?ызы?ты ойын Заттар ?леміне саяхат?


№6 Вариативтік компонент «Қызықты ойын» технологиялық картасы
Тобы: ІІ кіші
Тақырыбы: «Заттар әлеміне саяхат»
Мақсаты:Топ бөлмесіндегі көптеген әр түрлі заттарға балалардың назарын аударту. Олардың нақты атаулары мен қасиеттерін балалар біледі ме, жоқ па соны тексеру. Балаларға түрлі жағдайларда және күнделікті өмірде оларды дұрыс пайдалануға дамыту.
Көрнекі құрал: орындықтар
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Сәлеметсіздер ме, балалар!
Шаттық шеңбері
Күнге қарайық,
Шашымызды тарайық
Керіліп дем алайық
Бойымызды жазайық
Секірейік, жүгірейік
Қуанайық, күлейік
Отырайық, дем алайық
Дем алып ап, жүрейік. Шаттық шеңберін құрады. Қимылдарды орындайды.
Балалар қызығушылық танытады.
Ұйымдастыру
Іздестіру Балалар, бүгін біз «Заттар әлеміне саяхат» ойынын ойнаймыз.
Ол үшін біз саяхат жасаймыз. Қараңдаршы, біздің бөлмемізде қандай жиһаздар бар?
Қалай аталады, ол не үшін?
Жиһаздың айырмашылықтары неде?
Саяхатымызды мына жерден бастайық. Заттар әлеміне келгендей боламыз. Саяхатшылар дайындалыңдар! Кеттік!
-Мынау не?
-Неліктен заттар әлемінде кішкентай орындық?
-Кім мұнда тұрады?
-Саяхатшылар сендер орындық екенін қайдан білдіңдер?
Балалар орындықты алып, жақсылап қараңдар!
Орындықта не бар?
-Саяхатшылар дұрыс жауап бердіңдер! Ал сендер қалай ойлайсыңдар: Орындықтар сөйле ме, қуана ма, шағымдана ала ма?
Қалайша?
Қазір білеміз!
Әрбіреуі бір – бір орындықтан алып, бөлменің басқа бір бөлігіне апарып, оған отырады.
Міне, орындықтар өздері туралы және сендер туралы айтып берді. Біреулер балалардың дұрыс тиянақты, ұқыпты, тарсылдатпай, сүйретпей қойғанына қуанса, енді біреулері осы жасалған қылықтарына ашуланды. Орындықтарды енді ренжітпейік және ұқыпты қолдана білейік. Осылайша, басқа заттардың да сырын ашып ойнауға болады.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Дайындалады.
«Заттар әлемінде» кішкентай балалар тұрады.
Орындықты қарайды және оның негізгі бөліктерін белгілейді. (4 аяғы, арқалығы, отыратын тақтайшасы)
Балалар орындықты әртүрлі тасиды: біреуі тиянақты арқалығынан ұстаса, енді біреуі сүйреп, біреуі тарсылдатып қойып, құлап сүрініп отырып, басқалары тиянақты отырып, ары қарай не боларын асыға күтуде.
Балалар, бүгінгі ойынымыз осымен аяқталды. Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: «Заттар әлеміне саяхат» ойынын
Түсінеді: Тақпақты
Қолданады: орамалды