?ылыми жоба Т?рт т?лікті? пайдасы


Тақырыптың авторлары: Бағыты: қазақ әдебиеті Секциясы: Қазақ тілі және әдебиетЖетекшісі: Кеңесшісі: Шемонаиха қаласы, 2012 ж Тақырыптың өзектілігі Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі – мал шаруашылығының ішінде қазақ тілінде жылқы малына байланысты. Жылқының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау. біздің халқымыздың ата кәсібімен байланысты екенің дәлелдеу және жеткізу. Кейінгі жастарымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін білу мақсатында. Рас, олардың бәрі бірдей малды бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшіліктерін жадында сақтау үшін зерттеу, танып- білу жұмыстары жүргізу. Мал шаруашылғына байланысты әдеби деректер жинау;Қазақ халқымыздың төрт түлікке байланысты қадір-тұтқан көне және мәдени ерекшеліктерімен танысу;3) Мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдану тәсілдері. Төрт түлікке орай ұлттық тәрбие , өнеге үлгілері жайлы танып білу. Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық саласын дамыту. Әдебиеттерді іріктеу және реттеу .Көне әдебиеттерден мал шаруашылығының шығу тарихы туралы мәліметтерді іздеу. Мал шаруашылығы: төрт түлік малға қатысты еңбектерді оқу.Мұражайдан көрген тарихи жәдігерлермен танысу. .Шемонаиха ауданы және басқа аудандарды тұратын қарт адамдардан мал шаруашылығына байланысты тарихи деректер жинау. Зерттеудің жаңашылдығы орыс және өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе мектеп оқушыларына қазақ әдебиетіндегі “төрт түліктің пайдасы” туралы кеңінен мәлімет беру, зерттей жұмыстарын жүргізу арқылы жете меңгеріп алғандарын көрсету. Аталарымыздың қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшеліктерін дәлелдеу, және оқушылардың саналарына жеткізу, жадында сақталып қалу мақсатында танып білу. Ғылыми жұмыстың мақсатын анықтау.Ғылыми жұмыстың жоспарын құру.3. Шемонаиха қаласындағы мұражайдан XIX-XX ғасырлардағы мал шаруашылығының шығу тарихымен танысу.Төрт түлік малдың айырықша қасиетін, ерекшелігін танып білу. Төрт түлік малдың өнімдерін тіршілік құралы етіп, оңтайлы пайдалану шеберлігімен танысы, игеру. Шемонаиха ауданы және басқа аудандардағы қарт адамдардан мәлімет жинау. Төрт құбылада- төр түлік Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін білген. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс- тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше. Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Мысалы: Ботагөз, Нартай, Атанбай, Бурабай, Жылқайдар, Түйебай, Қошқарбай, Қозы, Серке, Қойшыбай, Құнанбай. Қазақ халқы балаларын ботам, құлыным, қошақаным деп еркелетіп, әлпештеуде де терең мән бар. Тіпті халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, сұлуларымен қоса дәріптеліп, айтылған. Міне, осы жайларды жас ұрпаққа оқытып, үйрету олардың ой-өрісінің өсуіне де, малға деген ынта-ықласына да жақсы әсер ететіні сөзсіз. Төрт түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар да көп. Шалкиіз жырау: “Айырдан туған жампоз бар, нарға жүгін салғысыз”,-деп жырлаған. Жылқы атасы- Қамбар ата.Сиыр атасы- Зеңгі баба. Түйе атасы- Ойсыл қара. Қой атасы-Шопан ата. Ешкінің иесі- Сексек ата. Бұлқыншақ Бұлқыншақ – сусын құюға арналған тері ыдыс. Оны жасау үшін жылқының сан терісін шашасына дейін бітеу сойып алады да саба әзірлегендей жолдардан өткізеді. Сан жағына сопақшалау етіп тері тігеді, ол пайдаланғанда астынғы жағына келеді. Аузына ағаштан, тоздан тығын жасалады.Бұлқыншақ ердің қасына,кереге басына ілуге, жаяудың иығына асуға ыңғайлы ыдыс. Қазақ халқы мал терісін шаруашылықтың әр саласында қолдана білді. Жылқы терісін илеп сәнді ер-тоқымды, ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп өріп жасады. Теріні тулақ етіп, төсеніш жасады. Қазақша етҚазақша ет асу үшін жылқы етін салқын су қуюға қазанға тұтас салынады да отты басынқырап қойып бабымен қайнатылады. Бір қайнаған соң көбігі алынады да, одан әрі – ауық –ауық сапырып қойылады.Сонда көбігі тарайды. Еттің маңызы сол көбігінде болады. Етке қамыр дайындалады. Иленген ұн шұңғыл ыдысқа салынып, аздап су құйылады да шикі жұмыртқа жарылып қамыр иленеді де, күлше қалпына келітіріліп жазып төрт бұрыштап кесіледі. Ешкінің, қойдың қылынан , түбітінен де бағалы бұйымдар тоқылады. Сәнді бөкебай, күртеше, қолғап, шұлық ешкі түбітінен тоқылады. Бұл- әрі бағалы, әрі сәнді, әрі жылы киім. Наурызыва Кәтимән.1926ж. 88 жастаШ.Қ.О. Күршім ауданы.