Открыйтый урок по компьютерному графику «CorelDRAW-да?ы графикалы? бейнелер»


Пән: Кәсіби компьтерлік программалар
Курс:2 курс,9 сынып
Мамандығы:Дизайн
Пән аралық байланыс: Компазиция,Жобалау графикасы
Тақырып: CorelDRAW-дағы графикалық бейнелер
Дидактикалық міндеттері
-Білім берушілік :Оқушыларға расторлы және векторлы бейнелер айырмашылығын меңгерту,векторлы бейнемен жумыс жасау ерекшеліктерімен таныстыру
-Тәжірибелік: Кәсіби шығармашылық жұмыстарға бағыттап сауатты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Векторлы бейнелерді көркем өңдеудегі әсемдікке және шеберлікке баулу.
-Дамытушылық: Векторлы бейнелерді әсемдеп безендіру және оларды шығармашылық бағытпен өздерінің ойлау қабілеттерін әрі қарай дамыту,қиялдарын кеңейту.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Компьютер,графикалық программалар (CorelDRAW),арнайы қағаз түрлкрі,фото принтер,бірнеше нобайлар мен векторлы графикалық суреттер үлгілері (электронды)
Сабақтың барысы
-Ұйымдысастыру кезеңі: Кезекшілік көмегімен жоқ оқушыларды тексеру.Оқушы назарын жаңа тақырыпқа аудару,қызықтыру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті: Оқушыларға CorelDRAW редакторының ең қажетті де қызықты құралдар түрлерімен таныстырып олармен жұмыс жасау ерекшеліктерін үйрету.
-Жаңа білімді қабылдауға даярлық(кіріспе):
Графикалық программалармен жұмыс жасау өте қызықты әрі шыдамдылықты талап ететін әдіс.Сондықтанда бейне өте әдемі және сапалы болу үшін тәжіриебе кажет.Бірақ векторлы графикалық бейне дайындау барысында әр адымды кезегімен орындасақ және әдемі бейнелерді үйлесімді орналартыра білсек, әрине бізде өзіндік ерекшелігі бар әдемі графикалық жұмыс шығатыны анық .
-Жаңа білімді хабарлау:
Алдымен жаңа құжат ашамыз,оның өлшемі халықаралық стандартты А4 фарматты болуы тиіс.Оны ақ түске қалдырамыз. Қажетті нобай үлгісін таңдаймыз,ашамыз(құжатты ашқанда импорт арқылы ашқанымыз жөн болады)Енді бейнені ашқанан соң үстінен,безе құралынын таңдай отырып, суреттегі жиектерді шамалап белгілеп шығамыз.Әр детальді яғни бөлшектерді жеке-жеке белгілеп әр бөлшекпен жеке жұмыс жасаймыз. Белгілеп болған соң жиектерді Форма F10құралымен өңдейміз.Әр жиекті белгілеген кезде редактор терезеінің жоғарғы панелінде қжетті операциялар пайда болады сол операциялар ішінен керек түрін таңдап нобайдағы бейненің жиектеріне келтіріп отырамыз.Дәл осы бағытпен әр жиекпен бейненің әр бөлшегімен жұмыс жасаймыз.
Кезекті орындайиын тапсырма ол осы белгіленген дайын бөлшектерді қажетті түске бояу.Мұнда да әр юөлшекпен жеке жеке жұмыстанамыз.Бояу түрлері CorelDRAW редакторында өте көп әрі олармен жұмыс жасау да қызықты,өйткені әр бояу түрінде өзіндік қасиеттерімен ерекшелітері сан алуан. Сонымен қатаржиектерді өзгертуге де әбден болады.Және осы редактордың перетыкание,тень,искажение,контур сияқты құралдарын пайдалануға болады.Барлық белшектермен жұмыстанып болған соң оларды біріктіреміз оң жақ мышканы басып групперавать камандасын қолдану арқылы.Жқмысымыздыаяқтаған соң Файл,сохранить как камандалар көмегімен JPEG форматымен сақтаймыз да қажетті форматқа басып шығарамыз.(сапалы әрі әдемі шығу үшін,жылтыр және қатты фотоқағазға шығарған дұрыс болады)
Практикалық жұмыс.
Компьютерлік графикалық программалармен еркін жұмыс жасау,әр адымды жеттік меңгеру.
-Практикалық жұмыс тапсырмасы:
Компьютерлік грфикалық програмаларды қолдану әдіс-тәсілдерін меңгере отырып үстел үстіне қоятын әдемі күнтізбе дайындау.
Сабақтың өту барысында әр оқушыға жеке барып, қателерін түзеп, дұрыс бағыт көрсету.
( демонстрациялық әдіс )
-Бекіту.
1.Векторлы графикалық бейне дайындауға қандай графикалық прогроммалар ыңғайлы?
2. CorelDRAW- да векторлы графикалық бейне дайындау процесін айтып беріңіз?
-Қорытынды.
Байыппен жасалған әрі біраз жұмысты талап еткен затты жасай білу үлкен шеберлікті көрсетеді.
-Үйге тапсырма.
Сабақ барысында жасалған жұмысты қайталап,өз ойларыңды қосып,бірнеше векторлы графикалық бейне үлгілерін дайындап келу.