Урок ?аза? тілі О?ашалан?ан ай?ындауыш 8-сынып


Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Оңашаланған айқындауыштар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік Сөйлемнің айқындауыш мүшелері, оңашаланған айқындауыштар туралы мағлұмат беру, сөйлемде белгілі бір тыныс белгілерімен ажыратылатынын түсіндіру.2. Дамытушылық. Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.3. Тәрбиелік. Жаттығулардың тәрбиелік мәніне назар аударту, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту. Ізгі қарым - қатынас негізінде тәрбиелеу.Сабақтың типі: жаңа білімді меңгертуСабақтың көрнекілігі: кесте, слайд, таратпалар, бағалау парақшалары, деңгейлік тапсырмаларСабақтың барысы.І. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу. Оқушы назарын сабаққа бағыттау.ІV. Жаңа материалды меңгеруге дайындық.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға етістік туралы түсіндіремін.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Айқындауышш
Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап,түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады.Осыны айқындауыш дейміз. Мысалы: Біздерге,қарттарға,жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш – қарттарға,ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр.Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындуыш – қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр

Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш

Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса,оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да,өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады.
Белгілері:
1. Түрлері
2. Анықтауыштан айырмашылығы
3. Оңашаланған айқындауышөзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады.
4. Тыныс белгілеріVІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру . 
Долы далада, қатуланған суық жүзді өгей далада, бұлар тағы да ұзақ жортты.Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға сызықша қойылады. 1928 жылы Қазақстандағытұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогика институты ашылды.Кейде оңашаланған айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда айқындауыштың екі жағынан сызықша қойылады. Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызғана да, тамашалай қараған еді.Біздің мектептің оқушылары, 8- сынып және 9- сыныптары, әрдайым аудан сайыстарына қатысуда. Бұларсыз – _____ – малды қыстан күйлі шығарам деген  бос сөз.
Еуропаның теңіздері: ______ – балыққа бай. 
Төреқұл өзінің ежелгі жұртында, _________, отыр екен.
Омардың үлкен ұлының, _____, елге жасаған жақсылығы өте көп.  
Абай бұл сырдың шет жағасын досына,  _______,  сездірді.
Құнанбайдың қасындағылар – ____ - осы сөзге тоқтасты.
Бізге, ______, үлкендер зор сенім артады.
Төменде, _____, сылдырап бұлақ ағып жатыр. 
Ұстазым ертең, ________, газет шығаруды тапсырды.
Жанат достарына – ______ –хабарласуды жөн көрдіVІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Жаттығумен жұмыс 
1Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөзді қандай мүше дейміз?2. Айқындауыштың неше түрі бар?3. Оңашаланған айқындауыш қандай сөйлем мүшесін айқындайды?4. Анықтауыш пен айқындауыштың айырмашылығы. 5. Айқындауыш мүшенің белгісіне жатпайтынын табыңыз.А) Бір сөзді заттық мағына жағынан айқындайды.В) Айқындауыш мүшенің екі жағынан үтір қойылады.С) Айқындауыш мүше сөйлемде сызықшамен ажыратылады.Д) Сөйлем мүшелерін айқындайды.Е) Сөйлем мүшесі бола алады
Білімдерін бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма
1. Айқындауыш, оңашаланған айқындауыштарды оқу, ережелерді жаттау.
2. 58-жаттығу
Рефлексия.- Оқушылар, бүгінгі сабақ өздеріңе ұнады ма?