәтелдер жаттату жұмыстары жүргізілді.Бұл негізінен сайыстың ұйымдастыру жұмыстарына жатады.Сайыстың жалпы жоспары жасақталып ,сол бойынша жұмыс рет-ретімен жүргізілді. Сайыстың бірінші кезеңі-«Мақалды жалғастыр».Ол кезеңде мұғалім мен оқушы немесе оқушы мен оқушы бір-бірінің айтқан мақалын жалғастырады.Мысалы: «Еңбек- ер ...» , «Отан үшін ...» т.б.
Екінші кезең-«Кім көп біледі?» деп аталып, ол кезеңде оқушылар берілген тақырып бойынша бірнеше мақалдар айтады, ұпай саны әр оқушының қанша мақал айқанына байланысты бағаланып,өздерінің тапқырлық пен шапшаңдықтарын сынасады.
Үшінші «Кім тапқыр?» кезеңінде оқушыларға мақалдардың тақырыптары бойынша сөзжұмбақ жасырылады. Бұл кезеңінде математикалық ұғымдар арқылы мақалдар беріліп,оны тез шешу тапсырылады.Мысалы төмендегідей мақал алуға болады:
1.Көп түкірсе,көл болады.(Мұндағы жасырылатын саз-көп).
2.Көп сөз -күміс, аз сөз-алтын.(Мұндағы жасырылатын сөз-аз).
3.Көсеу ұзын болса,қол күймес.(Мұнда-ұзын)
4.Қорқақтың қолы-қысқа.(Мұнда-қысқа)
5.Кең болсаң,кем болмайсың.(Мұнда-кем сөзі)
Төртінші кезең - «Кім алғыр?» деп аталады.Ол кезде оқушыларды шапшаңдыққа,қырағылыққа үйрету үшін төменгі мақал-мәтелдерді оқыту жұмыстары жүргізілді.
1.Піл к3 ті,піл к3 ті емес, тіл к3ті.
2.6н балдақ -қол сәні, әшекей кесте-т10 сәні.
3.Әкесіз 7ж-жарты 7м, шешесіз 7м-анық 7м.
4.1-еу білмегенді,1-еу біледі.
Сайыс соңы қорытындыланып,марапатталады.
«Тұрыш мектеп-балабақша кешені» КММ әдіскері - Н.Асықбаева.