?аза?ша Анама сыйлы? Коммуникация С?йлеуді дамыту


№ 25 технологиялық карта
Күні:6.03.17
Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Анама сыйлық
Мақсаты: а) Әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.
ә) Әңгіме құрастыра білу, сөздерге тиісті қосымшаларды жалғай білу білігін дамыту, балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.
б) Аналарды ренжітпеуге, оларды әрдайым сыйлауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: праздник мереке,ана мама, сыйлық подарки,гүл цветы
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ананың біз гүліміз
Ана-біздің күніміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
Шаттық шеңберді жасайды іс қимылмен
Ұйымдастырушылық – ізденістік Балалар, біз сендермен өткен іс-әрекетті есімізге түсірейікші.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қандай мереке келе жатыр ?Қонжық қонаққа келеді
Қонжықпен әңгімелесу:
Қонжық: Мен орманнан келдім. Көктем мерекесіне анама сыйлық іздеп ем?
- Анам менің балды қатты жақсы көреді.
Педагог: Балалар бал тәтті ме еді әлде ащы ма?
- Ендеше ащы сөзін қайталап.
«Щ»дыбысына жаттығу орындайықшы.
Ащ-ащ-ащ-ащы бұрыш.
Щ-щ-щ-щ - щётка.
Қонжық: Мен енді анама бал сыйлағым келеді. Ал сендер аналарыңа не сыйлар едіңдер?
Ендеше балалар бүгінгі оқу қызметімізде Анама сыйлық тақырыбында әңгімелесеміз.Әр бала анасын есіне түсірип,мейірімді сөздер айтуын ұсынады.Иа балалар осылай біз аналарымызды әрдайым сыйлап жүруіміз керек екен.Енді біз аналарымыз жақсы көретін гул туралы әңгімелейікші
- Иә, балалар гүлдің де түрлері көп. Кім атап бере алады? Гүлдердің суреттерін көрсетеді. Қонжық: Балалар сендер көптеген гүлдердің атауын біледі екенсіндер.
Сұрақ-жауап әдісі.
Гүлдер қандай болады?
Гүлдің пішіні қандай
Түсі қандай?
Сабағы мен жапырақтары қандай?
ОЛар қайда өседі?
Сергіту жаттығуы.
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған.
Әңгіме құрау: «Анама сыйлық»
Дидактикалық ойын: Ойын: «Ананың алақаны қандай?»
Мейірімді, жылы, ыстық
«Гүл күлтешелерін құрастыру» Мақсаты: балаларға гүл күлтелерінің түстерін атату. Сөз, сөйлем құрастырту арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Біздің аналарымызға арнап айтылған сөздеріміз жүрекшеге айналып кетіпті. Қараңдаршы. Олай болса жүрекшелерді сендерге таратып берейін. Ал сендер осы жүрекшелерден әдемі гүл жасап аналарымызға сыйлық жасаймыз.Шарты: «Гүлдің күлтелерін жүрек тәріздес етіп түрлі түсті етіп жапсыру және әр күлтесіне сөз немесе сөйлем құра» тапсырмасын орындату. Алдарымыздағы дайын қағазға жабыстырып аналарымызға апарамыз жарай ма балалар Міне, балалар салған сурет жұмыстарымызды бағалаймын Қонжықпен амандасу.
- Қонжық сен қайдан жүрсің?
- Әрине, бал тәтті болады.
- Ащы, ащы, ащы. Сөздерді қайталайды.
Ойланады сұрақтарға жауап береді
Гүл- Мен де анама раушан гүлін сыйлаймын. Анам ақ түсті раушан гүлін жақсы көреді.
Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.
Балалар өз ойларын айтады.
- Менің анам раушан гүлін ұнатады. Сол себепті мен анама раушан гүлін сыйладым.
Гүлдердің түрлері: раушан, түймедағы, қызғалдақ, бәйшешек
Гүл өте адемі болады
домалақ
- Гүлдердің иісі хош иісті, жұпар иісті, ал түстері әртүрлі болады.
- Тауларда да, аулаларда да, көшелерде де өседі.
Балалар сергіту жаттығуын орындайды.
Мысалы: Мен анама аналар мерекесін де, әкемнің көмегімен сыйлық алып бердім. Алдымен әкем екеуміз киім дүкеніне бардық. Онда әртүрлі әдемі көйлектер көрдік. Соның ішінен қызыл түсті көйлекті біз тандап алдық. Біз оны сол дүкеннен әдемі бір қорапқа салдыртып алдық. Содан әкеміз екеуміз анама дайындаған сыйлығымызды сыйладық.
