Та?ырыбы:Дені сауды? — жаны сау т?рбие са?аты


Дені саудың - жаны сауТақырыбы: Дені саудың - жаны сау.Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау.2. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.3. Ұқыпты, таза. салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд, кубиктер, спортшылар суреттеріТүрі: топтық жұмыс.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру: Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу.«Қайырлы күн, достар!, Қайырлы күн қонақтар!, Қайырлы күн Бәріңе!»ІІ. Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі 3 - сынып оқушыларының «Дені саудың жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатына қош келдіңіздер!Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.Шығыстың әйгілі данышпаны Әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Адамның басты байлығы денсаулық. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық адамға табиғат сыйлаған басты құндылық. Денсаулықты нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі - салауатты өмір салтын сақтау болып табылады. Сонымен, бүгінгі «Дені саудың - жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!- Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі.«Қайырлы күн ДОСТАР!, Қайырлы күн ҚОНАҚТАР!, Қайырлы күн БӘРІҢЕ!1. Жүргізуші:- Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн құрметті қонақтар!2. Кубиктерден сурет құрастырып көрейікші.- Қандай суреттер шықты?- С. Сәпиев- С. Сәпиев кім?- С. Сәпиев - боксшы, халықаралық спорт шебері.Екі дүркін Олимпиада чемпионы (Бейжің - 2008, Лондон - 2012).- екінші суретте кім?- Илья Илин.- Илья Илин кім?- Илья Илин - зілтемірші, ауыр атлет.Әлемнің үш дүркін чемпионы (Бейжің - 2008, Сидней, Лондон - 2012). Ауыр атлетика саласында ең жас Олимпиада чемпионы- С. Сәпиевтің суретін құрастырған оқушылар - «Денсаулық» тобы болып, Илья Илиннің суретін құрастырған оқушылар «Салауат» тобы болып екі қатарға жайғасыңдар!ІІІ. Негізгі бөлім.«Бірінші байлық – денсаулық» деп Халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат, міндеттердің бірі адамның хал - ахуалы мен «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денінің саулығы, салауатты өмір сүре білуге дағдылануы болып табылады. Бүгінгі күнде Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір адамның міндеті болып саналады.Салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы назарларыңызға:3. Слайдпен таныстыру.4. Сабақтың жоспармен таныстыру:1. Әр топ өз атын қорғайды.(Денсаулық - зор байлық),(Салауатты өмір – денсаулық кепілі).2. Мақал - мәтелдер айтады.3. Жұмбақтар шешеді.4. «Кім тапқыр» бөлімі. Суретпен жұмыс.( Атақты споршылар суреттері)5. Салауаттылыққа байланысты көрініс ұйымдастыру.(Оқушылар шығармашылығына)5. Ситуациялық сұрақтар.6. Салауаттылыққа, Дене шынықтыруға байланысты өлең - тақпақтар орындайды..ІҮ. БекітуУа халқым назар аудар денсаулыққа,Өмірде бақыттысың денің сауда.Денсаулық зор байлық деген сөзді,Орынды айтқан ұлы Абай данамыздаҚарсы ал ерте күн көзін, Жасамай бос жорамал,Төсегіңді жина өзің. Білмесіңді сұрап ал,Киме теріс киімді, Мақсат қоймай алдыңаТеппе киім - бұйымды. Қыдырып құр қаңғыма.Шығармағай есіңненАсықпай іш тамақты, Қашпа қоғам ісінен.Жалама аяқ - табақты. Әрқашанда тілектесПышақты ұста оң қолмен, Ата - анаңа көмектесШанышқыны ұста сол қолмен.Нанды үгітпе, қадірле,Қабығымен бәрін же.Саусағыңды сормағын,Салдыр - салақ болмағын.Салма ауызға инені,Үзбе, жұлқып түймені.Жасама жат қылықты -Былғама су, құдықты.Аяқ - қолың болмай кір,Тырнағыңды алып жүр.Әдет қыл бұл ісіңді -Тазалап жүр тісіңді.Деме тердіӘдептілік – әдемі!Бетті, қолды сабындап,Жиі жуу пайдалы - ақ.Тұра алмайды дамылдап,Микробтар тайғанап.Нан ұстасаң, қол жумайНанға жұғып, ішке еніп.Микробтар көңілі жайОтырады түстеніпМикроб жақсы көредіКәмпит - сәмпит шайнасаңЖылдам өсіп - өнедіАуызыңды шаймасаңТік ұстап денеңді,Сапқа тұр сен ендіЖанға сеп шынығуЖаттығу тынығуСымбатты болу даөзіңнің қолыңда.Шынықсаң шымыр боласыңСауығып, айдай толасыңСпортты серік ете біл.Салауатты сен боласыңШымыр болу оңай ма?Арман болған талайғаЖас жеткіншек! өзіңеАйта кету борышымАуырсаң ауыр кеселменДәрігер бермес қол ұшынАуырып ем іздегеншеАуырмайтын жол іздеДенсаулық ол шыныққан барлық денең мүшесіДенсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесіДенсаулық ол – күлуің, көңіл - күйің жадырайДенсаулық ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.Сымбат мүсін дегеніңБітім көркі дүниеніңСымбат жүру әдеміДене қалпын тік ұстапКөтеріп сәл кеуденіИық жазып дұрыстапТүзу отыр қисаймайБүкіреймей жантаймайКүш сап баспен арқағаЖатып алмай партағаАяқ - қол - көмекшіКүт оны ерекшеҚол жиі ластанарСондықтан істің әрСоңында қолды жуЖояды кірді суАяқ – қолды кірлетпеТырнақты алып жүр- Сонымен балалар, салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?А) спортпен айналысып, үнемі сергек жүру.Ә) Денсаулығы мықты болу.Б) Дұрыс тамақтану.В) Күн тәртібін нақты құра білу.Ү. Қорытынды.Міне құрметті қонақтар, сіздермен 3 - сынып оқушылары - Салауатты өмір салты жайында өздерінің білгендерімен, ойға түйгендерімен бөлісті.- Адам денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының қожасы. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, тамаша денсаулықпен - тамаша өмір сүру өз қолыңызда!Сондықтан бүгінгі ашық сабағымызды Сара Алпысқызының мынандай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы бақыты. Ал, денсаулығы мықты сәби халқының болашағы, Отанының сенімді тірегі».Халқымыздың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болар өскелең ұрпағымыз - жаны таза, дені сау, сергек болып өссін!Бүгінгі жеткіншектеріміз - Ертең Көк туымызды көгімізде желбіретер мықты азаматтар болып өссін!Барлығы хормен: Дені саудың - жаны сау!