Презентация на тему Су бар жерде тіршілік бар


Батыс Қазақстан облысыБөкей ордасы ауданы Сайқын ауылыМ-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: «Су бар жерде – тіршілік бар» Ортаңғы топ тәрбиешісі: А.Ф. Абдрешова Білім беру саласы: Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тақырыбы: Мақсаты: Танымдық, шығармашылық Экология Балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, табиғат сыйы туралы жан – жақты мәлімет беру, табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятып, оның ғажайып сырларын ұғынуға үйрету, судың денсаулыққа пайдасы туралы жан- жақты түсінік беру, суды берекетсіз төгіп шашпай, сақтай білуге тәрбиелеу Су бар жерде – тіршілік бар Көрнекі құралдар: Табиғатқа байланысты суреттер, стақан, тұз, қант, мұз, қар, аялдамалардың аттары жазылған қағаздар. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, тәжірибе Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті Мотивациялық қозғаушы Сәлематсыздар ма, балалар ! Мен сендерді көргеніме қуанып тұрмын. Ал , кәнекей, қол ұстасып шаттық шеңберіне тұрайық.Келген қонақтармен сәлемдесейік.ЕркенұрКүннің көзі ашылып,Көкте шуақ шашылып,Құтты қонақ келіпті,Төрімізге еніпті,Амандасу үлкенге,Тәрбиенің басы ғой.Ал, кәнекей бәріміз,Сәлем дейміз үлкенге.Ал енді өзіміз бір – біріміз амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме? Сабақтың барысы: Күлім қағып қолымды,1,2,3 деп соғайын.Қарап тұрған көршіме,Мен қолымды бұлғайын.Жылы, жылы сөзбенен,Маңдайыннан сипайын,Жылы, жылы сөзбенен.Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бер қысайын.Құшақтасып өзіңмен,Амандасып алайын.Балалар, сіздерге көп – көп рахмет. Енді бәріміз орындарымызға отырайық.-Қазір жылдың қай мезгілі?-Қыс айларын атайық. Балалар қимылмен көрсетіп істейдіҚысЖелтоқсан, қаңтар, ақпан. - Бүгін нешесі? - Кім қыс туралы өлеңдер біледі?ЕркенұрНеткен суық қыс деген.Қалтырайды құс деген.Құлақшынды кимесең,Құлағынды тістеген.АлфинураНеткен қызық қыс деген,Бәрін шебер істеген.Бақша - бауды,тауды да,Бояған ақ түспенен.? - Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер болады??- Балалар, табиғат нешеге бөлінеді?? – Оларды атаңыз. Желтоқсанның 24-іКүн суытады, су қатады, аяз, боран болады.Қар жауады.ЕкігеТірі табиғат, өлі табиғат. /Суретпен жұмыс жүргізіп өту/ Балалар сендерге бір жұмбақ жасырамыз, сендер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табамыз. Нұрхан Аяғы жоқ, қолы жоқ,Бірақ тыныш тұрмайды.Сақтамасаң қорын тек,Барша тірлік қурайды.Бұл не?Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Су бар жерде – тіршілік бар». Су Қазір біздер саяхатқа шығамыз.Саяхатқа су көліктерінің бірі яғни өзімізге жақсы таныс кемемен шығамыз. /Суретін көрсету/ Бәріміз тату, тыныш отырып саяхатымызды бастайық.Кемемен алғашқы аялдамаға жеткенше су туралы білетін тақпақтарымызды айтып отырайық.БалайнаСылдырлайды мөлдір су,Мөлдір суға қолын жу.Жуынсаң сен әрдайым,Аппақ сенің маңдайың,Тазалықтың досы, Су дегенің осы. Жарайды Ізденушілік – ұйымдастырушылық  ГүлизарСу табиғат байлығы,Өзен – көлге барғайсың.Су тіршілік негізі,Сондықтан оны қорғайсың.  