Открытый урок на тему: Б?р?ы типті кешендермен тоннель ж?ргізу


Хромтау тау – кен техникалық колледжінің
арнайы пән оқытушысы
Жұмағазина Айнұр Серікқалиқызы
Сабақ жоспары № 49-50
Пән аты: Кен үңгілеу және құрылыс машиналары
1 Сабақтың тақырыбы: 3.9 тақырып. Бұрғы типті кешендермен тоннель жүргізу.
2 Сабақтың мақсаты: 1. Бұрғы типті кешендермен тоннель жүргізу туралы түсінік, жаңа тақырып бойынша бұрғы комбайндармен және терминдермен танысу;
2. Ойын тапсырмалары арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3. Студенттерді дәріс және мәтін мазмұнын оқыту арқылы рухани - адамгершілікке тәрбиелеу,еңбек тәрбиесін дамыту, еңбекке баулу.
3 Сабақ түрі Аралас
4 Сабақ типі Жаңа білімді меңгеру сабағы
5 Оқыту формалары Топтық, екеуара
6 Оқыту әдісі Репродуктивті әдіс
7 Пәнмен байланысы Жарылыс жұмыстарының технологиясы мен қауіпсіздігі, кен үңгілеу және құрылыс машиналары
8 Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, үлестірме материалдар
Сабақ жоспары
№ Бөлім атаулары Уақыты
(мин) Ұпай саны
1 Ұйымдастыру бөлімі 3 2 Үй тапсырмасын сұрау 15 5 ұ.
3 Үй тапсырмасын бекіту « Сұрақ – жауап» 7 1 жауап – 5 ұ.
4 Жаңа сабақты түсіндіру 10 5 Сергіту сәті 5 6 Сөйлемді толықтыр... 8 10 ұ.
7 Венн диаграммасы 13 10 ұ.
8 Жаңа сабақты бекіту «Шындық па? Жалған ба?» 6 1 жауап -1 ұ.
9 Рефлексия 2 10 Үй тапсырмасын беру 1 11 Бағалау 3 12 Қорытынды 2 Сабақтың барысы
Жұмыс түрі Оқытушы қызметі Оқушы қызметі Ұпай саны Нәтиже
1. Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин Оқшылармен амандасады. Түгелдейді. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндеттерін мәлімдейді. Амандасады. Белгіленеді. Мұғалімді мұқият тыңдайды.
Сабаққа деген қызығушылық, дайындығын және жауапкершілігін арттыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау – 15 мин Қазба өту технологиясы
Қазба жүргізу цикліне жыныстарды бұзу және тиеу
(комбайндық жұмыстар), комбайнның кескіштерін айырбастау, комбайнның тетіктерін тексеру және майлау, бекітпелерді орнату, теміржол төсеу, суағарларды салу және т.с.с. жұмыстар кіреді.
Жыныстарды комбайнның жұмыс мүшелерімен (кескіштерімен) бұзады. Бірінші кезекте айналып тұратын бұрғыбасымен горизонтальді сызық бойынша саңлау (1) жасалады (16-сурет). Саңлауды өту нәтижесінде екінші жазықтық ашылады.

16-сурет. Комбайнның бұрғыбасының забойдың көлденең қимасындағы жүру сұлбасы
а-төменнен жоғары қарай; ә-қазбаның ортасынан
Одан кейін, осы саңлаудың маңайындағы жыныстар ретімен жоғары-төмен кеңітіліп қазылады. Бұзылған жыныстар бірден тиеліп жатады. Осы ретпен қазба қимасы толық ашылады. Жұмыскерлер аралық тиегіш арқылы тиеліп жатқан вагондарды қадағалайды, толы вагондарды бос вагондармен ауыстырады және комбайннан қалған жыныстарды жиыстырады. Сонымен қатар олар комбайнның жұмысын қадағалайды, кескіштерін ауыстырады және бір бөлшектері сынса, оларды ауыстырады. Комбайн тоқтаған кезде бекітпелерді орнатады.
Қазба өтуге арналған комбайндың кешендер жыныстарды бұзу, тиеу,
тасу, уақытша және тұрақты бекітпелерді орнату жұмыстарын механикаландыруға арналған. Кешеннің негізгі машинасы – комбайн.
