Физика жоспар Таби?ат ж?не адам.Физика-таби?ат туралы ?ылым (7 сынып)


Хайруллина Саяш Ермекқызы «әл-Фараби» мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі.Петропавл қаласы.СҚО
Сабақтың тақырыбы § 1. Табиғат және адам.§ 2. Физика- табиғат туралы ғылым.
Сабақтың мақсатын ашу үшін оқушылар-ды 4 топқа бөлемін
Қыс,Көктем,Жаз,Күз (өз айлары бойынша бөлінеді,әр топта оқушы санының бірдей болуы шарт емес)
Мақсаты:
Сабақ түрі:
Әдіс-тәсілдер:
Мағынаны ажырату
Рефлексия
Үйге тапсырма: Тапсырма:Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне байланысты сурет салып сипаттама береді және сұрақтарға жауап береді.(суреттер тақтаға ілінеді,әр топ суреттерге саяхат жасап,суретті толықтыруға болады)
Бұл жыл мезгілінің ерекшелігі неде,яғни қандай құбылыстар болады?
Осы жыл мезгілдерінің болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?
Жыл мезгілдерінің ауысуы неге байланысты?
Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы табиғатта болатын өзгерістер мен құбылыстарға анықтама беріп олардың себептерін анықтайтын,зерттейтін пән туралы айтамыз.
Жаңа білімді игеру
СТО (бес жол өлең,галереяға саяхат)
«Табиғат» деген сөзді қалай түсінеміз?
Қоршаған орта жыл мезгілдері
ТАБИҒАТ

ағаш тау,өзен

Ай,Кун,жұлдыз құстар бұлт
Физика-табиғат екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені физика-табиғат туралы ғылым.Оны алғаш рет айтқан грек ғалымы Аристотель болған,одан соң осы физикаға көп еңбегін сіңірген ғалым Абу Насыр әль-Фараби бабамыз болған.
Табиғат туралы қандай мақал-мәтел білеміз.
Табиғатты тек қана физика емес басқа да ғылым салалары бар,қане қай пәндерде сендер табиғат байлықтары, табиғаттағы өзгерістер,адам ағзасындағы табиғатқа байланысты өзгерістер туралы өтесіңдер?
География,биология,химия табиғатты зерттейтін ғылымдар қатарына жатады.
Физика ғылымының мақсаты-табиғатта болып жатқан құбылыстарды зерттеп оларды бір түсіндіретін заңдылықтар ашу.

Ой картасын толтыр
Физика не туралы ғылым? 1.Табиғат
2.Адам ағзасы
3.Пайдалы қазбалар
«Фюзис» сөзі қандай мағына береді? 1.Адам
2.Табиғат
3.Ғылым
Физика ғылымының «алғашқы ұстазы» кім? 1.Әл-Фараби
2.Аристотель
3.Демокрит
Физика пәнінің мақсаты не? 1.Табиғатты зерттеу.
2.Табиғаттағы құбылыстарды түсіндіретін заңдылықтар ашу.
3.Табиғаттағы құбылыстарды ашу
Табиғат,физика сөзіне бес жол өлең жазу
Схемасы:
1.Не?
2.Қандай,қай?
3.Не істейді,қайтеді?
4.Сөйлем (4 сөзден)
5.Синоним
§1,2 оқу.Табиғат,оны қорғау туралы мақалдар жазып келу.