Орта мерзімді жоспарды? ма?ызы мен ерекшелігі.


«ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ»
Вакпаева Мейрамгуль Васильевна
№ 7 ЖОББББМ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға көп жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді,өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Осы мәселе өз пәндерімізге орта мерзімді жоспарың құрудың маңызы зор. Өскелең ұрпақтың сапалы білімі - еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады және оны әлемдегі бәсекеге қатыса білу қабілеттілігімен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтері бойынша проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге қалыптасқан оқуда және оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану. Білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беру стандартын әзірлеу, әр оқушының жеке дамуын қамтамасыз етеді. Білім беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер қатары анықталған. Құзырлықтың мән-маңызы ашылып ,оған қол жетудің жолдары жан-жақты қарастырылған. Білім мазмұнын өзгертудің тұжырымдамалық негіздері біртіндеп білім,білік және дағдыларын игеруге негізделген оқу-пәндік парадигмадан ,әр оқушының құзіреттіліктер жиынтығын білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Оқушы әр білім беру деңгейін аяқтағаннан кейін енгізілген құзіреттерді құрайтын, көрсетілген әрекеттерінің минималды жиынтығын игергенін көрсетуі тиіс. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтері бойынша проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі.
Бастауыш сыныптарда орта мерзімді жоспар мұғалімдердің, оқушылардың жобалау, зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Жобалау, зерттеу іс-әрекетінде бағалау нысаны арнайы әзірленген талаптар мен көрсеткіштер негізінде құзыреттіліктердің қалыптасу негізі болып табылады.
Жоспар дегеніміз не? Жоспар дегеніміз - оқушылардың, мұғалімдердің іс-әрекеттерінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың өзіндік, тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға ,білім беруден күтілетін нәтижелер.
1.Орта мерзімді жоспарды құрастыру білім берудің қазіргі заманғы талаптарға сай.
* қазіргі заманғы мұғалімнің негізгі функциялары.
* білім алудың мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері.
2. Оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын ұйымдастыру.
* өздігінен және үй жұмысын орындаудағы тиімді ұйымдастыру.
3. Баға беру, өздігінен бағалаудың шарттары және қойылатын міндеттер.
Орта мерзімді жоспардың құруы заман талабына сай ұйымдастыру прициптеріне тоқталсақ, білім беруде қандай өзгерістер болса да оның барлығы педагогикаға келіп тірелетін. Педагогикада барлық заманда да балаға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаның тәрбиесі оның ортада бейімделуіне жағдай туғызу.
Ал қазіргі заманғы мектептің жұмысы жеке тұлғаны жан – жақты дамыту, оның ішкі дүниесін тану ең негізгі білім берудің принципі болып табылады. Яғни осы принциптерді қолдана алатын педагогтар дайындау қажеттілігі туындайды және іске асыру үшін тиімді жолдар іздестіріледі. Осы қажеттілік берілген жұмыстың туындауына әкелді. Бұл жұмыста жеке тұлғаға бағытталған оқытудың принциптері қарастырылады.
Орта мерзімді жоспардың құрудың мақсаты – жеке тұлғаның қасиеттерін ашуға, жан-жақты дамытуға жағдай жасау мақсатқа жетудің құралы болып табылады.
Ұйымдастырудың әр қилы тәсілдерін қолдану арқылы баланың әр түрлі жеке (қасиеттерін) қабілеттерін ашу. Әрбір оқушының қызығушылығын оятатындай етіп жағдай жасау. Өз ойын толық жеткізуге, тапсырманы орындауда қорқыныш сезімі туындамай тапсырманы орындауға жағдай туғызу.
Сабақта оқушы өзін – өзі көрсете алатындай материалдарды қолдану.
Оқушыны бағалау тек оның тапсырманы дұрыс не қате орындауында емес, мақсатқа жету процесіне байланысты.
Оқушы жағдайдан шығуға, өзінің талпынысын, өз әдісін табуға жағдай жасау.
Әрбір сабақта оқушы өздігінен орындауға, қиындықтан өзі шыға білуге үйрету және соған жағдай туғызу.
Кейбір мектептер бұл әдістің кейбір тұстарын ғана қолданады. Ал ондай жұмыс ешқандай нәтиже бермесі анық. Бұл технологияны толық қолдану барысында өсіп келе жатқан ұрпақ басқаның көзқарасымен санасуға, оны сыйлауға, өз көзқарасын толық жеткізуге үйренеді. Әртүрлі тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы адам жан – жақты дамиды, қалыптасады.
Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың негізгі қағидалары оқушыға тең құқылы қарау, өктемдік жүргізбеу. Бұл болып жатқан жағдайдың тең мүшесі ретінде қабылдау.
Қазіргі заманғы мұғалімдердің үш функцияға бөліп білім алуларына болады. Олар:
Оқушылардың өздігінен орындап, өздігінен білім алуларына жағдай туғызу.
Мақсатқа жетудің жолдарын тиімді құрастыру, жұмыс барысында оқушыларды қолдау. Барлық оқушылардың өзін көрсетуіне жағдай жасау.
Оқушылармен бірге нәтижені талқылау.
Білім алу мақсатарының категорияларына тоқталсақ, жеке тұлғаға бағытталған оқытуда білім алудың шарттары түбегейлі өзгереді. Өйткені, ол бәрібір оқушының жеке білім алуына бағытталған.
