С?йлем со?ына ?ойылатын тыныс белгілері


Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілеріСабақтың мақсаты:1. Білімділік мақсаты: Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тыныс белгілерінен алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.2. Дамытушылық мақсаты: Түрлі тапсырмалар, танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.3. Тәрбиелік мақсаты: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушыларды елжандылыққа, еңбекқорлыққа, жылдамдыққа үйрету, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Топтастыру, семантикалық карта, сұрақ - жауаптарКөрнекілігі: қима қағаздар.Сабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгелдеп, кезекші мәліметтерін тыңдап, оқушы назарын сабаққа аудару.Оқушылар, біз бүгін тыныс белгілерінен өткендерімізді еске түсіреміз.Үй тапсырмасын бекіту.“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады«Мен тыныс белгісімін» қойылымыІлебай: Сен неге осы айғайлай бересің?Сөйлемге қандай мағына бересің?Жөн - жосығыңды түсіндірші,Жазуда қандай жерде келесің?Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,Қуана да, күле де білмеймін.Кейде өкініп, ренжісем де,Көбінесе - ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.Әр іске көңіл күйін білдіріп,Табысымызға таңданып,Шаттана күлем!Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,Сондай сөйлемдердің соңында келем.Нүкен мен НүктеНүкен: Ей, кішкентай ғана Нүкте!Сенің осы керегің жоқ - ау түкке!Керек болсаң айта қойшы,Сырыңды менен бүкпе.Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,Солында емес, оңында тұрам.Сөйлемдердің жігін ажыратып,Кідіріс белгісі орнында тұрам.Оқулықпен жұмыс- жаттығуӨлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тапҮйге тапсырма: «Тыныс белгілер әлеміне саяхат». Өздері қалаған тыныс белгісіне ертегі құрау.- Жаттығу ( ауызша )Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдерді тауып айт- ЖаттығуҮйді құрылысшы салады ма? - Үйді құрылысшы салады.- Керіктің мойны ұзын ба? - Керіктің мойны ұзын.- Дәрігер ауруды емдейді ме? - Дәрігер ауруды емдейді.Сергіту сәті- жаттығуСуреттер бойынша әңгіме құрау1 - сурет Күні бойы доп ойнап шаршаған Еркін сабағына дайындалмастан ерте ұйықтап қалды. Сабаққа киетін киімдерін әзірлемеді.2 - сурет Еркін таңертең кеш тұрды. Әр киімін әр жерден іздеп, әрең тапты.3 - сурет Еркін сабаққа кешігіп келді. Ол бұл қылығына қатты ұялды.Сәйкестендіру тесті------------------------------ Қасқырдың төлі не?------------------------------ Мал жайылды.Хабарлы сөйлем ------- Жүйрік озадыСұраулы сөйлем ------- Мысық қалай дыбыстайды?Лепті сөйлем ----------- Өркенің өссін, қарағым!------------------------------ Тау алыстан көрінеді.ҚорытындыБілімді бекітуге арналған тест сұрақтары1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?А) 2 ә) 3 б) 42. Сұрауға жауап болып келетін сөйлемнің түріА) сұраулы ә) хабарлы б) лепті3. Лепті сөйлем дегеніміз не?А) білі және жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлемӘ) адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемБ) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісіА) лепті ә) хабарлы б) сұраулы5. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап:Қуану, ренжу, өкіну Ұранды да айтамынМақсатым соны сездіру Қарқындап барып қайтамынА) нүкте ә) сұрау б) леп6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгілеА) көтерді ә) неге б) айтпа7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгілеА) барма ә) сүртпе б) бар ма8. Сұраулы мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?А) бірқалыпты ә) бәсең дауыспен б) көтеріңкі дауыспен9. Лепті сөйлем қандай мағына білдіреді?А) сұраулық ә) лептік мағынаны ( өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)Б) біреу, бірнәрсе туралы хабарлау10. «Тұр орныңнан!» деген лепті сөйлем қандай мазмұнды береді?А) қуану ә) бұйыру б) ұран11. Лепті сөйлемде лептік мағынаны білдіретін сөздер қалай оқылады?А) көтеріңкі дауыспен ә) бірқалыпты б) бәсең дауыспен