Жас маман 50 саба??а кіру


№5 орта мектеп
Жас маманның «50 сабаққа қатысу» туралы
(эссе)
Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі-
Бакеева П. А.
2015-2016 оқу жылы
Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын.  Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі.  Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына,  олардың жан- жақты дамуын, рухани  бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.   

Мектебіміздегі деңгейлік курс бойынша ұстаздардың ұйымдастырған коучинг,сабақтары нәтижесінде курс төңірегінде жалпы мағлұмат алып, оқыту тәжірибелерімен бөлістім. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты ойлаймын. Өз іс - тәжірибемде оқу мен оқытуда сан - қырлы әдіс - тәсілдерді қолдануға болатындығын білдім. Оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер мынадай бағыттарды қамтыды: жоспарлауда, сабақ мақсатын белгілеуде, ұйымдастыруда, бағалауда, қортытындылауда, кері байланыста. Мен дәстүрлі оқыту мен кембридж тәсілімен оқытудың айырмашылығы ерекше екенін байқадым. 50сабаққа кіру барысында кембридж бітірген мұғалімдер; Баймурзина Г. К, Қаналина Г. Н, Загитова Мейрамгүл апайлардың сабақты ұйымдастыру, сабақ түсіндіру, бекіту, қортындылау тәсілдері көңілімнен шықты. Кембридж тәсілімен оқытуда топтық жұмыс жиі қолданылады екен. Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артатынын, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінетінін және өз үлесін қосуға талаптанатынын түсіндім. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Тағы бір түсінгенім бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім тек бағыт беруші екен. Топпен жұмыс жасау дағдылары кейін есейген кезде де қажет болады деп есептеймін. Себебі күнделікті өмірде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан өз пікірлерін, көзқарастарын және басқалардың ойларын дәлелдей біледі. Сондықтан мен топтық жұмыс өте маңызды деп шешіп, болашақта өзімді де, оқушыларды да өзгертемін деп ойлаймын.
Дәстүрлі оқытудың идеясы дайын білім беруге негізделген секілді. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, шәкірттерімізге тиімді жақтарын қарастырып отырғанымыз тиіс.
Осы 50 сабақ барысында өзіме жинақтаған тәжірибем;
Сабаққа дайындалу деңгейім артты,
Шығармашылық деңгейім шыңдалды,
Топтық жұмыстың тиімді екенін түсіндім.
Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсатым- «Білім игеру - өмір бойғы үздіксіз процесс» деген ұстанымды қалыптастыру!