Разработка урока по истории на тему:Есімдері ерлікпенен жазыл?ан


Сабақтың мақсаты:
- оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, париоттық тәрбие беру;
- оқушыларды соғыс туралы мағлұматпен жұмыс жасауға үйрете отырып, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыра отырып, ой-өрісін дамыту;
- оқушыларды үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: электронды видео роликтер «Жеңіс», «Хиуаз Доспанова», ҰОС туралы карта, презентациялар «Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы», «Қазақтың қос шынары», «Бауыржан Момышұлы», және т.б. , кітап көрмесі
Қатысушы: 5, 7,9 сынып оқушылары
Барысы:
Жүргізуші: - «Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс (ірісі мен майдасын қосқанда) өткен екен. 4 млрд адам қаза тапқан 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан, екінші дүниежүзілік соғыс. 110 млн адам қолына қару алып, қанды шайқасқа кірген. Қазақстаннан аттанған 1 млн 500 мың адамның 700 мыңы ғана елімізге аман есен оралған. Бұл соғыс халқымызға төнген ауыр күндер болды. Төрт жыл (1418 күн мен түн) бойы сұрапыл соғыс жүріп жатты. Сол бір жылдары 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының батыры» атағын алды.
Батыр ұл есімдері сақталады
Жыр болып жүректерде жатталады
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады, - дегендей, Әлия, Мәншүк, Хиуаз, Бауыржан, Қасым сынды батырлардың ерлігіне тағзым ете отырып, бір сәтке еске алайық. 1 минут тыныштық .
Кеңес Одағындағы ҰОС тарихына шолу жасайық. 7 сынып оқушысы Гусманов Нұржан
1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер «Барборосса» жоспарына қол қойды. Гитлершілдер КСРО-ға қарсы «Қауырт соғыс» ашып ол 8-10 апта ішінде, қыс түскенге дейін аяқтауға тиіс деп жоспарлады. 1941 жылдың 22 маусымында таңға жуық фашист әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса көктеп кірді. Германия жағында соғысқа Румыния, Венгрия, Финляндия, Италия, Славакия, Хорватия әскерлері қатысты. Испания өкіметі кенес – герман майданына еріктілерден құралған дивизия жіберді. Кеңес Одағына қарсы 190 дивизия, оның ішінде 153 неміс дивизиясы жалпы герман қарулы күштерінің 80 пайызы қатысты. Шығыс майданы Е.Д.С. шешуші майданына айналды. Германияның шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. КСРО-ның батыс шекаралық аймақтарында 170 дивизия шоғырланған. Соғыс қарсағында 40 мыңнан астам командир мен саясти қызметкерді қуғын – сүргінге ұшырату Қызыл армияның басшылық құрамын қатты әлсіреткенді. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны, Белоруссияны басып алып, Ленинградты қоршады, Мәскеуге жақындады. Бірақ герман армиясы Мәскеу түбінде тоқтатылды. Осылайша «Қауырт соғыс» жспары іске аспады. 1942 жылдың жазында неміс әскерлері Шығыс майданындағы шабуылын жаңғыртты. Олар Курск, Харьков түбінде кеңес қорғанысын бұзып, Сталиград пен Кавказ өңіріне жақындады. Осы аймақтағы қанды шайқастардың барыснада немістердің үздіксіз шабуылдауға шамасы жетпеді. Сталинград түбінде 1942 жылдың күзі мен қысындағы шайқастың және кеңес армиясының шабуылы нәтижесінде 100-ден астам неміс дивизиясы талқандалды. Германияның одақтастары да ауыр шығынға ұшырады. Сталинград түбіндегі жеңіс және 1943 жығы жаздағы Курск хтүбіндегі шайқас соғыстың түбірлі өзгерістерін айқындады.
Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті. 1941 жылы қыркүйек айында фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда кеңес әскерлері жаудың бұл әрекетіне тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады.
Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық пен жзылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық – түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек қана бір жол арқылы ғана байланыс жасады, жау мұны күтпген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды Ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. Себебі бұл жолмен қалаға жүк машиналарымен азық – түлік, оқ-дәрі тасылды. Қайтар жолда олар қарттар мен балаларды алып қайтатын. Жол күні – түні күзетіліп жауға берілмеді. 1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскерлері қаладан қуып тасталды.
