Сыныптан тыс ж?мыс?желер-к??ілді? ажары, немере-к??ілді? базары

Тақырыбы: «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары»Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.1 - жүргізуші: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!Босқа қарап тұрмаңыздар,Әже мен немере тойы басталмақшы,Қызықтан тыс қалмаңыздар!2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз, мерекеміз,Қалайша мұны біз бекер дейміз.Ұстаздар құтты болсын, ару тойы!Әжелер, аналар құтты болсын мерекеңіз!1 - жүргізуші: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.Келтірген дүниеге нелер данаАнасыз батыр да жоқ, ақын да жоқӨмірдің алтын кілті сонда ғана.2 - жүргізуші: Бал бөбегін баптаған.Мамам үшін мақтанам!Аялайтын біздерді,Көп жасасын жақсы адам.1 - жүргізуші: Менің әжем, гүл әжемАлтын әжем, күн әжем.Апам үшін, мен үшінНағыз ана тілі - әжем.2 - жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.2 «А» класс оқушысы Максутова Әйгерім мен Қансұлу әже2 «Ә» класс оқушысы Жеткізген Арайлым мен Айжан әже2 «Б» класс оқушысы Бауыржан Толқын мен Бақыт әже3 «А» класс оқушысы Әлібекова Бақытгүл мен Мария әже3 «Ә» класс оқушысы Сафина Жібек пен Мейрамгүл әже3 «Б» класс оқушысы Қалжанова Күнсұлу мен Әнипа әжеМерекелік думанның беташар сөзін мектеп директоры Айсұлу Берікқызына береміз.1 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.1. Таныстыру.2. «Өнер - ағып жатқан бұлақ»Өз өнерлерін көрсетеді.3. «Білгенге маржан»Әжелерге – салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтар, немересіне – мақал - мәтелдер жалғастыру4. «Шебердің қолы ортақ»Әжелер де, немерелері де қол шеберліктерін ортаға салады.2 - жүргізуші: Әділдікпен баға берер ортада,Әділдікпен қара қылды жаруға.Әділқазы алқаларын сайлайық,Нағыз Әже таңдап бүгін алуға.Әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар. Жақсыбаева Айсұлу Берікқызы - мектеп директоры Кустубаева Айнұр – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегенов Рүстем - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағашыбаева Алтын - ата - ана1 - жүргізуші: Аналарды сүйеміз,Сөзін ойға түйеміз.Әжені де ардақтап,Әдеппен бас иеміз.2 - жүргізуші: Той пердесін ашайық,Тойға шашу шашайық.Аналарды құрметтеп,Ән маржанын шашайық.Ортаға 4 «Ә»класс оқушысы Наурызбаев Қуандықты шақырамыз. Бүгінгі мейрамды «Ана» әнімен ашып берсін.1 - жүргізуші: Кішкентай арулар мен әжелер де келіп жетті танысуғаБойындағы бар дарынды дарытуғаҚорықпастан сахнаға келіп жеттіӘдеппен, ізетпен танысуға. Енді сайыскерлермен танысудың уақыты да жеткен секілді. Сөз кезегі өздеріңізде.2 - жүргізуші: Асыл сөздің атасы,Ақын болар ұрпақпыз,Өнер, білім, еңбеккеЖақын болар ұрпақпыз.«Өнер - өнерліге ғана оңай»- деп атамыз қазақ айтқандай, сайысымыздың «Өнер - ағып жатқан бұлақ» кезеңіне кезек те келіп жеттік. Әр кластан келген немере мен әже өз өнерлерін ортаға салады.2 - жүргізуші: Әже маған үлгі сөзіңізӨнегесіз өзіңізЖақсылыққа талпынар,Біздің нағыз кезіміз.