Презентация Ба?даршам бізді? досымыз


Бағдаршам біздің досымыз Бағдаршамның тарихы Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі. Жол белгілері Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. Қып-қызыл үшбұрыш,Ескерту белгісі мен болам.Қауіптен сақ бол деп,Сәт сапар жолдаған.Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған. Ескерту белгілері «Тыйым салу белгілері» Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты. «Міндеттеу белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,Абай бол, тартуымды міндетті орында! Нұсқау белгісі Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,Үн – түнсіз жол  сілтеп жол  нұсқап  тұрамын.Күндіз де, түнде  де от болып жанады,Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым. Қандай белгі? Нені білдіреді? ІІ кезең «Белгіленген маршрутты өту» ІІІ кезең Белгілерді атауы бойынша салу IV кезең «Жол жүру әліппесі» атты он-лайн ойын Сайт адресі: MVD.gov.kz V кезең Мозайка жинау