?ызы?ты математика п?ндік шара 7 сыныптар


Бекітілді: Г.Каримова
Сабақтың тақырыбы: Математикалық сайыс (сыныптан тыс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: 7 сыныпта өтілген материалды қайталау
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін, шығармашылық белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге
дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев
Оқушыларды екі топқа бөлу: «Дарын», «Қабілет»
Ойын бағдарламасы:
Есіңе сақта!
Жорға
Тіл өнері
Адасқан әріптер
Қатесін тап!
Логикалық лабиринт
І бөлім: «Есіңе сақта!»
Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді еске түсіріп, аттарын жазу қажет (1 минут)




Дұрыс және толық жазған топқа 10 ұпай қойылады
ІІ бөлім: «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» ІІ бөлімінде әрбір топқа сұрақтар қойылады. Жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Дарын» тобына
Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
Қабырғасы 1- ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)
Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
Бұрышты қақ бөлетін сәуле? биссектриса
Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
Қиылыспайтын түзулер? Параллелль түзулер
«Қабілет» тобына
Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
Тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер? Перпендикуляр түзулер
Қарсы жатқан қабырғаны қақ бөлетін кесінді? Медиана
Негізгі ұғымдар? Нүкте,түзу, жазықтық
ІІІ. бөлім «Тіл - өнері»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізеді – дей келе «Тіл-өнері» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақты тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
Ел құлағы нешеу?
(елу, пятьдесят, fifty)
Отыз тістен шыққан сөз-неше рулы елге тарайды?
Отыз, тридцать, sooty
Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
Он екі, двенадцать, twelve
Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)он бес, пятьнадцать, fifteen
Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
Бес, пять, five
IV. бөлім«Адасқан әріптер»
Сариду
Еңшбре
Шұбршүы
Трұбышрет
Рвадкат
репмирте
V. бөлім
«Қатесін тап!»
Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет
аm × an = am-n
аm : an = am+ n
a0 = 0
(a×b)n = abna-n = 1/ a-n
3 5= 729 (243)
25 2 = 225 (625)
6 3 = 343 (216)
VI бөлім:Шығармашылық жұмыс: неше үшбұрыш бар?

VІІ. бөлім Көрермендер сайысы: Логикалық сұрақтар:
1. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 АТА, 2 ӘКЕ, 4 БАЛА)
2. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)
3. Сәуледе бір бүтін, екі  жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)                                          
4.     Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ)
5.     Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)
6.     Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа  туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 КГ)
7.     «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 САҒАТ, 43 МИНУТ)
8.     Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК)
9.     2адам шахмат ойнап отыр екеуі 2сағат ойланды. Енді сұрақ 1ші адам қанша сағат ойланды? 2ші адам қанша сағат ойланды  (2-ДЕ 2 САҒАТ)
10.   Сен қараңғы бөлмеге кірдің бірінші май шамды жағасың ба? керосин майды жағасын ба? (СІРІҢКЕ)
11.   Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ??? (3 АДАМ)
12.   Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? (ӘКЕСІ МЕН ҚЫЗЫ)
13.   Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз?  (БІЗ САҒАТҚА ҚАРАҒАН КЕЗДЕ, НЕШЕДЕН БОЛМАСЫН ОН МИНУТ КЕТІП ТҰРҒАН ЖАҒДАЙДА.)
Қорытындылау:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!