Жақсы деген неменеЖаман деген немене,Осындайда, әжетайАйтыңызшы өнеге.1 - жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,Зерделі ой зейінді қызды сынар«Білгенге - маржан» кезеңінде әжелер қазақтың салт - дәстүрлерін ортаға салса, кішкентай қыздар мақал - мәтелдер сайысына түседі. Сайысқа қатысушылар дайын болғанша ортаға 4 «Ә» класының көңілді би тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар.Әжелерге берілетін сұрақтар:1 - сұрақ. Ерулік беру - қазақтың салт - дәстүрінің бірі. Мағынасын түсіндіріңіз. 2 - сұрақ. Қазақтың әдет-ғұрпының бірі - қалау немесе қалап алу. Мағынасын түсіндіріп беріңіз. 3 - сұрақ. Сарқыт деген әдет - ғұрыптың мағынасын түсіндіріңіз. 4 - сұрақ. Сәлемдеме беру деген әдет - ғұрып бар. Мағынасын ашыңыз. 5 - сұрақ. Базарлық деген не? 6 - сұрақ. Асар деген салт - дәстүрдің мағынасын түсіндіріңіз.Қыздарға берілетін мақал - мәтелдер:Карға баласын “аппағым” дейді.Кірпі баласын “жұмсағым” дейді.Ана алдында құрмет,Ата алдында қызмет.Ананың ізін қыз басар,Атаның ізін ұл басар.Ана сүті бой өсіреді,Ата тілі ой өсіреді.Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.Ақылды бала: "ай - күнім — анам" дейді.Ақ жаулығы ананың —Ақ көрпесі баланың.2 - жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан,Жаңылмаған ата - баба жолынан.Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,Біз айталық төрелігін соңынан.Бұл сайыс кезеңінде әжелер әр түрлі қол өнерден сынға түссе, немере қыздар түрлі - түсті қағаздармен жұмыс жасайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.1 - жүргізуші: Анам менің – аялаған ақ гүлімАнам менің – бақытым мен шаттығым“Анашым” – деп балаң жырын арнағанНеге ғана естімеген тәтті үнінАнам менің – өмірдегі тірегімАнам менің – кеудемдегі жүрегімЕгер менің қасымда сен болмасаңБұл өмірде қалай ғана жүремін. 3 «Ә» класс оқушысы Төлегенова Сымбаттың орындауында «Асыл әжем» әні. Қабыл алыңыздар.2 - жүргізуші: Менің әжем, бұл әжемАйтқан сөзі дәл әжем.Аман болса көредіҚызығымды әлі әжем.Менің әжем, нар әжемКөп жасаған кәрі әжем.Ауырғанда мен үшінӘр сүйгені дәрі әжем.Менің әжем, жыр әжемШуағы мол, нұр әжем.Ақ таяққа сүйеніпАман – есен жүр, әжем!1 - жүргізуші: Данышпан Әжем менің жаның таза,Мейріммен сөзін айтқан күн шуақта.Білімді, қайдан жидың парасатты,Өзіңдей ақыл айтқан Сократ та.Құрметті қонақтар, әжелер мен кішкентай бүлдіршіндер! «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты сайыс өз мәресіне де жақындады. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берелік.2 - жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ. Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ.1 - жүргізуші: Сайысқа қатысушыларға ақ ниетімізден алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.
