Даналы? бейсенбісі жобасы аясында ?ткізіліп отыр?ан «?нерім – ?мірім» атты театр актерлерімен кездесу кеші


Сабақтың  тақырыбы:  «Өнерім – өмірім»
Мақсаты:  Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухании – адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу:
Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
- Қайырлы күн , құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының қарсаңында өткелі отырған, мектебіміздегі эстетикалық пәндер бірлестігі онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Даналық бейсенбісі » күнінде «Өнерім - өмірім» атты кездесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өнер – өзен, жан – тәніңді шаятын,
Өнер – өріс, рухыңды жаятын.
Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,
Өнер – өткел, серуендейтін саятың.

Өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады.
Адамның өмірі, пейілі және іс – әрекеті – оның өзіне деген махабатының көрінісі, өнер арқылы өмірге деген көзқарасымызды білдіреміз. Нағыз өнер - адамның  игілігіне қызмет етеді.
Ендеше бүгін бізде қонақта Батыс Қазақстан облысының қазақ драма театрының әртістері Абуов Самал Қадерұлы мен жұбайы Макашева Эльмира Жұмажанқызы. Қол соғып қошеметтеп сахна төріне шақырайық.
Жүргізуші:
Құрметті Самал Қадерұлы , Эльмира Жұмажанқызы бүгінгі біздің кешімізге қош келдіңіз.
Ән __________________________________________________________________
Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Құрметті Самал Қадерұлы, Эльмира Жұмажанқызы сіздерде осы өнердің бір саласында жүрген адамдарсыздар. Кешімізді сіздерге сауал қоюдан бастағалы отырмыз.
Балалық шағыңызды, өзіңіздің туған жеріңіз, өскен ұяңыз туралы айтып өтсеңіз.
Оқушылар сауалдарын қояды:
Туған жер сізге несімен ыстық?
Өнерге қалай келдіңіз?
Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?

Жүргізуші:
Ән________________________________________________________________
Сұрақ:
1. Ең алғашқы ойнаған және ең қызықты роліңіз.
Қандай басты ролдерді сомдадыңыз?
Балаларыңыздың сіздердің жолдарыңызды қуғанын қалайсыз ба?
Сомдаған ролдеріңізден кішкене көрініс көрсете аласыз ба?
Алда қойған мақсатыңыз?

Жүргізуші:
Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншлігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді.
Біз бүгінгі кешімізде де үлкен әсер алдық деп есептейміз. Алдағы уақытта да осылай өнердің биік шыңынан көрініңіздер дейміз. Кешімізге келгендеріңізге көп рахмет.
Осымен «Өнерім – өмірім» атты кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыз!