Саба?ты? та?ырыбы: Кестелер.Кестелер ??ру.Кестелерді редакциялау


Сабақтың тақырыбы: Кестелер.Кестелер құру.Кестелерді редакциялауСабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға кестелер және кестелер құруды, кестелерді редакциялауды  түсіндіруТәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеуДамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуТүрі:Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақКөрнекілігі:ДК, оқулық,
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызуІІ.Үйге тапсырма: Беттердің параметрлері.Жиек.Алдын ала қарау.Құжатты баспадан  шығару  ІІІ Жаңа сабақКесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте– ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол– көршілес ұяшықтардың бірлестігіБаған — көршілес ұяшықтардың тік бірлестігіБағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
Кесте құрудың екі әдісі бар:1 Вставка — Таблица — Вставить таблицу командаларын орындау арқылы.2 Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.Осы екі әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 10 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.
Кесте құрудың алгоритмі1 Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.2 «Добавить таблицу» батырмасын шерту.3 «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.4 «ОК» батырмасын шерту.Кесте безендіру алгоритмі1 Кестені бөліп алу.2 Конструктор > Стили таблиц командаларын орындау.3 Заливка арқылы кесте фонын таңдау.Кесте жиектеу алгоритмі1 Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.2 Разметка страницы > Границы и заливка3 Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады4 Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.Кесте құруда тышқанның немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.
 
<p
www.jospar.kzБарлық пәннен күнделікті сабақ жоспарларорта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар</p
ПернелерОрын ауысуPage DownБір экранға төмен 
Page UpБір экранға жоғары 
HomeАңымдағы қатардың басына 
Ctrl+ HomeА 1 ұяшығына 
Ctrl+EndСоңғы толтырылған ұяшыққа 
Ctrl+ Бірінші толтырылған ұяшықтыңжоғарғы жағынаCtrl+ Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі жағынаCtrl+ Бірінші толтырылған ұяшықтың сол жағынаCtrl+ Бірінші толтырылған өяшықтың оң жағынаCtrl+ Page UpЖұмыс парағының келесі парағына 
 Ctrl+ Page DownЖұмыс парағының алдыңғы парағына 
  Бекіту сұрақтары:
1.Кесте құрудың неше әдісі бар?
2.Кесте құрудың алгоритмі?
3. Кесте жиектеу алгоритмі?
4.Алдыңғы ұяшыққа қайта келу үшін қай пернені таңдаймыз?
     БағалауҮйге тапсырма:Кестелер.Кестелер құру.Кестелерді редакциялау