Кері қайтуІлмек сөздер: әже, немере, тәрбие сағатыМақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.Сайыстың жүру тәртібі:1. Ұйымдастыру. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.2. Әже мен немерені таныстыру.3. Әділ қазылар алқасын таныстыру.4. Сайыстың шарттарымен танысу.5. Сайысты қорытындылау.Балалар залға әуенмен кіріп орындарына отырады.Іжүргізуші:Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған: «Ақ әжелер сайысы» мерекесіне қош келдіңіздер! Наурызбенен ұласып көктем жеткен,Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткенЖан-жануар, табиғатты түрлендіріп,Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен! –дегендей Жаңа жыл тек жақсылығын әкелсін.ІІжүргізуші: Олай болса, балалар Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымен жалғастырсын: Меруерт: Наурыз тойы – елдің тойы,Көктем тойы – төлдің тойы,Әжеме еріп, АқтөбеніАраладым күні бойы.Досымжан: Көктем келді, Наурыз келді,Жер көгерді, ел көгерді.Дастарханын жайып дархан,Жақсылық пен бақыт шашқан.Ақнұр: Кел балалар ойнайық,Наурыз тойын тойлайық.Баянды боп мереке,Қыр гүліндей жайнайық.Камила А:Жасасын деп ұлысты Наурыз,Құтты болсын айтамыз.Барлық үйге кіріп – шығып,Барлық үйден дәм татамыз.Қайсар: Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын,Қайда барсаң жол болсын.Ән «Наурыз көже».І жүргізуші: Әже деген көп шығар,Әжемдей менің жоқ шығар.Мейірімді ол кісі,Қандай ғажап күлкісі – дей отыра қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ортамызға ду қол шапалақпен шақырамыз! ІІ жүргізуші: Әже біздің күнімізӘже біздің гүліміз.Балаларды қуантыпҰзақ өмір сүріңіз – дей отырып, Айзада әже мен ерке немересі – Ақботаныортаға шақырамыз. №1І жүргізуші: Бізге әр кез тілекші боп жүретін,Қуанышымызға ортақ бола білетін,Мейірімді әже, асыл әже, ардақты ана Мадина әжейді, Аяжан немересімен бірге қарсы алайық. №2ІІ жүргізуші: Таусылмайды өлеңі,Күнде айтып береді.Барған сайын бір жаққа,Кәмпит алып келеді – деп Гүлзада әжейді, немересі Арманмен ортаға шақырайық. №3І жүргізуші: Немере қамын ойлай жүретін, балажан әже, күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі Бижамал әжейді, немересі Асанмен ортаға шақырамыз.№4.ІІ жүргізуші: Кім жеңеді сайыста? Үміт алда,Қобалжу бар, жүректе күдік барда.Әділ-қазы алқасы атыңды ақта,Жүректерге арман менен бақыт жолда – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:1. Гүлсая Қартбайқызы – балабақша әдіскері.2. Камиланың мамасы – Эльмира 3. Ә.Әсемнің мамасы – Ақтоты.І жүргізуші:Ендеше, сайыс бағдарламасымен таныстырайық:1. «Тегін білу – тектілік». (өзін таныстыру)2. «Сөз мәйегі – мақал».3. «Дәм – думан» сайысы.4. «Қолөнер» сайысы.5. Өнер сайысы.6. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы. Ендеше сайысқа қатысушыларға сәттіліктілей отырып №1 сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Айзада әже мен немересі АқботаІІ жүргізуші: №2 сайыскерлеріміз – Мадина әжей мен немересі Аяжан.І жүргізуші: №3 сайыскерлеріміз – Гүлзада әжей мен немересі Арман.ІІ жүргізуші: №4 сайыскерлеріміз – Бижамал әжей мен немересі Асан.І жүргізуші: Әділқазылар алқасы бағаларын беру шешімін қабылдағанша: Екі шектің бірін қатты,Бірін сәл-сәл кем бұра.Нағыз қазақ қазақ емес,Нағыз қазақ домбыра – деп кезекті: «Домбыра» биіне берейік. ІІ жүргізуші: Ал құрметті әділқазылар алқасы, бірінші кезеңнің бағасын айтсаңыздар, сөз кезегі өздеріңізде.