Поурочный план И.Байза?ов «??ралай с?лу» поэмасы


Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: И.Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, өз беттерімен іздендіре отырып, қаламгердің ерекше талант иесі екенін таныту,шығарманың идеялық мәнін ұғындыру;
Сабақтың тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа,батырлыққа,елін шексіз сүюге, өнерлі болуға, өнерді сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту;
Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгеру;
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,талдау,түсіндіру,іздендіру;
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сынып тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;
А) Ғ. Мүсірепов «Боранды түнде»
Деңгейлік тапсырмаларды сұрау І,ІІ,ІІІ деңгей
Ә) Бағалау
ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру:
І. Ой қозғау:
1. И. Байзақов туралы не білеміз?
2. Қандай шығармаларын білесіңдер?
3. И.Байзақов кім?
ІІ. Мағынаны тану:
а) Өмірінен мәлімет беру:
1900 жылдың 5 қазанында Павлодар облысы, Ертіс ауданы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып 8 жасынан нағашыларының тәрбиесінде болып, әңгіме, ертегі тыңдап, домбыра үйреніп өнерге құштарлығы оянады. Он жасынан ақындық таланты қалыптаса бастады. Патша өкіметінің 1916 ж. жарлығына сәйкес, болыстар тізімінде 21 жаста болып, қара жұмысқа алынды. Туысында зерек, талантты ақын алған білімін өз творчествосында шебер пайдалана білді. 1925-1929 жылдары Тұңғыш ұйымдасқан қазақ драма театрында қызмет етті. Әміре, Қаныбек, Серке, Елубай сынды сахна саңлақтарымен қызметтес болды;
1929-1932 жылдары Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын Абайдың, Сұлтанмахмұттың, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен өз бетінше ізденіп танысты.
ә) Шығармаларымен таныстыру (слайд арқылы)
Иса Байзақов
Өлеңдер Әнге лайықтап жазған өлеңдері Әр кездегі шығармалары Поэмалар
«Біздің еңбек» Ақынның Желдірмелері 1-5 «Бауырым Ахметжан» «Құралай сұлу»
«Көктем» «Назқоңыр» «Екпін» «Ұлы құрылыс»
«Ұлы октябрь» «Кербез сұлу» «Қарқара жәрмеңкесіндегі жыр» «Алтай аясында»,т.б.
«Құттықтау» б) Топтастыру
Суырып салма – профессионал ақын эпик-ақын домбыра оркестрін ұйымдастырды

әнші Иса Байзақов кім? импровизатор

айтыскер
жазушы Еңбек қызыл ту орденімен марапатталды
композитор
в) «Құралай сұлу» поэмасы (шығарманы4-топқа бөліп беру)
1-тапсырма: Оқушылар кезектесіп мазмұндайды
2-тапсырма: Топтық жұмыс І топқа Әдеби талдау:
Авторы Тақырыбы Жанр түрі Негізгі идеясы Кезеңі,қай ханның тұсы Түйген ойың
ІІ топқа тапсырма Шағарманың композициялық құрылысына талдау:
Оқиғаның басталуы__________________________________________
Байланысуы_________________________________________________
Дамуы______________________________________________________
Шиеленісуі__________________________________________________
Шарықтау шегі_______________________________________________
Шешімі______________________________________________________
ІІІ топқа тапсырма Салыстыру:
р/с Арулар Батырлар
Құралай Баян Келден Қозы
1 Жыр түрі 2 Ұқсастығы 3 Өзіндік ерекшелігі ІY топқа тапсырма «Тұжырым кестесі»
р/с Кейіпкер Мәтіннен үзінді Ерекше қасиеттері Патриоттық сезімнің байқалуы
1 Монтай 2 Келден 3 Құралай 4 Ана 5 Сейқын Ой толғаныс
ІV. Сабақты бекіту:
«Жылдам жауап» (топтарға кезектестіріліп беріледі)
И.Байзақов қайда, қашан дүниеге келді?
Қандай шығармалары бар?
Әдебиеттегі орны қандай?
Поэмаларын ата?
«Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы не?
Шығармадағы ұнаған кейіпкер кім, қандай іс-әрекетімен ұнады?
Шығармадағы Сейқын кім?
Шығарма немен аяқталды?
Y. Оқушыларды бағалау
YІ. Қорытындылау, үйге тапсырма беру:
Шығарма мәтінін толық оқып шығу;
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Маған әсер еткен үзінді Менің өз ой-пікірім
Кейіпкерге хат