Родительское собрание на тему «Бала т?рбиесіндегі – мада?тау мен жазалау»


Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі – мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі – мадақтау мен жазалау туралы ата- ана білімдерін насихаттату, танысу, жеке топпен жұмыстануға дағдыландыру,өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беру.
Түрі: ой бөлісу
Әдісі: ой толғау
Күн тәртібінде:
«Бала тәрбиесіндегі – мадақтау мен жазалау» (ой толғау)
Ж ү р у б а р ы с ы:
Құрметті ата- аналар !
барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын өздеріңізге ұнаған түстерге байланысты мына қағаздың қиындыларын алып, содан түстерге байланысты (қызыл, жасыл, сары) топ- топқа бөлініп мозайка құрастырайық. Құрастырылған мозайкадағы жемістіатайды.
1-топ Қызанақ тобы
2-топ Қарбыз тобы
3топ Ананас тобы
1тапсырма:1 топ ( қызанақты мақтаңыз) мінсіз
2топ (қарбызды жамандаңыз)бұзылған
3 топ (жартылай қарайған және бір жағы жақсы ананас) мақтаңыз және қандай да бір мін тауып жамандаңыз)
Енді әрбір топ өзге топтарға баға берсін! бағаны мынадай смайликтер арқылы немесе мемикамен көрсетіңіз.
(3 топ бір-бірін бағалап қол шапалақтап қошемет көрсету.)
2тапсырма: Бала тәрбиесіндегі – мадақтау 1-топ Қызанақ тобына
Бала тәрбиесіндегі – жазалау 2-топ Қарьбыз тобына
«Бала тәрбиесіндегі –мадақтау мен жазалау 3- топ Ананас тобына
(Берілген тақырыптарды пайдалана отырып, түрлі түсті маркерлерді, стикер мен плакатты, тақырыпқа қатысты ресурстарды (қосымша мағлұматтарды ) пайдалана отырып постерге өз ойларыңызды бейнелеу)10 минут жұмыстану
Ережемен таныстырылды.
1.Белсенді қатысу
2.Ойын ашық айту
3. Ынтымақтылық
Өз жұмыстарын қорғау (ой бөлісу, пікірлесу, толықтыру)
Ойын: «Жіп үзінділері»
Мақсаты:балалардың дамуы, көзқарастарының әртүрлі екендігін іс-әрекет арқылы көрсету. (ата-аналар жіптерді үзе отырып бір-бірімен салыстырды.Сонымен қатар, қолдарында қалған жіп үзінділерін саусақтарына орай отырып,өз балаларының өздері үшін қандай дәрежеде маңызды екені іс-әрекет арқылы көрсету)
Тақтадағы нақыл сөздерді сөйлету.
1.«Балаға айтқан сыр- байланбаған бұзау»(Шәкәрім)
2. «Баланың жақсысы- қызық, жаманы күйік» (Абай)
3. «Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады»
4.«Бала- адамның байыр еті, көз нұры»
Ата- аналар тақырыпқа қорытындыны өздері жасайды:
Әрбір ата ана өз перзентінің әдепті, иманды, білімді, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін
қадағалайды. Сондықтан да олар өз балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді.
Егер отбасында ата- аналар өзара жақсы қарым – қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған.
Ендеше ата-аналар ұл мен қыз тәрбиесін дұрыс беріп, өздері үлгі бола білсе,баланың санасында ол мәңгі мөрленіп қалады да,бүкіл өмірінің азық болатыны сөзсіз.
(Ата-аналар алдарында жатқан жеміс суреттеріне өздерінің осы жиналыстан алған әсерлерін жазып бау- бақшаны толтырады.)