Урок на тему Жары?тандыру ?ал?андарыны? ??рылымы ж?не оларды ж?ндеу ж?мыстары


Сабақтың тақырыбы: Жарықтандыру қалқандарының құрылымы және оларды жөндеу жұмыстары
Сабақтың білімділік мақсаты:Білім алушыларды жарықтандыру қалқандарының құрылымы және оларды жөндеу жұмыстарына үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттерді жарықтандыру қалқандарыының құрылымы және оларды жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сапалы еңбек етуге тәрбиелеп , үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:Білім алушыларды жарықтандыру қалқандарының құрылымын жөндеу алдындағы негізгі жұмыс принциптерін білуге қалыптастыру.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Жарықтандыру қалқандарының құрылымын жөндеу кезіндегі бейне баян, электромонтер құрал-саймандары,технологиялық нұсқау карталар,карточкалар,тест жұмыстары.
Оқу өндірістік базасы: «Электржабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер» шеберханасы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:830- 835
1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру
2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау:835-915
1. Білім алушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру
2. Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру:
А).Күштік электр тартылымдарын қалай анықтаймыз?
Ә)Орналасу аймақтарын қалай белгілейміз?
Б).Пайдалану жерлеріне қандай құрылғылар жатады?
В) Күштік электр тартылымдарын орнату барысындағы техника қауіпсіздігін ата.
Жаңа сабақ бойынша білім алушыларға нұсқау беру:
1.Жарықтандыру қалқандарының құрылымы
2.Жарықтандырудың орналасу аймақтары.
3.Қарапайым түрлері
4.Техника қауіпсіздігі
ІІІ. Ағымдық нұсқау:920-1305
Білім алушыларға технологиялық нұсқау карта беріп, жұмыс орындарына бөлу.
Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары:

А) Жарықтандыру қалқандарының схемасын құрастыру.
Ә) Жарықтандыру қондырғыларын жинау.
Б) Шартты белгілер бойынша құрастыру жұмыстарын жүргізу
В) Электр тартылымдарын жөндеу жұмыстары.
4.Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру.
5.Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау
6 .Орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру,
7.Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру
ІV. Қорытынды нұсқау:1305-1330
1.Жіберілген қателіктерді жою,талдау,түзету.
2. Білім алушылардың білімін бағалау.
3. Үйге тапсырма беру:
Б.Дурманов «Электрмонтер»
Қ.Қосыбаев «Өндіріс мекемелерінің электр жабдықтарын жөндеу және құрастыру»
Г.П. Прищеп «Учебник сельского электрика»


Өндірістік оқыту шебері:____________ А.Қартаңбаева