ІІ сайыс. «Сөз мәйегі – мақал» сайысы.Әділқазылар алдында түрлі-түсті карточкалар жатыр. Карточкада әр түрлі тақырыпта мақал-мәтелдердің алғашқы жолдары жазылған, таңдап алған тақырыптағы мақалды одан әрі жалғастырыңдар.а) Отан туралы мақал-мәтелдер ә) Ата-ана, отбасы туралыб) Денсаулық туралыв) Төрт түлік малға байланысты.Өте тамаша, ендеше әжелерімізге демалыс беріп, әділқазылар шешім қабылдағанша, наурыз думанымызды жалғастырайық.Ән: «Наурыз – біздің жаңа жыл»Екінші сайыс бойынша, әділқазыларға сөз кезегін берейік.І жүргізуші: ІІІ сайыс «Дәм думан» сайысы. Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығып таныстырайық.№1 нөмірі: Айзада әже – жеті шелпек бауырсақ.№2 нөмірі: Мадина әже – сүт тағамдары.№3 нөмірі: Гүлзада әже – наурыз көже.№4нөмірі: Бижамал әже – қуырдақ. Өте тамаша, әділқазылар өзара келісімге келгенше балаларымыз тақпақтарын айтып берсін.Нұрай: Наурызды халқымызЖыл басы деп санайдыКөнермеген салтымыз Көп елдерге тарайды.Арай: Наурыз келді, жыл келді,Тірілтуге гүлдерді.Сәнденеді аналар,Сәбилермен бірге енді.Одан әрі ұлдарымызды «Тұлпар» биімен ортаға шақырайық. Жарайсыңдар!!!Әділ қазылар алқасы дайын болса «Дәм-думан» сайысының бағасын берсе! ІІ жүргізуші: Өнерлінің – қолы алтын,Өлеңімнің – сөзі алтын – деп, келесі кезекті «Қолөнер» сайысына кезек берсек.№1 нөмірі: Айзада әже – көрпешелер.№2 нөмірі: Мадина әже – қоржын.№3 нөмірі: Гүлзада әже – қобыз.№4 нөмірі: Бижамал әже – торсық. Әділқазылар алқасы, әжелеріміздің отбасымен жасаған қолөнеріне бағаларыңызды бере отырыңыздар. Оған дейін балалар ұлттық ойынмен бір сусылдасын. Ойын: «Қыз қуу» (Ойынның шартын түсіндіру).«Қолөнер» сайысының бағасын беріңіздер.І жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты?Толғанта ән салдырып, билетіпЖасына қарамастан бұл ортада,Қай әже таң қалдырар, бұл халықты –деп «Өнер сайысын» тамашалайық.№1 нөмірлі: Айзада әжей Ақбота немересімен.№2 нөмірлі: Мадина әжей Аяжанмен.№3 нөмірлі: Гүлзада әжей немересі Арманмен.№4 нөмірлі: Бижамал әжей немересі Асанмен.І жүргізуші: Ендеше әділқазылар «Өнер сайысын» талқылап бағаларын бергенше бәріңіз ортаға шығып «Қара жорға» биін билеп жіберейік.Әділқазылар «Өнер сайысының» бағасын беріп жіберіңіздер!ІІ жүргізуші: Соңғы сайысымыз «Сыр сандық» деп аталатын. Яғни, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп, көпті көрген әжелеріміз бен білімді балаларымызға сұрақ-жауап кезегін берсек. Ол үшін асық – жеребиесін таңдаймыз. 1 тапсырма: 1. «Тілашар» қай кезде жасалады? (Бала мектепке барған кезде).2. Ұйқасын тап: «Өзінше ноян, қорқақ кім? ( Қоян)2 тапсырма: 1. Жеті ата қалай аталады? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)2. Ұйқасын тап: «Үні ғажап дүл-дүл, Бақта сайрайды ........» (Бұлбұл)3 тапсырма: 1. Үш арсыз қалай аталады? (ұйқы, күлкі, тамақ)2. Ұйқасын тап: «Тұмсығымен шымшып,Құрт тереді ......... (Шымшық)4 тапсырма: 1. Бес парыз калай аталады? (Иман келтіру, бес уақыт намаз оқу, бітір-садақа, ораза тұту, қажылыққа бару)2. «Сызып өтіп қарды мен,Таудан түстім ............ (Шаңғымен)Ал әділқазылар алқасы сқңғы сайыстың қорытындысын шығарғанша Ән «Ақ әжем» әнін айтып берейік.Қорытынды бөлімі: Әділ қазыларға сөз кезегін берсек!І жүргізуші:Әжелер қалқып бақыт арасында,Уайым мұң қонбасын басыңызға.Осымен сайысымызды аяқтаймыз,Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – деп жеңістеріңізге құтты болсын айтамыз.
