1 сыныпта ана тілі п?нінен Т?рт т?лігім-ырысым та?ырыбына ашы? саба?


Төрт – түлігім ырысым «Төрт – түлігім ырысым».Мақсаты:1. Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке - жеке таныстыру.2. Төрт түлік туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.3. Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Барысы:1. Кіріспе сөз.- Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Мал олардың киімі, тамағы, көлігі. Бір сөзбен айтқанда бар -лық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сондық - тан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп - бағудыкөбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарайіріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, тіптімүйізіне, сүйегіне дейін ұқсата білген. Сондықтан қасиеттітөрт - түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,Үстінде екі тауы бар.»- Бұл қандай мал?- Түйе.1 - оқушы: «Төрт түліктің төресі - түйе» туралы мазмұнын айтып береді.- Түйе төлі - ботақан,Мөлдіреп көзі ойнаған.«Бота» туралы тақпақ.Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,Шауып келеді жүйрігім»- Бұл қандай жануар екен?2 - оқушы: «Жылқы - ер қанаты» туралы айтады.- Жылқы төлі - құлыншақ,Тұяғы жерге ұрыншақ.Ән «Құлыншақ» орындайтын хор.Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,Момындық дұрыс ойы бар.Кербезденіп жүрмейді,Айналдырған тоны бар.- Бұл қандай жануар?3 - оқушы: «Қой - төрт түліктің момыны» туралы айтады.- Қой төлі - қошақан,Өріске қашқан қорадан.Ән «Қошақан» орындайтын хор.Жұмбақ: Асты пышақ, үсті істікӨзіне лайықтап киім пішкен,Секіріп - секіріп түскен.- Бұл қандай жануар?4 - оқушы: «Ешкі - өсімтал мал» туралы айтады.- Ешкі төлі - лақ,Тыныш тұрмайды ол бірақ.«Лақ» туралы тақпақ.- Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүйеді екен?Қазір біз «Малдың төлін сүюі» туралы өлеңді тыңдап білеміз.- Мал бағу, оны мәпелеп өсіру - аса ардақты өнер.Өлең « Малды құрметтеу»Тыйым сөздер1. Малды теппе, ақты төкпе.2. Малды басынан ұрма.3. Малға теріс мінбе.Қорытынды: Бүгін балалар, біз төрт - түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.
Кері қайтуІлмек сөздер: Төрт түлігім ырысым, ашық сабақ бастауыш сыныптарында