Салауатты салтын ?алыптастыру ма?сатында ?йымдастыр?ан К??ілді старт (7 сынып)


И.Тайманов атындағы орта мектеп

"КӨҢІЛДІ СТАРТ"
(спорттық сайыс)
2014-2015 о/ж
Сайыс тақырыбы: « Көңілді старт »
Сынып: 7 "а", "б"
Күні: 5.12.2014 жМақсаты мен міндеті:- Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, оқушыларды спортқа қызықтыру, оқушылардың команда алдындағы жауапкерщілігін сезіндіру. Оқушылардың шапшаңдыққа, дәлдікке баулу денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу
Түрі:Көңілді стартКөрнекілігі: Шарлар, Шарларға жазылған жазулар қажетті құрал-жабдықтар: Доп, қапшық, скакалка, әр түрлі фигуралар, қасық, тостаған, картоп, корзина т.бӨту барысы:Әр сыныптан 6 оқушыдан бір команда, әр командада 3 ұл, 3 қыз баладан болады.
1-ж/ші:Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!Өмірде бақыттысың денің сау да.Денсаулық терең бақыт деген сөздіҚұр айтпаған ұлы Абай данамыз да!- құрметті ұстаздар,оқушылар! Биолгия-химия апталығына орай 7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған көңілді старт ойынына қош келдіңіздер!
2-ж/ші:Жарысқа қатысатындарды шақырамызӘр таңды бақытпенен атырамызӨнерді ой көгінде бақылаңыз,Сайысқа қатысуға енді ортағаҮлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаңТоптарымызды шақырамыз.( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз) 
1-ж/ші:Әділ қазылармен таныс болыңыздар:____________________________________________________
____________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)1. үй тапсырмасышарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;2 тур. Кім жүйрік?Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.3 тур « мергендер» сайысыШарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,допты нысанаға салу.
4 тур «Кім епті?Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек5 тур «тарақанша жүгіру»
шарты:« Тарақанша жүгіру» (оқушылар екі қолымен және аяғымен тарақанша жүгіреді).
6 тур « Пингвинше » секіріп жүгіру ( екі тізенің арасына доп қыстырып секіріп жүгіреді,табиғат туралы мақал-мәтел айту).
1-ж/ші:Жарыс заңы ежелден -Жеңімпазды анықтауЖеңімпаз болу шарты сол -Еңбектену, жалықпауБіреу озса сайыста,Біреу артта қаладыЖеңілгендер ренжімейТараса бізге жарадыӘділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
(Марапаттау рәсімі, арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
2-ж/ші: Біз қазақпыз,Ел үшін атқа мінген.Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,оқушылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір ұстаздар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Күн күркіресе, көп дүркірер.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Боранда күні ит пен бала құтырады.
Алпыс күнде тасыған су, Алты күнде қайтар.
Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді. Қыстың көзі қырау. Сәуір болса күн күркірер. Сәуір болмай, тәуір болмас. Жаңа айдан жақсылық. Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады. Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс. Таумен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар. Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты. Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді. Жазғытұрым жел жардай атанды жығар. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе қатқақ келер. Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдер Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар. Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Нөсер алдында найзағай ойнайды. Жаңбыр бір жауса, Терек екі жуады. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас. Туған ай, тураған етпен тең. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер. Су аққан жерінен айнымас. Сәуір болмай, тәуір болмас. Үркерлі айдың бәрі қыс. Қыстың көзі қырау. Шағала келмей жаз болмас. Шаңқан келмей, боз болмас. Жел түбі азық, жекен түбі қазық. Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көп дүркірер. Мәуесі бардың әуесі бар. Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс. Әрнәрсе уақытымен қызықты. Тауына қарай тоғайы, Шошқасына қарай торайы. Cу басынан буылады. Тау кезеңсіз болмас, Өлке өзенсіз болмас. Көлдің көркі құрақ, Таудың көркі бұлақ. Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба. Сүмбіле туса су суыр. От арық, су семіз. Жаңа айдан жақсылық. Тоқты тоймас, Шөміш кеппес. Алпыс күн тасыған су, Алты күнде қайтар. Таң атпайын десе, Күн қоймайды.