Алған бір жазықты, Алдырған екі жазықты.2. Қолыңмен істегенді, Мойныңмен көтер.3. Ұсынған мойынды алмас кеспес.4. Нағашымен күрессе жиені жығылар.5. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.6. Тойға барсаң бұрын бар, Бұрын барсаң орын бар.7. Елу жылда ел жаңа,Жүз жылда қазан жаңа.8. Заманына қарай заңы,Тоғайына қарай аңы.9. Жасы құрдас, құрдас емес,Заманы бір құрдас.10. Құтты қонақ келсе, Қой егіз табады. 
Тақырыбы: «Ал, қанекей Әжелер!» сайысы.Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.Сайыстың жүру тәртібі;1. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.2. Әже мен немерені таныстыру3. Әділ қазылар алқасын таныстыру4. Сайыстың шарттарымен таныстыру5. Сайысты қорытындылау.Армысыздар құрметті қонақтар, қарттар күні  мерекесі құтты болсын!Алтын ұя мектебімізге  қош келдіңіздер!Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал, қанекей, Әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Әже деген көп шығарӘжемдей менің жоқ шығарМейірімді ол кісіҚандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Ажар ботақанымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана Қайнегүл әжейді қарсы алыңыздар!2. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. Қарлығаштың әжесі  деп  Аманжол  әжейді қошеметпен қарсы алайық!3. Әже біздің күнімізӘжемнің біз гүлімізБалаларды қуантып,Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Алинасыр ерке немересімен Сәуле әжейді ортаға шақырамыз.4. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Абылайдың  күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі Майра әжейді ортаға шақырамыз!5. Таусылмайды өлеңіКүнде айтып бередіБарған сайын бір жаққаКәмпит алып келеді - деп Қолғанаттың  әжесі Қанияш әжейді немересі мен ортаға шақырамыз!Кім жеңеді сайыста үміт алда,Қобалжу бар жүректе күдік бардаӘділ - қазы алқасы атыңды ақтаЖүректерге арман мен бақыт жолда.- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.1 Тәрбие ісінің меңгерушісі Сауытова Рысбике Қанафияқызы2. 5 а сынып жетекшісі Кішібай Сағира3. Оқу ісінің меңгерушісі Нұржанова Жанар Қуанышқызы

Енді сайысымыздың шартымен танысайық1. Өзін, өз отбасын таныстыру2. Өнер сайысы қазақша ән немесе би3. Ою оя білесіз бе?4. «Сыр сандық»сұрақ - жауап сайысы.
5 . ұлттық тағам1 - Кезең Әжем болса қасымдаКөтеріңкі көңілімАлтын әжем тілекшіНемерелер өмірін.- деп 1 - Кезең Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру»2 - Кезең «Өнер сайысы.3 - кезең. «Ою оя білесіз бе?»Әжелерге қағаз қайшы беріледі. Ойған оюларын айтып түсіндіреді.4 - кезең. «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы. Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған.

Сұрақтар; 1 - билет1. «Тілашар» қай кезде жасалады.2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады.3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?....2 - Билет1. Жеті ата қалай аталады?2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....3 - билет1. Үш арсыз қалай аталады?2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....4 - Билет1. Бес парыз қалай аталады?2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?3. Ұйқасын тап: Ормандағы аюдыңҚұлпынайы көп екен,Теріп - теріп алайық.Қалтамызға......5 - билет1. Базарлық деген не?2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата3. Ұйқасын тап: Аю отыр партадаЕкі қолы қалтадаАпай сабақ сұрасаҰйықтап қалды........
5 кезең – ұлттық тағам
Енді ортаны ашайықІнжу маржан шашайықӘн мен биді шалқытып.Айнелдің биін тамашалайық7 - кезең. Ұлттық тағам көрмесі.Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығарып таныстырайық.Қорытынды бөлім.Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,Әжелерімізге сыйлар, номинациялары беріледі.

1.      «Білгір әже»2. «Мейірбан әже»3. «Алтын оймақты шебер әже»4. «Бұлбұл әнші әже»5. «Балқаймақ әже Немерелеріне сырға толы әңгіме шертетін, тойға барса қасына ерітетін, әжелеріміз аман болсын дейміз. Сіздерге бақыт тілейміз, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер!