Презентация по математике на темуБ?лшек сандарды? онды? жазылуы (5 класс)


Бөлшек сандардың ондық жазылуыСабақтың тақырыбы: Бөлшек сандардың ондық жазылуыСабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ондық бөлшектің жазылуы, бүтін бөлік, бөлшек бөлік, олардың разрядтары, үтір қайыру, ондық бөлшектің қасиеттерін меңгерту.
Дамытушылығы: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша орналастыра алу,оқушылардың білім және білік дағдысын дамыту, өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, сұрақтарға нақты жауап беруге, алған білімдерін практикамен ұштастыруға, өз білімін көрсете алатын қасиеттерін ашуға тәрбилеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақКөрнекілігі: Жұмыс дәптері,интерактивті тақтаСабақтың барысы:
І кезеңде - а) ұйымдастыруә) өткен тарауды қайталап,пысықтауб) үй тапсырмасын тексеруІІ кезеңде 1)Жаңа тақырып:
2)Есептер шығаруа) оқушылардың өз беттерімен жұмысыә) жұмыстың жүргізілуін тексеруІІІ кезеңде Ұпайларын қорыту;Бекіту; үйге тапсырма беру.
а)ұйымдастыруә) Өткен тарау бойынша сұрақ-жауап.
1.Жай бөлшек дегеніміз қандай бөлшек?
ж/бы: алымы және бөлімі бар бөлшектер жай бөлшектер деп айтылады2. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу амалы қалай орындалады?
ж/бы: бөлгішті кері бөлшекке айналдырып, көбейту амалы ережесібойынша көбейтеміз3. Жай бөлшекті көбейту амалы қалай орындалады?
ж/бы: алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз4. Жай бөлшекті азайту үшін не істейміз?
ж/бы:бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері берідей бөлшектерді азайту ережесі бойынша орындалады5. Жай бөлшекті қосу үшін не істейміз ?ж/бы: бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері берідей бөлшектердіқосу ережесі бойынша орындалады6. Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табудың айырмашылығынеде?
ж/бы: санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейтеміз, албөлігі бойынша санды табу үшін, бөлікке сәйкес санды осы бөлшеккебөлеміз.
б)үй жұмысын тексеруII.Жаңа тақырыпАнықтама.Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.
1-мысал.  (оқылуы:3 бүтін оннан 7)
2-мысыл.  (оқыл уы:2 бүтін мыңнан 817)
2, 817 бөлшегінде неше ондық таңба бар, олар разрядтарға қалай жіктеледі?
Ж/бы:Үш ондық таңба бар, 2,817 ондық бөлшегіндегі үтірдің оң жағындағы бірінші цифр 8 ондық үлестер, екінші цифр 1 жүздік үлестер, үшінші цифр 7мыңдық үлестер санын көрсетеді.
Есептер шығару. №884,№885 (ауызша)
№888, №889,890,№891
№897,№898
Сабақты бекіту.
1. Ондық бөлшектің соңына 0-дерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
Жауабы: өзгермейді2.Жай бөлшектің ондық бөлшек түрінде жазылуында бөлімінде қанша нөл болса, үтірден кейін сонша цифр болуы қажет , неліктен?
Жауабы: Бөлімдері 10,100,1000 және т.с.с. болатын жай бөлшектер болғандықтан.
Үйге тапсырма: №894, №900
Оқушыларды бағалау.
1.Сабақ тақырыбы: «Жай бөлшекпен қоштасайық,
                                    Ондық бөлшекпен достасайық».
2.Сабақ мақсаты: а/білімділік: Оқушыларға ондық бөлшек туралы түсінік беру, ондық бөлшекті қосу амалын игерту, есеп шығартуб/дамытушылық: Жай бөлшекті ондық бөлшекке, ондық бөлшекті жай бөлшекке,  айналдырып қосу амалдарын қолданып есептер шығартып, оқушылардың шапшаңдық және ойлау қабілеттерін дамыту;
в/тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу;
3.Сабақ түрі: Жаңа сабақ. а/Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, есептер шығартуб/Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі4.Сабақ көрнекілігі: Сызба плакаттар5.Сабақ барысы: а/Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3.Сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын түгендеу.
4. Үй тапсырмасынан сұрау, бекітіп қорытындылау.
6.Жаңа тақырыпты оқып үйрену.
 а/ «Жай бөлшекпен қоштасайық, ондық бөлшекпен достасайық» сабағын бастау.
          1/ Жай бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?
          2/Дұрыс бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?
          3/Бөлшектің алымы деген не?
 4/Бөлшектің бөлімі деген не?
1.Бөлімі бес, алымы екі; алымы жеті, бөлімі тоғыз; бөлімі он, алымы бір;алымы жеті, бөлімі он бес бөлшек жазыңдар!
2.Бестен үш; қырықтан он бір; елуден жиырма үш; тоқсан бірден он екі сандарын жазыңдар!
3.Суреттегі: 1/ Боялған бөлшектерін, 2/ Боялмаған бөлшектерін жай бөлшек түрінде жазыңдар!
1/
                   
                   
 
2/
           
           
           
