Презентация по коучинге Смарт ма?сат


Мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Ең маңыздысы жүзеге аспай қалған немесе мерзімі бойынша қалып отырған мақсаттарға мән беру. Жалпылама;Нақты емес;Шындыққа сәйкес емес;Өте кең ауқымды Оқу мақсаттарын қою тәсілдері 1. Мақсаттарды игерілетін мазмұн арқылы анықтау. Мысалы, параграф мазмұнын оқу, теореманы түсіну деген сияқты дәстүрлі сипаттағы сөздермен берілген мақсаттар. Ғалымдар бұл нақтылығы мен өлшенуі жағынан бұларды анықтау өте қиын деп санайды. Дегенмен, бұл мақсаттар оқыту мазмұнына бағытталғандықтан жиі қолданылады. 2. Мақсаттарды мұғалім іс-әрекеті арқылы анықтау. Мұндай мақсаттар оқушыларға таныстыру, көрсету деп келеді. Бұл мақсаттардың кемшілігі мұғалім өз жұмысына баса назар аударып, оқытудың нақты нәтижелерін назардан тыс қалдырады. Оқу мақсаттарын қою тәсілдері 3. Мақсаттарды оқушылар тұлғасының дамуы арқылы анықтау. Бұл мақсаттар оқушылардың икемділіктерін қалыптастыру, танымдық дербестігін дамыту деп беріліп, жалпы білім беру мақсаттарын бейнелейді. Мұндай мақсаттарға бір емес, бірнеше сабақтарда да қол жеткізу мүмкін емес болады. Оны белгілі бір кезеңде қол жеткізуге тиісті нәтижелерге бөлшектеу арқылы нақтылауға болады. 4. Мақсаттарды оқушылардың оқу іс-әрекеті арқылы анықтау. Бұл мақсаттар орындау, жасау, деген сипатта беріледі. Мұндай мақсаттар сабақты жоспарлау мен өткізуде белгілі бір нақтылық береді. Дегенмен мұғалімге нақты нәтижелерді анықтауда қиындық тудырады. Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейсіз??? Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенесіз бе???Неліктен??? Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн???Неліктен??? Мақсат қою туралы түсінік Мақсат деген не? Оның негізгі қасиеттері, белгілері қандай болады? Ол нақты ма? Өлшеуге келе ме?* * * Адамның бойындағы, салмағындағы өзгерісті қалай және немен анықтауға болады? * * * Оқыту мақсатының оқу мақсатынан айырмасы бола ма? Болса қандай? Мақсат қою туралы қанатты сөздер Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы білуі керек.* * * Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады. * * * Жоспарлаған адам ғана жақсы ұйымдастыра алады* * * Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың керек МАҚСАТКҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ SMART мақсаттары мен міндеттері (ақылды міндеттер) SMART objectives - оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған:- S pecific (арнайы, нақты);- M easurable (өлшеуге болатын);- A ttainable (қолжетімді);- R ealistic (шындыққа сай);- T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген). (Specific) Спецификалық, нақтылы. Яғни не нәрсеге қол жеткізу қажет.(Measurable) Өлшеуге болатын. Яғни мақсатқа жеттік деп айта алатындай болу керек.(Achievable) Қолжетімді. Яғни іс-әрекетке негізделген. Себебі нақтылы қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсініуіміз қажет.(Realistic) Шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай.(Timely) Нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды құралдары болу керек. Мақсат: «қазақ тілінен білімін жақсарту» Мақсаттың талдауы:Нақтылы емесӨлшеу қиынМерзімі көрсетілмеген SMART негізінде қойылған мақсат: «екі апта ішінде фонетикалық талдау жасап үйрену 14 Педагогикалық жүйе туралыОқыту жүйесі бөліктеріМақсат Форма МазмұнӘдісҚұралНәтиже


Таксономия түсінігі Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген. Блум таксономиясыБілім игеруге бағытталған 6 қадамБілу, тануТүсінуҚолдануТалдауЖинақтауБағалау Блум таксономиясы Оқу мақсаттары таксономиясы (Б.Блум бойынша):Білу: оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру; Түсіну: берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу; Пайдалану: материалды жаңа жағдайда пайдалану; Талдау: материалды негізгі бөліктерге жіктей білу; Жинақтау: алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю; Бағалау: оқыған материалдың құндылығын бағалау. 2-кесте. ЕтістіктерМақсаттар Пайдаланылатын етістіктер БілімТүсінуҚолдануТалдауЖинақтауБағалау 2-кесте. ЕтістіктерМақсаттар Пайдаланылатын етістіктер Білімеске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табуТүсінуқайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындауҚолданукөрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысуТалдауажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеуЖинақтаутұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасауБағалаужорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау 3-кесте. СұрақтарОйлау деңгейі Сұрақтар үлгілері Білу және түсінуҚолдануТалдауЖинақтауБағалау 3-кесте. СұрақтарОйлау деңгейі Сұрақтар үлгілері Білу және түсінуНе? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?ҚолдануБұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?ТалдауНеге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?ЖинақтауЕгер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?БағалауБұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті? 4-кесте. ТапсырмаларБілу1-2 ұпайТүсіну3-4 ұпайҚолдану5-6 ұпайТалдау7-8 ұпайТоптау9-10 ұпайБілімді бағалау11-12 ұпай 4-кесте. ТапсырмаларБілуҚай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.1-2 ұпайТүсінуСөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.3-4 ұпайҚолдануБірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.5-6 ұпайТалдауҚұрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.7-8 ұпайТоптауӨз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.9-10 ұпайБілімді бағалауҚосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?11-12 ұпай Мысалы, Оқыту мақсаттары:Оқушылар:___________________________________________________ білуге тиіс._________________________________________________ түсінуге тиіс.___________________________________________ туралы ойлауға тиіс. Оқыту мақсаттары – мұғалімдер оқушыларға үйреткісі келетін мәселелер: Сіз оқушылардың нені білгенін қалайсыз? Олар қандай түйінді идеяларды түсінгенін қалайсыз? Өзіңіз ойлаған қандай сұрақтарды оқушылардың оқығанын қалайсыз? Оқыту нәтижелері Сіздің табысқа жеткен-жетпегеніңізді көрсетеді: олар оқушыларға бағытталуы керек; көп жағдайда дағдыларды сипаттайтын нақ осы шақтағы етістік түрінде келеді; оқушының жетістігі тұрғысынан жазылған. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!