Білім алудың негізгі мақсаттары:
Білім: оқушы есте сақтайды және нық ережесін айтады.
Жаңа білімді алуды ұйымдастырады « есте сақтарым, айттым, білдім»
Түсіну: Оқушы қысқаша түсіндіреді, ары қарайғы жағдайды болжайды, жазып алады.
Қолдану: Оқушы ұқсас жағдайларда алған білімдерін қолданады. 1 – 2 деңгейдегі тапсырманы өздігінен орындау барысында қолданады.
Қорытынды: Оқушы жеке қасиеттерін бөліп алып салыстыруды, ортақ қасиеттерін табуды үйренеді.
Бағалау: Оқыту процесінің барлық кезеңдерін есепке ала отырып, оқушы оқу процесіндегі, сабақтағы толық білімін бағалайды.
Сабақ үстіндегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру кезінде, психологияда барлық жағдайлардың ұйымдастырылуы оның нәтижесіне бағытталады. Жұмыстың мақсаты ол болашақтағы нәтиженің көрінісі болып саналады. Ол сызбалар, талқылау, қорытындылар түрінде болуы мүмкін.
Сабақтың мақсатын мұғалім емес, оқушының қоятынын айта кету қажет. Бұл мұғалімнің шебер ұйымдастыруы, тікелей мұғалімнің іскерлігіне байланысты. Әрбір оқушы нәтижеге жету жолдарын және мақсат қоя білулері қажет.
Үй жұмысын өздігінен орындауға арналған нұсқауларға баса назар аударған жөн. Өздігінен жұмысты орындай білуді ұйымдастыру өте қиын. Ол баланы өз бетінше орындап, қиындықтан шыға білуге тәрбиелеу. Оқушылардың өз еркімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда 2 шартты ескеру керек.
Оқушыда өзіндік жұмыс істеу қабілетін дамыту, қалыптастыру. Өздігінен білім алуға үйрету.
Өздігінен шешім қабылдауға үйрету.
Әр сабкаққа құрылған орта мерзімді жоспар сабақтарда өздігінен жұмыс істеу көп уақытты қамтиды. Ол білім алудың негізгі әдісі болып саналады. Бұл жұмыстарды оқушылар өздігінен орындайды, бірақ мұғалім бағыттайды. Бұл жұмысты орындау ойлануды қажет етеді. Мұндай жақсы ұйымдастырылған тапсырмалар жүйелі орындалғанда ғана нәтижеге жетеді. Өздігінен орындау – бір нәтижеге бағытталған әртүрілі жүйелі тапсырмалар жиынтығы.
Барлық жүйе талап пен принциптерден құралуы қажет:
негізгі дидактикалық мәселені шеше алатындай, өздігінен білім алуын кеңейту, практикада қолдана білуге икемдену.
дидактиканың негізгі принциптеріне сәйкес келеді. (бірізділік, қол жетімділік, практика мен теорияның байланысты болуы, жоғары деңгейде білім алу)
ол әртүрлі жағдайлардан шыға білуді үйрету үшін, жүйеге кіретін жұмыстар әр түрлі болуы керек.
үй жұмысының сыныпта алған білімнен туындайды.
өздік жұмыстың үш түрі болады, ол жұмыстар бірін – бірі толықтырады. Оқушылардың өздігінен орындау икемділіктері ( шығармашылық деңгейге жету) . Оқушылар мұғалім дайындаған жоспар сызбаға сүйене отырып өздігінен орындайды.
Әрбір тапсырмалардың арасында байланыс бар. Ол бір мақсатқа жетуге бағытталған.
Жұптық тапсырма.
Ол стандартқа сай деңгей. Бұл деңгейде өздігінен білім алады. Ол көп қайталауды, негізгіні бөліп алуды, маңызына тоқталуды қажет етеді. Сондықтан қалай жаттау, нені оқу керектігі жайлы нұсқаулық беріледі. Мұндай тапсырманы әрбір оқушы күрделірек тапсырманы орындаудың алдында орындайды. Бірінші деңгей тапсырмасында құзыреттілікке бағытталған тапсырманы енгізуге болады.Ынталандыру.Тапсырманы орындай отырып, сен сызбаны оқуға Мынадай тақырыптарды концептуальды таблицамен көрсетуге болады
1тапсырма
1.Топырақтың құрамында шірінді (өсімдік пен жануарлар қалдықтары) бар.
2.Топырақтың құрамында ауа бар.
3.Топырақтың құрамында су бар.
4.Топырақтың құрамында құм, саз бар
Үй жұмысын орындауды ұйымдастыру ерекше дайындықты қажет етеді. Өйткені ол мұғалімнің дайындығынсыз өтеді. Ол барлық жағдайдың жасалуын талап ететіні сондықтан.
Жеке, топта орындалатын орындалатын жұмыстардың жоспары қиындықтарды жеңуге бағытталады. Бұл әдісте оқушының жеке қасиеттері есепке алынуы қажет. Олар: нашар қабылдау, баяу орындау, сөздік қордың дамуы. Үй жұмысы әр баланың деңгейіне сәйкес беріледі. Бірақ та сол тапсырмаларды барлық оқушы орындайды, яғни тапсырмалар деңгейге байланысты құрылады. Көмекші әдістер беріледі. Бірақ көмектің де шегі болуы керек. Мұғалім тек бағыт береді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
Бастауыш мектеп 2010 ж. № 2
Бастауыш мектеп 2011 ж. № 3
Мұғалімдерге нұсқаулық бет 43