«К??ілді старт» спортты? сайысы


«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
«Көңілді старттар»
жарыс

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: А.Б.Курабаев
Жаркент қаласы
«Көңілді старт»
/спорттық сайысы/
1 Спорттық сайыстың мақсаты:
а) көңілді старт ойындары арқылы ата-аналар мен оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
ә) ойын барысында ата-анамен оқушы сыйластығын, ынтымақтастығын арттыра отырып, оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) ойынға қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.
2 Спорттық сайыстың міндеті:
а) мектеп, аудан көлеміндегі жарыстарға, қоғамдық жұмыстарға, саяси, мәдени іс-шараларға деген жауапкершіліктерін сезіндіру.
3 Спорт жаңалықтары, спорт туралы, атақты спортшылар туралы қысқаша мәлімет беру.
4 Спорт сайысының өтілетін орны: Мектеп спорт залы.
5 Сайыстың төрешілерін бекіту.
6 Спорт мерекесінің қорытындысын шығару. Қатысушыларды марапаттау.
«Көңілді старт» спорттық сайысының бағдарламасы:
1 Таныстыру. Әр топтан бір адамнан өз топтарын таныстырады.
2 Нысананы көздеу. Тақтаға ілінген нысананы топ басшысы бес рет көздеп атады(1,5-2 метр қашықтықтан).
3 Секіргішпен секіру эстафетасы. Секіргішпен секіре отырып 10-12 метр қашықтықты айналып келу.
4 Өз өнерін көрсету.Топпен, жекелей өнерлерін көрсету.(ән, би, өлең оқу т.б.)
5 Боулинг сайысы. 4-5 метр қашықтықтағы нысанды допты жерге домалата отырып тигізу.
6Арқан тарту. Топпен.
7 Сұрақ-жауап сайысы. Дайындалған сұрақтарға қысқаша нақты түрде жауап беру.
8 Допты себетке лақтыру. Топтың бір мүшесі (баласы) қолына себетті ұстап тұрады, екінші мүшесі (әкесі немесе шешесі) допты себетке дәлдеп лақтырады үшінші мүшесі допты қайтарып әкеледі.(уақыт есептеу арқылы 1-2 мин).
9 Қаппен секіру. Қапты топтың барлық мүшесі кезек-кезек кие отырып берілген аралықты секіріп өтеді.