?аза? тілі. Ашы? саба?: Ж?рна? пен жал?ау 2 В сынып


Қазақ тілі 2 «В» сынып Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау (қайталау) Сабақтың мақсаты Түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту;Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы мағлұмат беру;Қосымшалардың әр түрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту;Оқушылардың сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру; Мақсатымыз - білім алу Міндетіміз – еңбектену Еңбек етіп жұмыла«5»-ке қолды жеткізу. Сабақтың ұраны: Ұйымдастыру кезеңі Көңіл-күйлерің қалай?Сабаққа дайындығымыз қалай?Ыңтаңыз ше? Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру(291-жаттығу) Ерте –ерте, ертеде,ешкі жүні бөртеде қалың орманның ортасында зәулім үйде Қосымша деген атайдың екі немересі өмір сүріпті Мотивациялық -бағдарлау кезеңі Олар бірге ағаш жарып,бірге су тасып тату өмір сүріпті. Бір күні олардың үйіне Түбір атты атасының досы қонаққа келіпті.Атасы екі немересін орманнан жидек теріп келуге жұмсапты.Бірақ олар барғысы келмеді.Сонда атасы оларға тапсырма беріп, кім бұрын орындаса,сол Түбір атайдың қасында қалады-деді. жұрнақ жалғау Қосымша Қызығушылығынояту Сұлық жатыр ақ дала,Сирек жортқан аң ғана.Ақ көрпесін жамылып,Мүлгіп жатыр айнала.Бұл қай мезгіл,балалар? Қыс мезгілінде тағы қандай табиғи құбылыстар болады?Қыс мезгілінің де тамаша жақтары бар емес пе? Қаңтардың жиырма бірСынып жұмысы Дәптермен жұмыс көркем жазу Топқа бөліну I топ: Түбір II топ: жұрнақ III топ:жалғау Топпен жұмыс 1-тапсырма “Түбір” тобына Мәтінді оқы,түбір сөздерді теріп жаз.Күн суытты.Қар жауды.Мұз қатып қалды.Балалар киініп далаға шықты.Олар шана,шаңғы тепті. “Жұрнақ” тобынаМәтіннен қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша түбірі мен қосымшасынбөліп жазҚар жауды.Мұзқатып қалды.Балалар далаға шықты.олар шаңғы тепті. “Жалғау” тобынаМақалдан қосымшалы сөзді тауып жаз.Жаман аттан аяғым артық,Жаман жолдастан таяғым артық. Топпен жұмыс2-тапсырмаШарадалар шешу 1-топЕкі әріптен құралып,Жүруші едім мал болып.Жалғанды да бір әріп,шыға келдім шал болып2-топАлғашқыда балық ауларбалықшының құралы едім.Жалғанды да бір әріп,Бәрің жұтар..... Болдым.3-топҮш әріптен құралғанұшып жүрген құспын.“Ақ”түсін сен жалғасаң,Бір ұлт болып шықтым. Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс292-жаттығу Мәтінді түсініп,мәнерлеп оқы. Арықтау шегір көз баланың екі түрлі ғана ермегі бар.Бірі-екі сиырдың бұзауын бағып,енесіне жамыратпай жаю.Екіншісі- саздан балшық алып, ойыншық жасау.Оның әке-шешесі -күзетші. Төре ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін досы бар. Ол төре баласы- Шоқан. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгіле. 293-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз. Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жаз. Биыл қыс суық болды.Қар қалың жауды.(ненің?)түсі аппақ.Үлкендер үй маңындағы (нені?) тазалады.Балалар (неден?) аққала жасады. Топпен жұмыс3-тапсырмаЖұмбақ шешу Топпен жұмыс 1-тапсырма І топ Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде ІІ топ Жылт жылт еткен Жырадан өткен. Көлдің беті көк әйнек. Сырғанауға тым әйбәт.ІІІ топ Жазда да,қыста да, Өзгермейтін бір түсте. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады. Қорытынды Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу 1-топ Би,қобыз,сурет 2-топ Іс,орын,талап 3-топ Қыс,жаз,ән-ші,-шы,-кер,-дық,-қы,-ғы,- Бағалау. 16-17 ұпай-”5”12-15 ұпай-”4”10-15 ұпай-”3” Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық.Бүгінгі алған білімді,Ұмытпай есте сақтап алайық. 295– жаттығу.