1945 жылы 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтірді. 7 мамырда одақтас әскерлердің бас қолбасшысы генерал Эйзенхауер Реймсте Германияның тізе бүгуінің алғашқы шарттарына, ал 8 мамырда Берлинде маршал Г.Жуковтың төрағалығымен фашистік Германияның тізе бүгуі туралы актісініне қол қойылды.
Жүргізушілер:
- Соғыс деген суық хабар, қатер, сын,
Тіршілікке не жақсылық әкелсін.
Ақ шашты ана жесір
Зардабынан соғыстың.
Ұлың жетім,
Құрбан еткен әкесін.
Ақ шашты ана
Ұлын, жарын жоқтаған.
Шошытады
Сол бір күндер қаралы
Ерлікте көп,
Аңыз етіп айтарлық.
Жойдық біздер,
Жаудың бетін қайтардық.
Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп,
Жатыр едім жүзінен нұр байқалып.
Гүл дәуренде
Күн кешейік үрейсіз.
Төбемізден төнбесінші дүлей күш.
Бар мәселе
Бейбіт жолмен шешіліп,
Ұранымыз:
Тыныштықты тілейміз!
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні
Жақсы үміттің шырағы жанды міні!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз
Біз күштіміз күштілердің бәрінен
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз
Біздер нағыз құдіретті елденбіз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.
Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта
Сұрапылдай соқты да жау қамалын,
Жеңіс туын қадады Рейхстагқа!
Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Жастық күйреп, халық сиреп көнерді,
Жарақат алғандардың күшіменен
Өркендеттік өмір менен өнерді.
Жиырма миллион тірлік демін доғарды,
Қанша қала күлге айналып тоналды.
Тап қазіргі Қазақстан халқындай
Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.
Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген болған емес тегін іс
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.
Сен құрметте оны
түсіндіңбе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Соғыс туралы кино (10 минут) тамашалау
Келесі кезекті, 9 сынып оқушысы Б. Тасқалиеваға
Презентация «Қазақтың қос шынары»

7 сынып оқушылары орындауындағы би
Мәншук Мәметова туралы естеліктерден (Жаумбаева А.Е. тарих пәні мұғалімі)
9 сынып оқушысы А. Волошенюк «Әлия, Мәншүк – қайсар гүлі қазақтың» атты өлеңін оқиды.
Әлия, Мәншүк – қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр.
Мәңгілік от – ескерткіші алауы.
Әлия, Мәншүк гүлдей нәзік бірақ та,
Гүл боп атың өсіп жатыр қыратта.
О, тәңірім, соғыс атын жандыртпа,
О, тәңірім, балаларды жылатпа.
Мектебіне, бақшасына бүлдіршін,
Барсын, күлсін, анасымен бір жүрсін.
Бейбітшілік күні жанса төбеде,
Әлия, Мәншүк біреу емес, мың гүлсің!
Келесі 5 сынып оқушысы Баянғалиева Р.
«Хиуаз туралы сыр» + кино
7 сынып оқушысы Е. Сарбаев «Бауыржан Момышұлы ержүрек батыр» атты баяндауын тыңдаңыздар!
Жоғары да тарихқа шолу барысында, Мәскеуге шабуыл жасау барысында фашистер Ленинградқа да шабуыл жасаған болатын. Қала тұрғындары тәулігіне 200 гр, кейіннен 150 гр нанды талғау етті. Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн қоршауда аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды. Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. Жыр алыбым Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі қорғаушыларға күш – қуат дем берді.
5 сынып Нұржамалдың «Ленинградтық өренім» атты Жамбыл атамыздың жырын орындауында тыңдайық. (күй)
Соңғы сөз өз ауылдасымыздың ерлігі туралы, яғни Қасым Ахмиров туралы 7 сынып оқушысы Эльдар дайындаған естелікті тыңдап көрейік.
Сыныптан тыс шараны 5-9 сынып оқушыларының «Жеңіс» әнімен қорытындылауы.
Қасым Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасы
Сыныптан тыс тәрбие сағатының тақырыбы:
«Есімдері ерлікпенен жазылған»
Орындаған: тарих пәні мұғалімі Жаумбаева А.Е.
Қатысушы: 5а-9а сынып оқушылары, сынып жетекшілері
2012-2013 оқу жылы