Кешеннің құрамына кіретін басқа жабдықтарды комбайнның типіне
байланысты, оның жоғарғы өнімділікпен жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей етіп, таңдап алады. Дайындалады. Өткен тақырыптарды естеріне түсіреді және жауап береді 5 Ойлау, сойлеу, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.
3. Үй тапсырмасын бекіту « Сұрақ – жауап» - 7 мин Үйге берілген дәріс бойынша келесі сұрақтарға толық жауап беру:
Қазба жүргізу цикліне қандай жұмыстар жатады?
Жыныстарды қандай кескіштермен бұзады?
Айналып тұратын бұрғыбасымен қандай сызық бойынша саңылау жасалады?
Саңылауды өту нәтижесінде не ашылады?
Қазба жүргізу технологиясының түрлері?
Төменнен жоғары қарай қазу сызбасын сызып бер?
Жоғарыдан төмен қарай қазу сызбасын сызып бер?
Қазбаның ортасынан сыртына қарай қазу сызбасын сызып бер?
Жұмыскерлер қандай тиегіш арқылы жыныстарды қайда тиейді және атқаратын қызметтері?
Комбайн тоқтағаннан кейін не орнатады?
Кешеннің негізгі машинасы?
Қазба өтуге арналған комбайндық кешендер қандай жұмыстарды механикаландыруға арналған?
Комбайн дегеніміз не?
Кешеннің құрамына кіретін басқа жабдықтарды комбайнның қандай жұмыстарын қамтамасыз ететіндей таңдап алады?
Комбайндарды қолдана отырып қазбаларды айына қандай жылдамдықпен жүргізуге болады?
Комбайндарды қолдану экономикалық тұрғыдан тиімді болу үшін онымен атқарылатын жұмыстар қандай болған жөн?
Комбайнның көрсеткіштері бұрғылап – аттыру әдісімен салыстырғанда қандай?
Бұрғылап – аттыру әдісімен өтілген қазба қандай жағдайда арзанға түседі? Өткен тақырып бойынша қазбаның параметрлерін тауып, формуласын жазады.
1 жауап – 5 ұ. Ойлау қабілетін дамыту. Тыңдайды және есте сақтайды.
4. Жаңа сабақты түсіндіру – 10 мин Бұрғы типті комбайндар тоннель қимасын толық өлшемдері бойынша бірден қазады. Жұмыс органдарының құрылымдарына қарай, олар роторлы типті және планитарлы типті комбайндар болып бөлінеді. Бұл комбайндар беріктігі 150 Мпа және одан да жоғары жыныстар сілімінде қазба жүргізе алады. Бұрғы типті комбайндар екі топқа бөлінеді: беріктігі көмір, сланец және жұмсақ жыныстарда және беріктігі жоғары жыныстарда қазба жүргізе алатын комбайндар болып. Бірінші топқа ПК-8м, «Урал-10КС» және «Урал-20КС» сияқты ТМД елдерінде шығарылатын комбайндар жатады. Екінші топқа ТОР-2 және «Союз-19» типті бекемдігі қатты жыныстарда жұмыс істей алатын комбайндар жатады. Алыс шет елдерде де қазбалар және тоннельдер жүргізу үшін әртүрлі бұрғы типті комбайндар шығарылады.
Тоннельді салғанда қазбаларды бұрғы комбайндарын қолдануға көшуге, бұрғылап-аттыру әдісіне қарағанда, жұмыстарды забойда үздіксіз жүргізу; жоғары деңгейде механикаландыру; жыныстарды бұзу және тиеу жұмыстарының бір мезгілде жүргізу мүмкіндігі; еңбек шығының 20-40% - ға азаюы; жыныс сілімінің бұзылу деңгейінің азаюының салдарынан бекітпеге түсетін қысым-күштің кемуі; қазба жүргізу жылдамдығының 1,5-2 есе өсуі сияқты артықшылықтары себеп болды.
Әр түрлі мақсаттардағы тоннельдерді және жерасты тау-кен қазбаларын жүргізу үшін шет елдерде де бұрғы типті комбайндарының бірнеше түрін шығарады. Олардың қатарына «Робинс» «Дрессор» (АҚШ), «Баде», «Демаг», «Вирт», «Крупп» (Германия) және «Ловат» (Канада) сияқты комбайндарды жатқызуға болады. Жаңа тақырыптың конспектісін дәптерге жазады. Ойлау және көру қабілетін дамыту .