 
        ә/Ондық бөлшектің пайда болуы жайлы14-15 ғасырларда ғылым мен техниканың дамуына байланысты күрделі есептеулер жүргізіле бастады.Оларды жай бөлшекпен есептеу қиндық туғызды. Сондықтан 10, 100, 1000 тағысын тағы бөлшектерді бөлімсіз жазу қабылданды.
М: -ң бөлшек түрінде жазылуы: 4,7 (Оқылуы төрт бүтін оннан жеті)
5 11/100-ң бөлшек түрінде жазылуы: 5,11 (Оқылуы бес бүтін жүзден он бір)
Егер бөлшек дұрыс бөлшек болса, онда үтірдің алдына «О» цифрі жазылды.
М: 319/1000- ң  бөлшек түрінде жазылуы: 0,319 (нөл бүтін мыңнан үш жүз он тоғыз)
Жоғарыдағы: 4,7; 5,11; 0,319-ондық бөлшектер деп аталады.                   
Ондық бөлшектер натурал сандарға ұқсас және есептеулер жүргізуге ыңғайлы болғандықтан күнделікті өмірдегі есептеулерде жиі пайдаланылады.
Ондық бөлшектер, оларға амалдар қолдануды ортаазиялық ғалым Әл-Каши өзінің  «Арифметика кілті» (1427жыл) еңбегінде жазған. Ол ондық бөлшекті ең алғаш пайдаланған ғалым ретінде тарихқа енген.
        б/ ондық бөлшектің жазылуы, оқылуыОндық бөлшек екі бөліктен тұрады. Оның жазылуындағы үтірдің сол жағындағы цифрлар оның бүтін бөлігі, ал оң жағындағы цифрлар бөлшек бөлігін құрайды.
М: Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.
Ондық          таңбалары35,418
Бүтін бөлігі                                                                   Бөлшек бөлігіОндық бөлшектерде натурал сандардай ондық жүйеде жазылады. Мұндада солдан оңға қарай әрбір келесі бірлік алдыңғысынан он есе кіші болады. Ондық бөлшектің бірліктен де кіші разряды болады. Олар:
Ондық бөлшектер разряд бірлігі-  =0,1
Жүздік  бөлшектер разряд бірлігі-
Мыңдық  бөлшектер разряд бірлігі- т.с.сМ: 2,817 ондық бөлшегін разрядтық қосылғыштарға жіктеп жазсақ:
2,817=2+= 2+ +  + =2+0,8+0,01+0,007 болады.
2,817=2+0,8+0,01+0,007
Разрядтық қосылғыштардың қосындысы. Демек 2,817 ондық бөлшегінде 2-бірлік, 8-ондық үлес, 1-жүздік үлес, 7-мыңдық үлес бар.
Анықтама: Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ОНДЫҚ бөлшек деп аталады.
в/ ондық бөлшекті қосуМ: 4,21 жәңе 5,47 сандарының қосындысын табайық.    баған түрінде қоссақ қосындысы 9,68 болады. Сонда ондық бөлшектерді қосу үшін:
1/Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астында үтір тұратындай ) етіп баған түрінде жазу керек.
2/разрядтар бойынша қосу керек.
3/Қосындыдағы үтірді қосылғыштағы үтірдің астына қою керек.
М:1/  ;     2/
б/ Ондық бөлшектерді қосқанда қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады. М: a + b= b + a –ауыстырымдылық қасиеті                                   (a + b) + c = a + ( b + c )-терімділік қасиеті(15,224+8,1) + 1,9 = 15,224 + (8,1 + 1,9 )= 25,224
в/ Есептер шығару1.Төмендегі есептерді ауызша орындаймыз:
1.0,7+0,3=                                   2.0,4+0,1=                                           3.0,26+0,14=
   1,2+0,8 =                                  1,3+0,5=                                                 0,75+0,25=
             3,5+0,5 =                                 1,1+1,4 =                                                0,91+0,09= 
2. Есептерді жазбаша орындаймыз:
1. 0,07+13,23                               2. 85,07+3,03                                 3.6,3+2,5+0,7
  9,02+4,28                                       25,6+0,41                                      9,2+3,3+1,6
  18,36+7,14                                     56+0,37                                        0,1+9,9+1,5
 
 
 
7. Жаңа сабақты қорытындылау.
6    
           7  
11   8
а/ Жаңа сабақты төмендегі «Сиқырлы квадрат» ойынын ойнап қорытыдылаймыз.
1,5   3,2
                                    2,3  
1,4    
 
 
 
 
ә/ Бағалау: Үй тапсырмасын орындап осы сабаққа белсенді қатысып жоғарыда берілген тапсырмаларды орындауларына сәйкес оқушылар төмендегі кесте бойынша бағаланады.
№ Оқушылардың ТАЖ Берілген тапсырмалар /алған бағалары/ Берілген ортақбағаЖай бөлшектен... Ондық бөлшектен..Есептер... Логикалық есептер... 1 Аманжолова Айдана               
2 Дабеев Жансұлтан               
3 Кубриянов Ержан               
4 Құсайынова Камила               
5 Сериков Еркебұлан               
 
Нұсқау: Сиқырлы квадраттың қатарлары бойындағы , баганалары бойындағы және қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінділер (дионанальдар) бойындағы сандарының қосындысы тең болуы және бір сан бірақ  рет пайдаланылуы шарт.
8. Үй тапсырмасы:а/ Сиқырлы квадрат сызып оған ондық бөлшектегі сандар қойып, нұсқау бойынша орындау;
ә/№ 968-969 есептрді шығарып келу