Жаңбырдың жаууы үшін де, егіннің жақсы өсуі үшінде, кемелер жүзуі үшін де, тамақ үшін де, тазалық үшін де су керек екен, яғни Су өмірдің нәрі, Су бар жер де тіршілік бар.І–ші аялдама « Су – өмірдің нәрі»? – Күн сайын суды не үшін қолданамыз??- Сусыз адамдар, өсімдіктер өмірсүре ала ма? Жуынамыз, ішеміз, тамақ пісіреміз.Жоқ. Сусыз адамдар да, өсімдіктерде тек бірнеше күн ғана өмір сүреді. ? – Ал, мынау не балалар?- Оны суармасан не болады? - Өсімдік бөліктерін ата?   - Барлық тіршілік үшін не керек?? – Су тағы не үшін керек?    - Жер шарының көп бөлігін ащы су алып жатыр, тек кішкене бөлігі ғана тұщы су. Бөлме өсімдігі.Солып, жапырағы түсіп қурар қалады.Сабағы, жапырағы, топырақта тамыры бар Су, ауа, жарық керек.Су шынығу үшін керек, су жолымен жүк тасиды, адамдар мақта, күріш, егіс , бау – бақша суарады. ІІ – ші аялдама«Су қайдан келеді?»Су туралы ертегіні слайдтан көрсету.Міне, балалар су қандай ұзақ және қиын жолмен келген. Сонымен адамдар үшін сондай қымбат не екен?ІІІ – ші аялдама«Тәжірибе» Бұл аялдамада сумен жақынырақ танысамыз.-Міне, менің қолымда стақанға құйылған не бар?-Оның иісі, түсі, дәмі бар ма?-Оған бір қасық тұз салып араластырамыз. -Тұз қайда кетті?-Судың дәмі қандай?-Судың түсі жоқ дедіңдер. -Ал, оған мен бояу құйсам не болады? Су СуЖоқЕріп кеттіДәмі ащы болдыСу неше түрлі түске боялды -Су неше түрлі күйде болады?-Қар мен мұздың су екенін қалай білесіздер?/Стақанға мұзды салып ерігенін көрсету/ІҮ – ші аялдама«Тиым сөздер» Ал балалар суға байланысты қандай тиым сөздер, мақалдар білесіздер?Тиым сөздерЛунараСуға түкірме. Судың да сұрауы бар. Суды берекетсіз, төгіп шашпа.Мақал – мәтел НұрбекСу – анасы бұлақ. Сулы жер, нулы жер. Су үш түрлі күйде болады. Сұйық, бу, қатты.Ерітіп білуге болады. Сергіту сәті ГүлизарБұлақ көрсең, көзін аш. Су тіршілік көзі. Балалар бағанадан бері судың пайдасы , жақсы жақтарын айттық. Енді « Жақсы – жаман »деген ойын ойнайық.Жақсы жағын айтқанда қол шапалақтаймыз, жаман жағын айтқанда аяқ тарсылдатамыз.Жақсы: Тазалықты сақтаймыз. Тісімізді, қолымызды жуамыз.Тамақ пісіреміз.Жаман: Суық суға жуынсақ ауырып қаламыз. Суық су ішуге болмайды.Су тасқыны болса, көп шығын болады. Ү- ші аялдама«Ғажайып алаңы» Жұмбақтар шешу. Қанаты бар ұшпайды,Су астында қыстайды.Бұл не? /балақ туралы қысқаша айтып өту/ Су бетінде қалқиды,Адамдарды әрлі – берлі тасиды.Бұл не? Олай болса балалар «Ғажайп алаңына» барып жұмыстанамыз.І топ.Қайықшаның суретін салады. БалықКеме Қорытынды ІІ топ. Желкенді қайықтың суретін жапсырады. ІІІ топ. Қиылған геометриялық фигуралардан қайықты құрау. ІҮ топ.Ақ қағаздан кеме жасау. Балалар не туралы әңгіме айттық?Оқу іс – әрекетімізді су туралы тиым сөздермен аяқтайық: Суымыз мөлдір,Ауамыз таза,Түніміз тыныш болсын ! – деп сабағымызды аяқтаймыз. Су туралы. Суды қайнатып ішу керек.Қайнамаған суды ішуге болмайды.Суды ластама. Сау болыңыздар. Күтілетін нәтиже: Білуі: Білді: Судың негізгі қасиеттерін білуі Балалардың халқына, еліне деген сүйіспеншілік Меңгерді: Өз беттерімен анализ жасап, қорытынды шығаруды, меңгерген білімдерін шығармашылық жұмыста қолдана біледі.