5. Сергіту сәті – 5 мин
6. Сөйлемді толықтыр – 8 мин Берілген жаңа тақырыптың дәрісі бойынша сөйлемнің мағынасына сәйкес көп нүктенің орнын толықтыру.
1 – топ
Тоннельді салғанда қазбаларды ............................................ қолдануға көшуге, бұрғылап-аттыру әдісіне қарағанда, жұмыстарды .................................. жүргізу; жоғары деңгейде ...........................................; жыныстарды бұзу және тиеу жұмыстарының бір мезгілде жүргізу мүмкіндігі; еңбек шығының ...............................................; жыныс сілімінің бұзылу деңгейінің азаюының салдарынан бекітпеге түсетін ..................................................; қазба жүргізу жылдамдығының ........................................ сияқты артықшылықтары себеп болды.
..................................... бұрғы комбайндарының жыныс кескіш жұмыс мүшесі жазықтыққа тік орнатылған әртүрлі ................................... (кашаутісті) немесе ............................ бөлшектерден тұратын айналмалы платформа (планшайба) болады. Роторлы типті комбайндармен сығымға беріктігі ............................................................................................. қазба жүргізе алады. Бұл типті комбайндарды ........................, ......................., «Калвелд» (АҚШ), ........................, «Демаг» (Германия), «Атлас-Копка» (Швеция) және басқа да фирмалар шығарады.
2 – топ
Екі сатылы ......................................... тоннель өтудің кейбір мынадай артықшылықтары бар: кеңіткіш-комбайнның кергіш тетіктері тоннельдің қаптамасын орнатуға кедергі жасамайды; осының арқасында .......................................................; кеңіткіш-комбайндардың ............................. кезекпен жұмыс істейтін болғандықтан, қазба қимасын толық бірден өткенге қарағанда, оларға керекті қуаттық мөлшері аз болады; тоннельді алғашқыда .............................................................. кезде жыныс сілімінің геологиялық сипаттарынан нақты деректер алынады; тоннельдің забойын ................................................ Көп сатылы кеңіткіш-комбайындарды қолданғанда тоннельдің ........................................................ да өзгертуге мүмкіндік туады.
.................................................комбайнның тік жазықтықта айналмалы қомақты сомдап жасалған платформаға орнатылған фрезалары (2-4-6 фрезалы-бұрғы-кескішті) бар жұмыс мүшесі болады. Фрезалар бір бағытта айналады, ал платформа оған қарама-қарсы бағытта айналады. Фрезалар айналған кезде платформа сығымды ......................................... көмегімен забойға ендіріледі. Уатылып забойдың табанына түскен жыныстар платформаға орнатылған шөмішті конвейермен комбайнның артына орнатылған .............................. тиейді. Осы типті комбайндарды қолдану арқылы беріктігі .......................... дейінгі жыныстар сілімінде тоннель қазбасын жүргізуге болады.
3 – топ
................................ комбайндар адымдауыш тетіктің көмегімен .......................... жылжиды.
Уақытша бекітпелерді орнату үшін комбайндар қарнақтар орнатылатын ..........................., қарнақтарды орнату, .................... және ............................. бетон шашатын қондырғылармен жабдықталған. Жарықшақты және сілімінің тұтастығы бұзылған жыныстары бар қазбаларды пішіні дөңгелек аркалы бекітпелермен, кейде оларды сомдап жасалған ........................................................., комбайннан кейін бекітеді.
Бұрғы типті комбайндардың бәріне тән мынадай кемшіліктері бар:
- тоннель қимасының пішіні тек қана дөңгелек болады;
- егер жыныстардың бекемдігі жобаланған мөлшерден жоғары немесе ...................................... болса, онда бұл участкелерді комбайндармен жүргізу жұмыстары күрт қиындайды;
- шаң басу жұмыстарына ...................... жұмсалады;
- электроқозғағыштарының қуаттары өте жоғары, кейде
.................................. дейін жетеді.
4 – топ
Тоннель қазбаларын .............................. жүргізудің бұрғылап-аттыру әдісімен салыстырғанда мынадай артықшылықтары бар:
- тоннель жүргізу .................................................;
- тоннельдің қимасының жиегі .......................... жобаға сәйкес болады және артық жыныс бұзылмайды. Осының салдарынан қапсырма жасау үшін ..................................... жұмсалмайды;
- жыныс сілімнің .................................................... қасиеті бұзылмайды.Сондықтанда қаптаманың қалындығын азайтуға мүмкіндік туады;
- пайдалану кезеңінде ............................. тұрақты болады;
- еңбек шығыны азаяды, қауіпсіз және технологиялық
үрдістердің .............................................. жоғары.
