Астана — арман ?ала (ашы? саба?)


Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қалаМақсаты:1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, аӘдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, Түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу;
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың назарын өзіне аударту;
Психологиялық дайындық. 
-Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.
-Еліме тыныштық тілеймін!
-Күніміз жарық болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Дұшпанымыз жоқ болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Нанымыз көп болсын!
-Көк туымыз биік болсын!
-Елбасымыз аман болсын!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Менің Туым» өлең жолын жатқа сұрау.
Үй тапсырмасын қортындылау:
ҚазақстанРеспубликасыныңрәміздерінатаңдар?
Туымыздың авторы кім?
Туымыздыңтүсіқандайонданелербейнеленген?
Меніңтуымөлеңінің авторы кім?
ІІІ Қызығушылықты ояту.
-Балалар алда қандай мереке келе жатыр?
-Ия, алдымызда еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр.
-Балалар, еліміздің бас қаласы, жүрегі қай қала?Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы құрметіне арналмақ.- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті, «Думан» ойын-сауық орталығы.
-Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Астана-арман қала» .
-Күннің жадын жазып, тақырыпты жазу.
-Сабақтың ережелерімен таныс болайық!
1.Тыныштықты сақтау.
2.Бірін-бірі тыңдау.
3.Ойын ашық айту.
-Ең алдымен Қазақстанның астанасы қай қалалар болғанын біле кетейік.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.
Астана туралы мәлімет:
Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Бүгінде Астана -71014 га аумақты алып жатқан ірі мегополис.
-Өлең жолдары не туралы айтылған?
-Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту.
-Астана қай өзеннің бойында орналасқан деп ойлайсыңдар? (Есіл өзені)
-Ал Сарыарқа деген атау қандай мағына береді деп ойлайсыңдар? (Кең, жазық дала)
-Сарыарқа мен Есіл өзенінің қандай байланысы бар? Оларды не байланыстырып тұр?
-Сарыарқа даласында Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз-Астана. Сарыарқа самалымен тербелген ерке Есілдің бойындағы ғажап қала. Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрған үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.
-Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы болмақ.
-Балалар, енді біз барлығымыз автобуспен Елордамыз Астана қаласындағы көрікті жерлерді аралауға шығамыз. Жолда аялдамаларда тоқтаймыз. Әр аялдамаға жету үішін тапсырмаларды орындауымыз керек.
-Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?
-Ендеше барлығымыз белсенділік танытып жолға шығайық.1-аялдама: “Думан ойын-сауық орталығы”аялдамасы
"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.Құрылыс 2004 жылдың ақпанында қолға алынды. Шеңбер көлемі - 90 метр. Күмбез көлемі - 70 метр. Қабаттарының биіктігі 4,75 метр.Бұл ойын - сауық орталығына - 3360 адам сыйады екен.
 

-Бас әріптерден сөздер құраңдар.
А-ару
С-сәулетті
Т-тамаша
А-ажарлы
Н-нұрлы
А-арман қала
2-аялдама: «Ақ Орда» аялдамасы. Ақ Орда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың отыратын орыны яғни жұмыс орыны. Ол жерде елбасымыз халықтың жағдайы үшін бірнеше жұмыстар атқарады.

Мынасөздерденсөзтіркесіннемесесөйлемқұраңдар.
Қала, саяхат, Астана, өзен.
Мысалы: Мен Астана қаласынасаяхатқашықтым.
Астана қаласындаЕсілөзені бар.
Сергіту сәті:
«Сөйлем құра»1.Астана, мысық, автобус.2.Бәйтерек, лифт, тышқан3.Аю, Ханшатыр, қоян4.Қоңыз, Есіл, серуен.
3-аялдама: «Бейбітшілік және келісім сарайы» орталығы
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м².  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%92%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82" \o "Ғимарат" Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы,  1,5 мың орынды опера залы мен қысқы бақ орналасқан.

5 жолды өлең құрастыру: Астана сөзіне өлең құрастыру.
Зат есім_______
Сын есім________
Етістік____________
Сөйлем ____________
Мәндес сөз___________
4-аялдама. «Бәйтерек» аялдамасы Міне соңғы аялдамаға да келіп жеттік.Бәйтеректің негізгі идеясы-Бейбітшілік ағашы. 97 метірлік биіктікте орналасқан.Бұл ел ордасы Астанаға Алматыдан көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына 1997 жылға сәйкес. Бәйтеректің негізгі белгісі ағаш басындағы самұрық құсының алтын жұмыртқасы тәрізді.
Сөзжұмбақ шешу:
Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы? (Домбыра)
Елбасының есімі? (Нұрсұлтан)
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар)
Қазақ халқының ұлы ақыны? (Абай)
Ас атасы? (Нан)
Қазақстан Республикасының рәмізі? (Елтаңба)
Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түйдік? ІNSERT әдісі арқылы қортындылайық.
Мен нені білемін? Мен нені білдім? Мен нені білгім келеді?

Я, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз?
Енді, балалар, Астана қаласына деген тілектеріңді стикерге жазып, «Бәйтерек» монументіне жапсырыңдар.
Астана көркейсін!
Астана гүлденсін!
Астананы мен жақсыкөремін.
Мен Астанағаендіжиібарамын.
МенБәйтерккешыққымкеледі.
МенБәйтеректікөргімкеледі.
Бағалау. Смайлктерге стикер жапсыру арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің Астанам» шағын шығарма жазу. Өлеңді жаттап келу.
Осымен, бүгінгі саяхат сабағымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар!