Т?рбие са?аты Ту?ан жерім-?аза?стан


Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» Мақсаты: Балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға қызмет етуге үйрету.Керек құралдар: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, «Отан оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды тік» - қанатты сөздер мен мақал – мәтелдер көрнекілік ретінде қолданылады.Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Туған жерім - Қазақстан» деп аталады.- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан Республикасы.- Қазақстан қандай Республика?- Егеменді, тәуелсіз республика.- Еліміздің астанасы қандай қала?- Астана қаласы деп аталады.Ендеше кім осы астана туралы тақпақ айтып береді.Алматы - бас қалаАстана – жас қалаБірі ай, бірі күнӨзім мен мақтанамРеспублика қандай рәміздерің білесіңдер?1 – бала: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.2 - бала: Айбынды Елтаңбамыз бар.3 – бала: Мағыналы ән ұранымыз бар.4 – бала: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.5 – бала:Тура мойын бұрамыз Ел таңба деп тұрамызӘн ұран деп асқақтарБіздің елдің рәмізі.Балалар хормен: «Менің Қазақстаным» әнін орындайды.6 – бала: Сүйесің ғой даланы,Гүл жайнаған алабынБілесің бе сен бірақ,Қазақстан жалауын.- Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?- Отанымыз.- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады1 – бала: Отан - елдің анасы.2 – бала: Отан - алтын бесік.