Тоннельдері ....................................... және ....................... жыныстар сілімінде комбайндар қолданып жүргізілгенде қазба өту жылдамдығы .................................... Жаңа терминдермен танысып, дәптерлеріне жазып алады 10 ұ. Өз бетімен жұмыс істеуді үйрету, өз ойларын жеткізе білу.
7. Венн диаграммасы – 13 мин Берілген жаңа тақырып бойынша А3 форматына шеңберді сызып комбайндердің екі түрінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазу.
Берілген тапсырмаларды мұқият тыңдайды және орындайды. 10 ұ. Сөйлеу қабілетін дамытып, есте сақтау қабілетін дамыту .
8. Жаңа сабақты бекіту «Шындық па? Жалған ба?» - 6 мин Жаңа сабақтан және өткен тақырып бойынша берілген сұраққа жылдам жауап беру керек.
Бұрғылап жару жұмыстары – бұрғылау және жару жұмыстарының өндірістік тәртібін көрсететін куәлік. (жоқ)
Бұрғылау -жыныстардың шпур және ұңғыма забойында бұрғылау құрылғылары арқылы тізбектеліп бұзылу үрдісі және бұзылған өнімнің жоғарыға шығарылуы. (иә)
Бұрғылау жұмыстары – ұңғыма осіне бұрғылау көлігін қондыру, оны толық тереңдікте бұрғылау, бұрғылау қондырғысын көтеру және оны келесі ұңғыма орналасқан жерге көшіру кезіндегі технологиялық операциялар жиынтығы. (иә)
Бұрғылап жару жұмыстарының паспорты – бұрғылау және жару жұмыстары кезінде орындалатын технологиялық операциялардың жиынтығы. (жоқ)
Тоннель - сусымалы, кесек-кесек немесе жеке-дара жүктерді тасымалдауға арналған үздіксіз әрекетті машина. (жоқ)
Комбайн – кешеннің негізгі машинасы. (иә)
Конвейер – доңғалақты көліктің жүруіне арналған жазық немесе көлбеу қазбалар. (жоқ)
Ротор типті бұрғы комбайндарының жыныс кескіш жұмыс мүшесі жазықтыққа тік орнатылған әртүрлі шарошқалы (кашаутісті) немесе дискелі бөлшектерден тұратын айналмалы платформа (планшайба) болады. (иә)
Көп сатылы кеңіткіш-комбайындарды қолданғанда тоннельдің диаметрлерің шамаларын да өзгертуге мүмкіндік туады. (иә)
Планитарлы типті комбайндарды қолдану арқылы беріктігі 180 Мпа – ға дейінгі жыныстар сілімінде тоннель қазбасын жүргізуге болады. (жоқ) Сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап береді.. 1 жауап – 1 ұ. Есте сақтау қабілетін дамыту.
9. Рефлексия – 2 мин Студенттерден бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын сұраймын. Сабақтан қандай әсер алдыңыздар деп сұраймын, өткен сабақтан және жаңа сабақтан есте қалған термин сөздерді сұраймын. (Кері байланыс)
Сабақтан алған әсерлерін, жаңа термин сөздерді, сабақта ұнаған бөлімін айтады. Берілген тапсырылмаларын уақытында орындау, жауапкершілігін дамыту
10. Үй тапсырмасын беру – 1 мин 1. Бұрғы типті кешендермен тоннель жүргізу туралы дәрісті оқып, дәптерге қысқаша конспект жазып келу;
2. Жаңа термин сөздерді жаттап келу.
3. Бұрғы комбайндардың түрлерінің суреттерін салып келу. Берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып алады 11. Бағалау – 3 мин 40–32 – “5”
31–23 – “4”
22–15 – “3” Студенттер өз ұпайларын айтып, бағаланады.. 12.Қорытынды – 2 мин Сабақты қорытындылаймын. Сабақ ұнады ма деп сұраймын. Оқушылардың дәптерлерін тексеремін. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалаймын. Жауап береді және сұрақ қояды. Сабақ туралы пікір бөліседі. Дәптерлерін көрсетеді