Урок по казахскому языку на тему Актамберди жырау (9 класс)


lefttop
Ақтамберді жырау 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау. «Күлдір, күлдір кісінетіп» толғауы
Жалпы мақсат: Ақтамберді жырау өмірі мен шығармашылығы жайында ақпараттарды өздігінен ізденіп, толғауларының тақырыптық және идеялық ерекшеліктерін талдау, толғауларында қамтылған мәселелерді мысалдар арқылы сипаттай алу.
Сілтеме: Қазақ әдебиеті (оқулық)
Қазақ әдебиет оқыту әдістемесі
Интернет материалдарыКүтілетін нәтижесі: Сын тұрғысынан ойлау арқылы шешім қабылдап, тұжырым жасау дағдылары дамиды, рефлексия жасайды, Ақтамберді жырау жайында білім- білік дағдылары дамиды.
Түйінді идеялар: Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақтаОқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ
СТО 1.Диалог
2.Жұптық жұмыс
3.Топтық жұмыс
4.Жеке жұмыс
Дерек көздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті
Уақыты Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Ресурстар
2 минут Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу), топқа бөлу; Оқушылар үш топқа бөлінеді. Түсті стикерлер арқылы
3 минут Сергіту Әуен сазымен сергіту сәтін орындайды. Компьютер
Қызығушылықты ояту кезеңі 5 минут
«Топтастыру» стратегиясы арқылы Ақтамберді жырау жайында бұрыннан білетін ақпараттарын жинақтауды ұсынады.
Ақтамберді жырау жөнінде не білеміз?

Постер
Маркер

Мағынаны тану кезеңі
22 минут Жеке, жұптық және топтық жұмыс:
1).Мұғалім оқушыларға мәтінді жеке оқуды ұсынады. Өзара жұпта, топта талқылайды. Топ ішінен баяндамашы шығып, жобаны қорғайды.

Жеке, жұптық және топтық жұмыс:
1).Мәтінді жеке оқиды
Жұпта және топта талқылайды.
Ақтамберді жыраудың өміріне, шығармаларына қатысты тың деректер айтады.
2) I топ: Ақтамбердінің өмірі шығармашылығы жөнінде деректер
II топ: «Күлдір, күлдір кісінетіп» толғауының тақырыптық, идеялық ерекшелігі, құрылысы
III топ: «Күлдір, күлдір кісінетіп» толғауының көркемдік ерекшелігі Оқулық
Постер
Маркер
Ой толғаныс
8 минут «Тұжырымдылық кесте» сызбасы
Жүзеге асыру қадамдары:
1 -қадам: мұғалім үлкен қағазға кесте-сызба дайындайды :
Салысты
рылатын нысан Туған жылы Туған жері Толғау
лары
Доспам
бет жырау Ақтам
берді жырау

2 -қадам: оқушылар кестені білетін мәліметтері негізінде толтырады;

3-қадам: Берілген кестені жұпта, топта талқылайды.

Үйге тапсырма2 минут
178-182-бет
Ақтамберді толғауларынан үзінді өлеңін жаттау Үй тапсырмасын жазып алады. Оқулық
Бағалау
3 минут  Жиынтық (суммативті) баға қою Формативті бағалау  
 
Шілдебаева Жанар Төлешбайқызы
Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Аққұм ауылы
Жалағаш ауданы