Саба?ты? та?ырыбы: ?ажайып сурет ?лемінде, 4 класс


Сабақтың тақырыбы: Қылқалам шеберлеріСабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Олардың дүние танымын, эстетикалық талғамын кеңейту.2. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту.3. Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.Түрі: дәстүрлі емесӘдісі: Жарыс - сайыс сабақ, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.Көрнекілігі: Слайд, құрастырма суреттер, суреттер.музыкалық әуен.Пәнаралық байланыс: Музыка, технологияҚұрал - жабдықтар: Плакат, қарындаш, қайшы, желім, акварель, қылқалам.Сайыстың барысы:I Ұйымдастыру.II Оқушыларды екі топқа бөлу.Армысыздар құрметті ұстаздар!Бүгін бейнелеу өнері пәнінен 3 – сынып оқушыларының «Қылқалам шеберлері» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
Арайланып таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
жарқырайды даламыз,
қайырлы күн бабалар,
қайырлы күн балалар! Балалар бүгіңгі сыныптан тыс шарамыз сайыс түрінде өткелі тұр.
Ол үшін балалар,сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік, тақтада тұрған жүрекердің біреуін таңдасын әр оқушы,жүректің артындағы жасырын топ атын оқып,өз тобына қосылсын,және сол арада топ басшысын сайлау.Сабағымызға белсене қатысқан топ, жұлдызша жинау арқылы жеңімпаз болып есептеледі,яғни нағыз «Қылқалам шеберлері» атанады.Ортамызда үш топ сайысқа түскелі отыр. Ендеше сайысымызды бастаймыз.I топ.«Қылқаламдар» II топ. «Қарындаштар» IIIтоп «Палитра»Өнерпазды жарау аттай баптасын,Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.Өнерімен танылып оқушылар,Ел сенімін еңбекпен ақтасын, - деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.1. Таныстыру. (Топтың аты, ұраны, Пейзаж тақырыбында сурет алдын ала салынған үй тапсырмасын,суреттегі түстерді атау)2. Сұрақ - жауап. ( топтарға бірдей сұрақ қойылады)3. «Кім шапшаң, кім тапқыр?» (Қиылған суреттерді құрастырып, сол шығарманың атауын дұрыс айту)4. Сөздерден түс шығару. (Орны ауысқан әріптерді орналастырып түстерді табу)5. Сөзжұмбақ шешу.6. Бейнелеу. (Оқушыларға А.Құнанбаевтың желсіз түнде жарық ай атты шығармасының әуені қойылады үнтаспадан. Тез арада екі топ естігенін елестетіп шапшаң сурет салып, бояп, суретін түсіндіруі керек)
7 кезең «Досымның портреті» тақтаға көздері байлаулы топ басшылары шығып,сурет салады.Сайыс кезеңдерімен таныс болсақ сайысымызды бастаймыз.1 - кезең. Өнер десе өртеніп жанып тұрар,Сусындап сол өнерден қанып тұрар.Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,Кез келді деп өзін - өзі таныстырар, - дей келе кезекті таныстыруға берейік.Әр топ өздерін таныстырады. Үй тапсырмасына табиғат көрнісін алдын-ала салынған суретті қорғау,ондағы түстерді талдау
2 - кезең. Сұрақ - жауап. топтарға бірдей сұрақ қойылады. Соған дұрыс жауап береміз.1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма? (Пейзаж)3. Суға еритін бояу түрі? (Акварель, гуашь)4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі қара графиттен жасалған жазу, сызу құралы)5. Түстер неше топқа бөлінеді? (2. Ахроматикалық және хроматикалық)6. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата? (Живопись, графика, мүсін, сәулет өнері, сәндік қолданбалы өнер, дизайн)7. Кемпірқосақтың түсі нешеу және оларды ата? (7. Қызыл, қызылсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, сиякөк, алқызыл)8. Адам келбетін бейнелейтін жанрды қалай атаймыз? (Портрет)9. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2. Жылы және суық)10. Жан - жануарларды бейнелейтін көркем шығарма қалай аталады? (Анималистік жанр)3 - кезең. «Кім шапшаң, кім тапқыр?»Кім жылдам табады,Заттардың бейнесінБір - бірімен суреттер табу керек үйлесімБыт-шыт болып шашылған,Құрайды екен кім жылдам? – деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне де келіп жеттік. Олай болса қиылған суреттерді құрастырып, сол шығарманың атауын дұрыс айту керек.Тапсырма:I топқа: Натюрморт «Пейзаж» II топқа «Портрет» 4 - кезең. Сөздерден түс шығару. Лызық, ақра, дөрігілік, ырқоң, ұрсЖауаптары: Қызыл, қара, көгілдір, қоңыр, сұр Лысаж, ырса, лызықарыс, көксия, гінкүлЖауаптары: Жасыл, сары, қызылсары, сиякөк, күлгін5 - кезең. Сөзжұмбақ шешу. «Перспектива»1. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма? (Пейзаж)2. Түстердегі жылы түс? (Сары)3. Белгілі бір адамның көркем бейнесі? (Портрет)4. Көркем шығарманы құру, бейнені жазықтықта орналастыру әдісі? (Композиция)5. Бейнелеу өнерінің бір түрі, түстермен шығарылатын көркем шығарма? (кескіндеме)6. Заттарды бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры? (Натюрморт)7.Бойяуды езуге арналған тақтайша (палитра) ,8 )сабағымыздың аталуы? Бейнелеу,9)Ғимараттар,кесенелер қай өнерге жатады? Сәулет,10)?
6 - кезең. Бейнелеу сайысы (топтық жұмыс)Үнтаспадан екі топқа А.Құнанабаевтың шығармасының бірі «Желсіз түнде жарық ай» әні ойналады. Оларды тыңдап, мағынасына қарап өлең жолдарын суреттеп қағаз бетіне түсіреміз. Топ басшылары ортаға шығып түсіндіреді. суретшілердің жылдамдығына суреттің сапасын қараймынI топқа: А. Құнанбаевтың өлеңі «Желсіз түнде жарық ай» әні ойналады.Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп.Ауылдың, жаны — терең сай,Тасыған өзен күрілдеп.Қалың ағаш жапырағыСыбырласып өзді - өзі.Көрінбей жердің топырағы,Құлпырған жасыл жер жүзі.7-кезең.
« Досымның портреті» бұл жерде топ оқушыларының көздері байланған күйінде бір-бірден тақтада ілініп тұрған қағазға шыққан оқушы бет бөлшектерін салып кете береді,келесісі тағы бір бөлшегін салу арқылы досымның портреттерін бейнелейдіЖас мұраты білім, тәлім талабыӨнер – оқу жастық қару жарағы – демекші бүгінгі өнер туралы «Қылқалам шеберлері» ең көп жұлдызша жинаған топ «Қылқалам шеберлері»атағына иеленді. Жеңімпаз топты құттықтаймыз! Осымен сабағымыз аяқталды,келгендеріңізге көп рахмет.
№48 орта мектеп
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы:«Қылқалам шеберлері»
Дайындаған Рахмет. М.М.

2015-2016 оқу жылы