План урока на тему Сутекті? ?асиеттері,?олданылуы 8 сынып


Cабақтың тақырыбы: Сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы.
Сабақтың мақсаты:а) білімділігі:Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттерін естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы сутегінің қасиеттері туралы жаңа білім беру, сутегінің қолдануы жөнінде түсінік беруә) дамытушылығы:Оқушылардың химиялық элемент туралы алған білімдерін толықтыру, есептер шығарту арқылы білімдерін дамыту
б ) тәрбиелілігі:Оқушыларды дұрыс шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылық-тарын ояту ,белсенділігін арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрліСабақтың типі: жаңа білімді меңгертуСабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөліміа) оқушылармен сәлемдесу.ә)оқушыларды түгендеу.б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Сутек-химиялық элемент және жай зат» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
1.Сутектің химиялық таңбасы?   а)Н в) С с) О2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?
а) 25%  в) 32% с) 92%3.Cутектің судағы массалық  үлесі қанша? а) 10% в)11% с)12%4.Сутекті ең алғаш ашқан ғалым?
а) Ломоносов в)Менделеев с)Кавендиш5.Сутек латынша қандай мағына береді?
а) су тудырушы в)су тасушы   с)қопарғыш газ6.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы?
а) белсенді металдан в) электр тогы арқылы с)айдау арқылы7.Сутекті алу үшін қолданылатын аспап?
а) Кипп аппараты в) отбақыраш с) құтылар8.Отын ретінде қолданылатын элемент? а)көміртек  в)оттек  с) сутек9.Сутектің салыстырмалы атомдық массасы? а) 2   в) 1  с)310.Сутекке «гидрогениум» деген ат берген қай ғалым?
а) Кавендиш в) Лавуазье с)Пруст
Тест жауаптары1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
а с в с а в а с в в
Деңгейлік тапсырмалар беріледі.1 - деңгейСутектің алыну жолдарын жазыңдар. Арнайы құрал - Кипп аппаратының құрылысын айтып беріңдер.2 - деңгейРеакция теңдеулерін аяқтаңдар.K+H2O= Ba+ H2O=AI+HCI= Ғе+H2SO4 =3 - деңгейМассасы 3, 2 г магний сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм магний хлориді түзілетінін есептеңдер.
III. Жаңа сабақҚалыпты жағдайда сутек түссіз, иіссіз, суда нашар ериді, жеңіл, жылу өткізгіштігі өте жоғары. Газ күйінде сутек жеңіл болғандықтан, стақанның аузын төмен қаратып жинап, оны екінші ыдысқа құюға болады. Резеңке шарды сутекпен толтырса, ол жоғары көтеріледі. Сутекпен толтырылған сабын көпіршіктері жоғары қарай ұшады (26-сурет).Сутек ауадан 14,5 есе жеңіл. Сутек - барлық газ күйіндегі заттардың ішіндегі ең жеңілі. Газтектес заттардың ішінде сутектің жылуөткізгіштігі өте жоғары. Зонд шарларды сутек газымен толтырып, метеорологиялық аспаптарды қажетті биіктікке көтеру арқылы ауа райын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Сутек молекуласының құрылысы қарапайым болғанымен, едәуір берік қосылыс. Қыздырғанда сутек оттекпен шабытты әрекеттесіп, көп жылу бөлінеді. Жану нәтижесінде су түзіледі:
2Н2 + О2 = 2H2O + 572 кДж
Күкіртті балқыта отырып, оған сутек газын жіберсе, шіріген жұмыртқаның иісіндей иісі бар күкіртсутек газы бөлінеді:
Н2 + S = H2S↑
Сутек газы хлормен әрекеттесіп, өткір иісті хлорсутек газын бөледі:
H2 + Cl2 = 2HClСутек басқа да бейметалдармен және металдармен реакцияға түседі. Қыздырғанда белсенді металдар: натрий Na, кальций Ca сутекпен әрекеттесіп, гидридтер түзеді:
2Na + H2 = 2NaH
Ca + H2 = CaH2
Сутектің металдармен әрекеттесуі арқылы алынған металл гидридтері – қатты заттар.
Сутектің күрделі заттармен әрекеттесуі. Металл оксидтерімен сутектің әрекеттесуі, оның маңызды қасиеттерінің бірі.
CuO + H2 = Cu + H2O
Сутектің қолданылуы. Сутектің қолданылуы, оның жанғанда көп жылу бөлінетіндігіне негізделген. Әсіресе экологиялық таза отын ретінде сутектің болашағы зор. Себебі сутек жанғанда түзілетін өнім – су ауаны ластамайды. Сондықтан да сутекті келешектің отыны деуге болады. Әзірше сутекті көп мөлшерде метан мен судан алу қымбатқа түседі.
Сутек металл пісіруде және кесуде пайдаланылады. Сутек – бағалы химиялық шикізат. Тұз қышқылы, метан, аммиак тәрізді маңызды заттар алуға қолданылады. Ол сұйық өсімдік майларын қатты майға айналдыру үшін қажет. Металл оксидтеріне сутекпен әсер етіп, таза әрі қиын балқитын металл алуға болады.
Мұнай өдеу саласы мен мұнай химиясы өнеркәсібінде де сутек көп қолданылады.
IV. Бекіту I. Химиялық диктантҚалыпты жағдайда сутек....,...... газ. Сутек ауадан...... Сутектің..... өте жоғары. Ол суда.... ериді.
Керекті сөздер: жылу өткізгіштігі, иіссіз, түссіз, жеңіл, аз.II. Мына заттардың бір - біріне айналу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар: H2O→ H2 →HCI→ AICI3
2H2O = 2H2 +O2H2 +CI2 = 2HCI2AI+6HCI = 2AlCl3 +3H2
IІІ.Графикалық диктант. Жауаптардың белгіленуі Сұрақтарға «иә» ˆ «жоқ» -
1.Жеңіл газ2.Ауыр газ3.Жанғыш газ4.Ауаны ығыстыру арқылы жинайды5.Ауадан жеңіл6.Түсті газ7. Түссіз, иіссіз газ8.Төңкерілген ыдыста жинайды9.Жануды қолдайтын газ10.Оттекпен қосылғанда қалыпты қопарылыс береді.
Жауаптары:  ˆ-ˆˆˆ-ˆˆˆˆ
V. Үйге тапсырма. §31-32 №4, 5, 6, 8 есептер 87 бет
VI. Бағалау.