Квадрат те?деуге келтірілетін те?деулер


Сабақ: Мектеп: Ақши орта мектебі Пәні: математика
Күні: 01. 02.2017ж Мұғалімнің есімі: Алиман Кауаша
Сабақтың тақырыбы Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер Сынып: 8б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерге берілген есептерді шеше алады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:

Басым көпшілігі
Кейбір оқушылар: Барлық оқушылар квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеумен танысып, оладры шешуге берілген есептерді шеше алады.
Бұл тақырыпты игеру барысында биквадрат теңдеу ұғымымен, квадрат теңдеуге келтірілетін басқада теңдеулер түрімен танысып, оларды шешудің әдістерін үйренеді.
Биквадрат теңдеулерді квадрат теңдеуге келтірудің ерекше әдістеірін қолданып теңдеулерді шеше алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер Натурал көрсеткішті дәреже, квадрат теңдеу, квадрат теңдеудің түбірлері, квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Жаңа айнымалы енгізу әдісін қарастырудың қандай қажеті бар?
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулердің түбірлеріне неліктен тексеру жүргізу керек?
Талқылауға арналған тармақтар:
Нақты сандар
Рационал сандар
Иррационал сандар
Квадрат түбір
Квадрат түбірлерді түрлендіру
Рационал теңдеулер
Биквадрат теңдеу
Сіз неліктен .... екенін айта ласыз ба? Сіз биквадрат теңдеулерді шешуде жаңа айнымалыны енгізіп тапқан түбірлерді неліктен тексеру керек екенін білесізбе?
Жазылым бойынша ұсыныстар Квадрат теңдеулер, биквадрат теңдеулер, жаңа айнымалыны енгізу, квадрат түбір табу формуласы, дискриминат, Виет теоремасы.
Алдыңғы оқу Рационал теңдеулерді шешудің әдіс тәсілдерін үйреніп, бөлшек – рационал теңдеулерді шешудің жолдарын үйренді.
Жоспар
Жоспарланған
Уақыт Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар
Басталуы Оқушылар түгелденеді, сабақтың тақырыбымен таныстырып, сабақтың негізгі ұғымдарын айқындап, бұрынғы өткен мазмұндармен өзара байланысы және айырмашылықтары айқындалады. Оқулық
Ортасы І деңгейлік тапсырма
Төмендегі теңдеулердің түрін атап көрсетіңдер?
x4 +2x2-5=0
y2 -2y3 +5y=7
z2+9=0
x2+5x=17
x2+5x=0
4x2 -3x+12=0
X2 +3x+5=0
ІІ деңгейлік тапсырма
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешудің алгоритмі?
Шыққан квадрат теңдеуді шешу
Жаңа айнымалы енгіземіз
Жаңа айнымалыға байланысты квадрат теңдеу аламыз
Табылған теңдеулерге тексеру жүргізіп, берілген теңдеудің түбірін табамыз.
Алғашқы айнымалының мәнін табамыз.
ІІІ деңгейлік
тапсырма
Теңдеулерді шешіңдер
x4 – 20x2+64=0
x4 – 20x2+100=0
x4 +8x2+15=0
x4 – 14x2-32=0
x4 – 4x2-45=0
x4 – 20x2+64=0 Оқулықтағы тапсырмалар, жаттығулар
Аяқталуы Өтілген сабақ мазмұндарын қайталау сұрақтары арқылы оқушылардың тақырыпты түсінген түсінбегенін бақылау. Жаттығу есептерін шығару барысында оқушылардың қандай мазмұнадр төңірегінде қиналатынын бақылай отырып, сол мазмұндар төңірегінде қосымша сабақтар барысында қайталап түсіндіруді естен шығармау.
Оқулықтағы қайталау сұрақтар