?останай облысы, Рудный ?аласы №7 орта мектебі КММ Жігіт с?лтаны


«Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Жүрекке адалдықтың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнінАрдақты ағаларға шын көңілденЖолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.  Ақыл – көрік бойларында жетеді,Әлі талай сынақтардан өтеді.Мына отырған баршыңызды өзіменТез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру. Алимжанов Арғын Валиханұлы Сактаганов Мейрам Рустемұлы Тобылжан Нұрболат Мейрасбекұлы Умурзаков Мансур Маратұлы Кузбаков Данияр Мусилимжанов Диар Қанатұлы Жанбыл Әділ Нұрбақытұлы Ерменов Мерзат Абдилханұлы Еришев Данияр Тулендыұлы Бисаханов Саян Маратұлы Таныс болдық жігіттер тегімененТуып өскен мекені, еліменен.Бәрі де ақын көрінеді,Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.Парасатты ер жігіт,Ақылымен әр іс біледі.Өнерің барда жігіттер,Тоқталып сірә, іркілме.Жұрт қарасын қызығып,«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімі ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,Келді кезек тапқырлықты танытар.Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөлімі. ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» сұрақ – жауап сайысы. ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.Әй, ер жігіт, ер жігіт,Ей, өр жігіт, өр жігіт.Атыңа ерік бер, жігіт.Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін Мықты болсаң тығырықтан шыға білКелді кезек тапқырлықты танытарБұл сыннан да өтсең егер сүрінбейЖүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы. V бөлім «Тұғырыққа тірелгенде» түйме қадау.Мықты болсаң тығырықтан шыға білКелді кезек тапқырлықты танытарБұл сыннан да өтсең егер сүрінбейЖүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. Марапаттау. Мерекелеріңіз құтты болсын!