Бүкіл өмірім мал шаруашылығымен байланысты. Мал өнімдерін қарапайым жағдайда , күннің ыстығына қарамастан бұзбай сақтаудың бірнеше тәсілін қолдандық.Әлі күнге дейін қажетімізге жарайды. Ерте замандағы Қытай тарихшылары ғұндардың бәйге бермес жүйрік тұлпарлары болғанын жазады Қазақтар жүйрік аттарды тұлпар, сәйгүлік, арғымақ деген. Қандай тұлпар аттар болғаны қазақтың көптеген аңыз, эпос жырларында керемет суреттеледі. Мәселен, Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, XIX ғасырдағы тұлпар аттың ардақтысы Саңырақтың Құланбестігі, Ақан серінің Құлагері. Қазақ дастандарында есімдері аңызға айналған батырларға ертегі-аттар сенімді серік болған. Қобыланды батыр-Тайбурыл, Алпамыс батыр-Байшұбар деген тұлпарды мінген. Қанатты аттар бейнелері ежелгі дүние көшпенділерінің өнерін көрсететін ескерткіштерде де кездеседі. Олар Алтай өлкесінде табылған. Аспандағы атқа деген сенім көшпенділердің ғарыш жөніндегі ұғымынан да көрініс тапқан. Жылқының тегі мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты атаулар: сәйгүлік, тұлпар, арғымақ, пырақ, дүлділ, жорға, жүйрік, тарпаң деген атаулар.Қай халықтың да сөздік қоры өз шаруашылығына біршама тәуелді болатыны анық. - ЖЫЛҚЫ - МАЛДЫҢ ПАТШАСЫҚұлын,құлыншақ-жылқы төлі.Жабағы- бір жылға дейінгі төл.Тай-екі жастағы жылқы.Құнан-үш жастағы жылқы.Құнажын-үш жастағы ұрғашы жылқыБайтал-төрт жастағы ұрғашысы.Сойтал-төрттен асқан ұрғашысы.Дөнен- төрт жастағы еркегі.Бесті- бес жасар еркек жылқы.Айғыр-аталық жылқы.Сәурік-жас айғыр.Бие-аналық жылқы.Ат-ақталған еркек жылқы мініс ат. Ағайын тату болса –ат көп,Абысын тату болса-ас көп.2. Адам құлақтан азады,Ат тұяқтан тозады.3. Алысты жақындатар-ат,Жақынды алыстатар-жат.4. Аттан тай озады,Атадан бала озады. 5. Жылқы – жаным, қымыз-қаным.6. Ақ пейілдің аты арып, тоны тозбайды.7. Ақылды ердің ішінде алтын ерлі ұл жатар. атқұлақ-конский щавельатқонақ-тимофеевка лугаваяатшоқай- корень кугисиыржонышқа-вика, горошектүйежапырақ-лопухтүйесіңір-курчавкатекесақал-додарицаесекмия –софора,брунец ешкімия—смолевкаешкісабақ-миндаль бобовникесекжонышқа-горошек ҚымызҚымыз- халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы.Ол тек тағам ғана емес сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетын, салтын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесын білдіретін ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде- жоралары көп. Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, екі – үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейды, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. Мұны “қымызмұрындық ” дейді. Бапкер деп аттың күтімін білетін адамды айтады. Қазақта жүйрік аттың өзіндік ерекше күтімі болады. Мұны баптау деп атайды. Бапкерлікпен айналысу кез -келген адамның қолынан келе беретін іс емес. Ол үшін жылқы малының бүкіл қыр-сырын жете білу қажет. XIX ғасырда белгілі Күреңбай, Шоқай, Киікбай деген ат сыншылары болған. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың да ақындықпен қоса сыншылық қасиетін қазақ қауымы «Аттың сыны! Өлеңінен танып білді. Осылардың ішінде Күреңбай сыншының жүйрік аттың әрбір мүшесін айтқан мына сыны айырықша: «тәует бас, қамыс құлақ, қой жұтқыншақ және т.б. Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи кесенесінде тай қазанды жағалай «он сан Алаштың» ұшына он түрлі жылқы қылынан шашақтар тағылған он туы ілінгені халықтың назарын аудартады. Туладың түстері: қаракөк, шұбар, торы, күрең, құла, кері, боз, бурыл, жирен, шабдар. Біздің келешектегі жоспарымыз: 1. Қазақ халқының мал шаруашылығының пайдасы мен қасиеті туралы деректер, мол мағлұмат жинау.2. Орыс тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Қолданылған әдебиеттер:«Қазақтың дарқан дастарқаны» Кенжеахметұлы Сейіт. «Алматы кітап» Жамбыл көшесі-111.«Салтынды сақта, дәсүрінді дәріпте» Қайыржан Макин. Алматы қаласы, Абай даңғылығы, 143.«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» Ольга Гумирова . Шымкент қаласы. Ташкенова,44. «Балдырған журналы» 2003. №8. 2004 №4. 2005. №2. 2006 №10 жылдардағы басылымдар.Қазақ әдебиеті жураналы» № 3 2008 жылӘдебиет оқу кітаптары: 5,6,7,8,9- сыныптар оқулықтары.Шығыс қазақстан облыстық тарихи очерктері №9965-727-56-«Тарихи болжамдар» Өскемен қаласы. «Рудный Алтай» газеті баспаханада басылды. Ғарышкер көшесі 6/3Кейбір мағлұматтар орталық мұражайдан алынды.Бірнеше мағлұматтар үлкен адамдардың әңгімесі тарихи деректермен салыстырылып алынды.   Қосымша:ВидеотаспаСуреттерОқушы дәптері