Г?л шо?ыны? сыры мол т?рбие са?аты


Бекітемін: №249мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Аяп
Тәрбие сағатының тақырыбы: Гүл шоғының сыры мол
Тәрбие сағатының мақсаты: Табиғаттың әсем бейнесін суреттей білуге,оқушыларға мерекелік көңіл күй
сыйлау. Оқушыларға қоршаған ортаны , табиғатты сүюге,аялауға, қорғауға
тәрбиелеу.Табиғаттың әсем бейнесін суреттер арқылы сезіне білу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: АКТ , суреттер, шарлар, гүлдер
Тәрбие сағатының барысы:І Ұйымдастыру
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
ІІ Кіріспе бөлім
Табиғаттың бір бөлшегі-жасыл әлемнің алар орны ерекше. Өсімдіктер әлемнің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды. Өсімдік-тіршіліктің тірегі. Сонымен , жасыл әлем- адамзат баласын азық-түлікпен қамтамассыз ететін табиғи зертхана. Ол - тіршілік тірегі, ол өмір. Өсімдіктер зиянды микробтарды жояды. Өсімдіктер шуды бәсеңдетеді, әсіресе қалалық жерде көліктерден, өндіріс өнеркәсіп орындарынан шығатын шу адамның жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, өмірін бірнеше жылға қысқартуға әкеп соғады. Көше бойына отырғызылған ағаштар , ағаш жоқ ашық жерге қарағанда, шуды бес есе бәсеңдететіні анықталады. Ағаш неғұрлым жиі отырғызылса , соғұрлым шуды көп бәсеңдетеді. Өсімдіктердің қар тоқтатуда маңызы зор. Шөл , шөлейтті атырапта жауған қар мен боранға тосқауыл болатын да өсімдік.
Сонымен қатар көктем мезгілінде мектеп ауласын гүлдендіріп, жасыл желекке ну орманға айналдыруға білімімізбен күш-жігерімізді айамаймыз.
-Бүкіл тіршілік атаулыға ауасыз , сусыз, жер-анасыз өмір сүру мүмкін емес, олай болса тіршіліктің арашасы , өсімдіктерді, ағаштарды, қоршаған ортаны көбейтіп, ауылды көгалдандырып,таза ұстап, аялай білейік.
Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жайқалып өссін! -деп гүл шоғының сырын ұғайық
Жасыл түс –көзге өте жағымды ,бұл жапырақтардың түсі,кез-келген түспен жарасып әрін ашады.
Ақ түсті басқа түстермен араластырып қана қолдануға болар еді.Шығыстың кей жерлерінде бұл түсті түрлі суреттер салуға қолданады. Гүл шоқтарының әсемдігі ,сұлулығы,тартымдылығы құмыраның түр-түсіне байланысты болса,ал құмыра таңдау –гүлдердің түсіне тәуелді.Георгин сияқты сүйікті гүлдерге керамикадан жасалған ыдыстар жарасады. Орхиден , антуриум гүлдеріне металдан жасалған құмыралар қонымды.
Сары түс - күннің шуағындай адамның көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Қызыл түс-көз тартатын адамға қуаныш сыйлайтын сұлулықтың белгісі.
Жиын, той, мереке, туған күн кештеріне арнап гүл шоғын жасау үлкен өнермен ұқыптылықты , ізеттілік пен талғампаздықты талап етеді.
Қорта айтқанда бұл түстерді күнделікті көше қиылысындағы өмірімізді сақтандыратын бағдаршамнан көруге болады.