Допты бір — біріне ?стінен, астынан со?у. Же?ілдетілген ережемен Волейбол ойнау (9 сынып)


Үстірт орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Допты бір-біріне үстінен, астынан соғу.
Жеңілдетілген ережемен "Волейбол" ойынын ойнау.

Дайындаған: дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Реушенова Г
Сыныбы: 9 «В»
Бейнеу 2015 ж
Күні: 17.10.2015ж
Сыныбы: 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Допты бір-біріне үстінен, астынан соғу.
Жеңілдетілген ережемен "Волейбол" ойынын ойнау.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыту сабағы.
Өтетін орны: спорт зал
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық.
р/с Сабақтың мазмұны уақыты Әдістемеліқ нүсқаулар
І. Дайындық бөлімі 10-15 мин
1 Сапқа тұру, кезекші (спорт секторы) топтың сабаққа дайындығы және түгелдігі жөнінде рапорт беруі.  Денсаулығы жөнінде анықтамасы бар оқушылар сабаққа қатыстырылмайды, Спорттық киімдерін тексеру.
2 Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздіқ ережесімен таныстыру.
3 Командалық жаттығулар: оңға, солға, тіке, артқа бұрылулар.
Жүгіру жаттығулары: Алаңды айнала жүгіріп жүріп, алаң диагоналы бойынша жылдамдыққа жүгіру
Жүру жаттығулары: Спорттық жүріс.
Жүру кезінде арақашықтықты сақтау. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен,
Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру. Қолды екі жанға қойып жүру, Табанның сыртқы және ішкі қырасымен жүру.
Секіру жаттығулары:
Оң аяқпен, сол аяқпен секіріп жүру
Алаң диагоналымен «киікше» секіріп өту.
Келесі диагоналда жылдам жүгіріп өту
Жалпы дене жаттығулары: Жұппен орындалатын жаттығулар (оқушылар шеңбер жасап жаттығулар жасайды) Жаттығу орындалысын қадағалау
ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .Допты бір-біріне үстінен, астынан соғу.
1 Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру. 10-12 рЖаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері көрсетіледі.
2 Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Ара қашықтық 7-8м. 10-12 рДопты қарсыласының қолына дәл беру көрсетіледі
3 Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді. 12-14 рДопты еденге ұрып, құрбысына тура беру көрсетіледі
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4 Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету 2′-3′ Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға басу көрсетіледі
5 Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді. 10-12 рДопты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6 Арақашықтық 8-10 м оқушылар  қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау. 10-12 рЖоғарыдан және төменнен қабылдау көрсетіледі
7 Ережемен волейбол ойнау10’-12′  6*6 (2 топқа бөліп ойнатамын)
ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин
1 Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру. 2′  
2 Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау. 2’  Кеткен кемшіліктерді ескертіп , оқушылардың ойынға деген ықыласын арттыру.
3 Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. 1’