Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыс


7-cынып.
Сабақ тақырыбы: §§24, 25. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.Uniformly and not uniformly moves.
Speed .
Сабақ мақсаты:
1. Бір қалыпты және бір қалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық, жылдамдық бірліктері туралы түсінік алуға жетелеу.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
Материялық нүкте деген не?
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға туелді бола ма? Мысал келтіріңдер.
Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?
Орын ауыстыру деп нені айтады?
Жүрілген жол дегеніміз не?
.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек.
υ=ℓ/t
Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.
S=υt


ІІІ. Пысықта
Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.
Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?
Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

IV. Есептер шығару.
.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §§24, 25. 7-жаттығу. №3, №4.