Математика ?лемі – лабиринт интеллектуалды ойын (6 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Математика әлемі – лабиринт
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Дарынды оқушылардың алған білімдерін одан әрі тереңдету, шапшаң ойлауға, әр іске логикасы мықты болуға бейімдеу.
Дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік : Шапшаңдыққа,ептілікке ,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі : оқушыларды қиындылардан құралған геометриялық фигураларды құрастыру арқылы топтарға бөлеміз.Сөйтіп оқушылар топтарға бөлініп,топтарының аттары туралы мағлұмат айтады.
ІІ. Лабиринт әлеміне шарлау :
Мұнда 3,4,5 ұпай беретін есептер беріледі.Есептер «Кенгуру», «Ақбота» есептерінен алынған.Топтар есептер шешу арқылы лабиринттің шырмауынан шығып ,жеңіске жетеді.Қай топ көп әрі тез есеп шығарса , сол топ жылдам шығуға көмектеседі.

Төрт қабатты үйде Арман Дастаннан жоғарғы қабатта тұрады, бірақ Марат төменгі қабатта тұрады. Ал Дастан Қанаттан жоғарғы қабатта тұрады. Кім қай қабатта тұрады?
1 –қабат- Марат
2-қабат – Қанат
3- қабат - Дастан
4-қабат – Арман
Айырманы есепте (7³ - 7²- 7= 287)
Квадраттың ауданы неге тең?
Өрнектің қайсысы қате берілген? Д
471-(127+ * )=235 –жұлдызшаның орнына тиісті санды қой. 109
Cуретте қанша үшбұрыш бар? 7
1+2+3+…+30 қосындысын ең оңай
тәсілмен есепте.
Әсел, Самал және Гүлден үшбұрыш, квадрат және шеңбер сызды. Әсел сызған фигура квадрат емес. Самал сызған фигура шеңбер емес. Гүлден сызған фигура квадратта емес, шеңберде емес. Кім қандай фигура сызған?
Әсел- шеңбер
Самал- квадрат
Гүлден- үшбұрыш
Бірінші себетте 48 алма бар, ал екінші себеттегі алма оның -індей Екі себетте неше алма бар? 78
Квадраттың жол, баған және диагональ бойында тұратын сандардың қосындысы бірдей болатындай 23, 47, 65, 71 сандарымен бос көздерді толықтыр
Самал, Арман және Дархан үшеуі 152 марка жинады. Самалдың жинаған маркаларынан Арманның жинаған маркалары 3есе артық, ал Дарханның жинаған маркалары 4 есе артық. Самал неше марка жинады? Дархан неше марка жинады? Самал-57 Арман-19 Дархан-76
Егер 3 тышқан 3 жаңғақты 3 минутта жесе, онда 100 тышқан 100 жаңғақты неше минутта жейді? 3 минутта
Баласының жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші, ал атасының жасынан 9 есе кіші. Үшеуінің жастарының қосындысы 105-ке тең. Баласы неше жаста? 7 жаста
мектебінде мектеп бітірушілердің саны 16, оның –і қыз балалар. Мектеп бітірушілердің нешеуі қыз бала, нешеуі ұл бала? 12 қыз,4 ұл
Қандай үш санның қосындысы, көбейтіндісіне тең болады? 1,2,3
9,5 және 8 натурал сандарын бөлімі 7 болатын жай бөлшек түрінде жазыңдар.

380 г тұзды су ертіндісінің бөлігі тұз, қалғаны су. Ертіндінің құрамында қанша тұз, қанша су бар? 40 г – тұз 340 г – су
Көгалда қаздар мен қойлар жүр.Олардың басы 35, аяғы 94 .Неше қаз, неше қой бар? 12- қой 23-қаз
2,3,4-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын, ал 5-ке қалдықсызбөлінетін қандай сандар бар?25
1000 -ды жартыға бөліңіздер
Егер сынып оқушылары 2-ден отырса, онда 3 оқушыға орын жетпей қалады. Ал егер үшеуден отырса, онда 3 парта бос қалады. Сыныпта қанша оқушы бар? 27
Өрнектің мәнін табыңыздар: мұндағы
26,99
3,5,9,17,? –? белгісінің орнындағы санды тап. 3,5,9,17,33
Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыздар:6
Егер әкесі 46 жаста , ал баласы 16 жаста болса , онда неше жылдан кейін
әкесінін жасы баласынын жасынан 2 есе үлкен болады ? 14 жылдан кейін
9, 10, 12, 13, 15, 16, ?–? белгісінің орнындағы санды табыңыздар
9, 10, 12, 13, 15, 16, 18
Балада 9 парақ қағаз бар еді.Олардың кейбіреулерін үш бөлікке бөлді. Барлық бөлік саны15-ке тең болған болса Неше парақты бөлген? 3 парақты бөлген
Теңдеуді шеш:
Үш құмырада 5,8л сүт бар. Екінші құмырадағы сүт біріншідегіден 2 есе артық.
Үшінші құмырадағы сүт екіншідегіден 0,7л кем. Үшінші құмырада неше
литр сүт бар ? 1,9л сүт
Жұлдызшаның орнына тиісті амалдарды қой 15 * 8 * 9 = 87
15+8 *9=87
Тізбекті жалғастырыңыз: 7,15,31,63,…
7,15,31,63,127,255,511
Сандардың қайсысы 15-ке бөлінеді?
100015, 102210, 4224, 8007
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
-дей отырып, жеңімпаз топты анықтап ,рахметімізді айтып марапаттаймыз.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!
«Теміртау қаласының №9 мектеп – лицейі» КММ
Математика әлемі – лабиринт
интеллектуалды ойын
дарынды оқушылармен жұмыс
Дайындаған : Байболова М.Т.