Грэхем ?дісімен д?нес ?абы?шаны? н?ктелер жиыны? аны?тау IIІ-курс


Тақырыбы: Соreldraw. Грэхем әдісімен дөнес қабықшаның нүктелер жиының анықтау. Джарвис әдіссімен дөнес қабықшаның нүктелер жиының анықтау.
Тіктөртбұрыш (Rectangle)
1. Құралдар тақтасынан Rectangle (Прямоугольник) құралын таңда.

2.Экранда тышқан көрсеткіші кішкентай қиылысқан екі сызықпен алмастырылады және онда сурет салудың бастапқы орнын белгілейді.

3.Бұрыштардың бірінен орналасу нүктесіне тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, тіктөртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштарының диагональдарына тышқан батырмасын жібермей отырып, орналастыр да, тышқан батырмасын жібересің.

4.Экранда сурет салу кезінде атрибуттар тақтасында ені мен биіктігінің мәндері және тіктөртбұрыштың координата центрлері бейнеленеді.
5.CTRL пернесін басу арқылы тіктөртбұрыштың қабырғалары дұрыс шаршыға айналады. Егер геометриялық фигураны өшіргіміз келсе, онда Pick (выбор) құралын таңдап, Delete пернесіне басыңыз.

6.тіктөртбұрыштарын бұрыштарын доғал ету үшін құралдар тақтасынан Shape (Форма) құралын таңда. Оны таңдағаннан кейін тышқан көрсеткіші қара бағыттауышқа айналады. Бағыттауышты кез келген маркерге апарып,
қара бағыттауышқа айналады. Бағыттауышты кез келген маркерге апарып, оны қабырғалардағы бұрыштарға апарып, жылжыт.
Эллипс
Эллипсті салу әрекеті тіктөртбұрышты салу әрекеттеріне ұқсас, тек құралдар тақтасынан «Эллипс» құралын таңдайсыз.


Көпбұрыштар
Құралдар тақтасынан Polygon (многоугольник) құралын таңдаңыз, курсор көпбұрыштың түрін қабылдайды.

2. тышқанның сол жақ батырмасын жібермей, экранға көпбұрышты саламыз.
Көпбұрышты салу үшін атрибуттар тақтасынан оның келесі параметрлерін береміз: қабырғасының санын, бұрыштар санын, формасын. Егер жұлдыз салғыңыз келсе, онда бұрыштар санын таңдаңыз да, Star (звезда) құралына тышқан батырмасын басыңыз.
Спираль
Спиральды салу эллипсті салу әрекетімен бірдей. Ол үшін Спираль (Spiral) құралын таңдап, атрибуттар тақтасынан бұтақтар санын берсе жеткілікті.
left-635
Диаграммалық тор
Диаграммная сетка (Graph Paper) құралын таңдаймыз да, ажолдар мен баған сандарын беру арқылы торды саламыз. Диаграммная сетка (Graph Paper) құралы Polygon құралының қатарында орналасқан. Торды салмас бұрын атрибуттар тақтасынан бағандар мен жолдар санын беру талап етіледі. Жолдар мен бағандардың ең үлкен саны 50-ге тең.