?н — к??ілді? ажары та?ырыбында сайыс — саба?


Тақырыбы:Ән - көңілдің ажарыМақсаты:
Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер.Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сыныптарды төрт топқа бөліп, жарыстырамыз.1-топ «Қызғалдақ»2-топ «Бәйшешек»3-топ «Жауқазын»
4- топ «Раушан»
( Музыка)
Жүргізуші: Армысың мектебімнің қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Сіздер үшін осы кеш ашылады
Сіздер үшін әншілер сайысады.
Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Бүгінгі «Ән көңілдің ажары» атты музыкалық сайысымызға баршаңыз қош келдіңіздер!Көз аудармай қарап, ән қалдырмай шырқауға дайын болсаңыздар сайысымызды бастайық!
Жүргізуші: Бүгінгі әуенді кеште сайысымызға қатысушы 5«А», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г» сынып оқушыларын ортаға шақырайық!
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!1.2.3..
Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй,Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең менше сүй,- деп айтып өткен Абай атамыз. Олай болса сайысымызды бастайық
І. Айналым ережесі:Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек.
Бұл жерде әннің музыкасын тапса – 1 ұпай, авторын тапса – 2 ұпай беріледі. Әнді толығымен айтса екі ұпай беріледі.
І айналым тақырыптары:1. Би билейік дөңгелеп.(Айгөлек Б.Байқадамов) 2. Шықты ойнақтап жүгіріп.(Қошақаным қайда екен? Ә.Бейсеуов)3. Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның (Ұстазым. Ә.Еспаев)4. Елдің жырын жырлаған.(Домбырасыз сән қайда? И. Нүсіпбаев)5. Ақ пейілін аямаған. (Алтын ұя мектебім. А. Маханбетова)
Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті.
Осы айналымның бағаларын білсек.ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ
Кезекті 2 айналымға береміз (музыка)
Өнер алды тіл деген,
Тіліңді таза біл деген
Ұлы баба өсиеті,
Бірге жасар бізбенен.
Текті баба ұрпағы
Білім алар жалықпай,
Білімді болса өскенде,
Өмір сүрер тарықпай.
Білім ғана көтерер,
Биігіне адамды.
Оқысаң кітап үйретер,
Не жақсы, не жаманд, деп
Бұл айналымда берілген мақалдардың жалғасын табу керек.1. Отан — оттан да ыстық2. Отан — отбасынан басталады.3. Ер есімі — ел есінде4. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі5. Ұстаздан шәкірт озар6. Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы7. Өнер алды қызыл тіл
8. Өнерлі бала өрге жүзер9. Батырды жауда сына
Білімді дауда сына10. Жеті атасын білмеген жетесіз11. Күш атасын танымас12. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді
Осы айналымның бағаларын білсек.ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ

ІІІ Айналымға аяқ бастық.
Біздің халық өнерге мол бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен?
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді? Деп ендігі келген сайысымызда
оқушылардың есту қабілеті сынға түседі.
Төрт топ бірге үнтаспадағы әуенге назар аударады, бірге тыңдайды. Ал осы топтар сол әнді тауып алу керек.
Қарлығаш
Айгөлек
Көңілді күн
Аналар алтын
Жалқаубек
Учать в школе
Жаса Қазақстан
Сағындым әже, сағындым.
Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!
Осы айналымның бағаларын білсек.ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ
ІҮ Айналым
Экранға назар аударыңыздар. Ұяшықтың астында жасырған музыкалық аспаптардың атын жылдам табу керек.Топтар бұл уакытта кезек - кезегімен экранға барады.
Осы айналымның бағаларын білсек.ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ
Сергіту сәті. «Қызыл өрік»
Ү. Айналым
Жоғалған нота қатарын табу.
Осы айналымның бағаларын білсек.ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ
ҮІ Айналым.
Жақсы әншіге өнеге,
Сегіз қырлы бір сырлы
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Ән де шырқа, би билеп.
Халық айтса біледі,
«Талаптыға нұр жауар»
Өнерлі өрге жүзеді,
Таланттылар құр қалмай, - деп келесі сйысымыз Ән жарысты бастаймыз.
Төрт топқа 4 тақырып береміз. Осы тақырыпқа сай әндерді топ мүшелері айтып беру керек. Оқушылар экранға барып тақырыптар таңдап алу керек.
«Достық»
«Ана»
«Мектеп»
«Отан»
Осы айналымның бағаларын білсек.ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ
Сонымен соңғы бөліміміз аяқталды.
Кім өнерлі бұл кеште үміт алда,
Әділ қазы алқасы атыңды ақта.
Қай топтың білімдері мықты екен?
Ортаға шығыңыздар мақтау айта, -деп Әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Марапаттау: ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Көңілдің ақ тілегін қол етеміз
Тілектермен нығайсын мерекеміз,
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс
Осыменен аяқталды сайысымыз!
Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргіміз келеді.
ӘН АМАН БОЛСА ӘЛЕМ ӘДЕМІ БОЛАДЫ!
ӘНДІ СҮЙГЕН ЖҮРЕКТЕРІҢІЗ ТОҚТАМАСЫН!ӘДЕМІ БОЛАЙЫҚ, БАР БОЛАЙЫҚ, АМАН БОЛАЙЫҚ!