Балалар дәптермен жұмыс жасай отырып, күлтелерді түрлі түсті етіп бояп, сөздер немесе сөйлем құрастыруға тырысады.
Мысалы: әдемі гүл, қызыл гүл, керемет гүл, нәзік гүл немесе гүл әдемі болып өсті.
Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар, біз бүгін не туралы сөйлестік?
- Бізге қонаққа кім келді?
- Біз анамызға не жасадық?
Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы. Сау- саламат болайық.
«Щ» дыбысын қайталап айтады.
Сыйлық түрлерін
қонжық
ашықхат
қайталайды
Күтілетін нәтиже:
біледі: гүл туралы білу;
игереді: өз ойын білдіруді;
меңгереді: көлемді әңгімелер құрауды біледі.

Технологиялық карта№23
Күні:16/02/17
Білім беру саласы:Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Сурет салу
Тақырыбы: «Түрлі түсті ұшбұрыштар»
Мақсаты:Ұшбұрышты заттарды ажырата білуді үйрету,кеңістікті,түстерді сезіне білуді,шығармашылық қабылеттерін,ой қиялын дамыту,байқағыштықтары мен көз мөлшерін,қолдың қимыл қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.Ұқыптылыққатазалықты сақтай білуге үйрету.
Көрнекіліктер:.Ұшбұрыштар ,Доптын суреті,ұайыұтың суреті
Қажетті құрал-жабдықтар;жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,
Алдын ала жасалатын жұмыс. «дид»ойынын ұйымдастыру.
Әдіс тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Кәне барлығымыз бірге амандасайық.Шаттық шеңбері:Күндей жадырап,Жұлдыздай жарқырап.Судай мөлдір таза көңілмен,Бүгінгі күнімізді бастайық. Балаларшаттық шеңберін құрып,өздеріне таныс өлең жолдарын айтты.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
- Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті, сол хаттың ішін - де сендерге арналған тапсырмалар бар екен, балалар тапсырмаларды орындайсыңдар ма, дайынсыңдар ма? - тапсырма.- Балалар білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер?- Пішіндерді кезек - кезек тақтаға іліп, оларды дұрыс атау:- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (дөңгелекті көрсетіп).- Дөңгелекке доп, тәрелке ұқсайды ма? (суреттерін іліп көрсету, түсіндіру)- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (үшбұрышты көрсетіп)- Үшбұрышқа не ұқсайды? (таудың, қайықтың желкені, үйдің шатырының суреттерін іліп), олар үшбұрышқа ұқсайды ма?- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (сопақшаны көрсетіп)- Сопақшаға не ұқсайды? (қауынның, жұмыртқаның суреттерін іліп), олар сопақшаға ұқсайды ма?- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (төртбұрышты көрсетіп)- Төртбұрышқа не ұқсайды? (теледидардың, көп - қабатты үйдің, терезенің суреттерін іліп) олар төртбұрышқа ұқсайды ма?- Бәрекелді, жақсы балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Келесі тапсырма.Сергіту сәті:Еңкей төмен тізеденБостау ұстап беліңді,Серпіл қайта үзе дем,Көтер қолды сенімді.2- тапсырма.Сурет даптерімізге ұшбұрыштардың суретін самыз3тапсырма - жеке жұмыс.Алдынан ала тақтаға көрсетіп түсіндіргеннен кейін балалар өздері орындайды, алдынан ала үшбұрыштарға балалардың назарларын аудару, фигураны атау.Тақтаға үш түрлі жасыл түсті үшбұрыш (біреуі - ең үлкен, біреуі - кішірек, ал біреуі - ең кішкентай) қойып олардан шыршаны жинастыруға ұсыныс беру. Алдымен ең астына - ең үлкен үшбұрышты қою керек, келесі - кішірек үшбұрышты кейін - ең кішкентай үшбұрышты қойып шыршаны жасау, кейін балалар өздері үстелдің үстінде шыршаны үшбұрыштардан жинастырады. Рефлексиялық түзетушілік Қорытынды жасау.- Пішіндер мен түстерді көрсетіп сұрау. Балалар ажыратып айтады түстерді атайды
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Белгілі бір бейне жасау кезіндегі түстердің үйлесімділігін.
Игереді:Бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуді.
Меңгереді:Қылқаламды дұрыс пайдалана отырып өз ойларынан сурет салуды дағдыланады.