?лгілі саба? К дыбысы мен ?рпі


Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы : К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларға Көгершін мәтінін буындап оқып
үйрету .
2. К дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау , сөйлемдер
құрату .
3. Оқушыларды сауаттылыққа , ұйымшылдыққа
тәрбиелеу .
Сабақ түрі : қайталау
Әдіс – тәсілі : түсіндіру , сұрақ – жауап , әңгімелеу .
Көрнекілігі : К дыбысы мен әрпіне арналған кестелер , суреттер , Көгершін суреті , слайд .
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі :
Психологиялық дайындық .
Жылулық шеңбері
Қуанамын менде ,
Қуанасың сенде .
Қуанайық достарым ,
Арайлап атқан күнде .
Ой ашар
К дыбысы қандай дыбыс?- дауыссыз.
Қандай дауыссыз дыбыс? – Қатаң дауыссыз .
К дыбысынан келетін сөздер құрау , сөздерден сөйлем құрау .
Жаңа сабақ :
Ой толғау.
Балаларға жаңа сабақтың тақырыбын айтып таныстырамын .
Тақтаға көгершіннің суретін іліп , оның қай дыбыстан басталып тұрғанын анықтатамын .
Көгершін сөзіне дыбыстық талдау жасатамын .
К- қатаң дауыссыз
Ө – жіңішке дауысты
Г – ұяң дауыссыз
Е – жіңішке дауысты
Р – үнді дауыссыз
Ш – қатаң дауыссыз
І – жіңішке дауысты
Н – үнді дауыссыз
Оқулықпен жұмыс :
Мәнерлеп оқу
Буындап оқу
Ойын : жалғастыр ойыны
Сұрақтар мен тапсырмалар орындау
Айман мен Берік неліктен көгершіндерге қамқорлық жасайды?
Көгершіндерді жәбірлеуге болмайды .
Көгершін – бейбітшілік белгісі .
Көгершін туралы не білесің?
Ақ көгершін көгершін
Қол қанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін .
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып ,
Гүлге ұқсап демалам .
Қанатымды бір қағып ,
Гүлдей болып жайқалам .
Дәптермен жұмыс :
К әрпінің бас әрпінің элементтерімен таныстыру .
К әрпін тақтаға жазып көрсетемін . Ауада жазып көрсету .
К әрпінің бас әрпін жазғызу .
К әрпінің дәптердегі үлгісі бойынша бастыра жазады .
Кесе, кілем, кітап сөздерін қайталап жазады . Дауысты және дауыссыз әріптерді белгілейді .
Сабақты қорыту :
Ой қорыту
Бүгінгі сабақта қандай тақырып оқыдық? Көгершін
Көгершін деген не? Құс
Көгершін ненің белгісі екен? Бейбітшілік белгісі
Сендер көгершіндерге қандай қамқорлық жасайсыңдар ? Оларға жем , су береміз .
5 . Үйге тапсырма
Көгершін мәтінін оқып келу
6 . Бағалау .